|
|
|
Жекелеген тауарлардың әкелінуі мен әкетілуіне шектеу енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1404 қаулысымен күші жойылды Қазақстан рыногын қорғау мақсатында және республиканың аумағына отандық тауар өндірушілерге айтарлықтай зиян келтіретін мөлшер мен жағдайда тауар әкелу көлемінің ұлғаюына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" заң күші бар Жарлығының 20 және 21-баптарына сәйкес жекелеген тауарлардың әкелінуі мен әкетілуіне мынадай уақытша шектеулер енгізілсін: 1-қосымшаға сәйкес тауарлардың әкелінуіне квота белгіленсін; 2-қосымшаға сәйкес тауарлардың әкетілуіне тыйым салынсын. 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Кеден одағы туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Келісімге және Ресей Федерациясымен арадағы Кеден одағы туралы 1995 жылғы 6 қаңтардағы Келісімге сәйкес Кеден одағына қатысушы мемлекеттерде шығарылған тауарларды қоса алғанда, жекелеген тауарлардың әкелінуін уақытша шектеу бойынша Қазақстан жағының қабылдап отырған шаралары туралы белгіленген тәртіппен консультациялар өткізсін. ҚР Үкіметінің 20.05.99 ж. № 593 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 30.12.99 ж. № 2027 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі: "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысымен бекітілген тәртіпке сәйкес осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес тауарларды әкелуге квоталарды бөлуді және лицензия беруді қамтамасыз етсін; 1999 жылғы шілде мен желтоқсанда, 2000 жылдың желтоқсанында жекелеген тауарларды әкелу мен әкетуді уақытша шектеудің нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат берсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін. 5. Осы қаулы ресми жариялауға жатады және жарияланған күнінен бастап 30 күн өткеннен кейін күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 желтоқсандағы № 1243 қаулысына 1- қосымша Қазақстан Республикасының аумағына әкелінуі кезінде квоталанатын тауарлардың ТІЗБЕСІ ҚР Үкіметінің 20.05.99 ж. № 593; 21.09.99 ж. № 1425; 30.12.99 ж. № 2027; 28.12.00 ж. № 1910 қаулыларымен тізбе өзгертілді ________________________________________________________________________ | СЭҚ ТН коды | Тауардың атауы | 2002 жылдың 31 желтоқсаны | | | | бойынша квотаның көлемі | |_________________|_______________________|______________________________| |7325 91 000, |Шарлар | 3000 тонна | |7325 99, |ұнтақтаушы; | | |7325 99 990 |басқалары; | | |7326 11 000, |шыңдалғандары; | | |7326 19, |басқалары | | |7326 19 100, | | | |7326 19 900 | | | |_________________|_______________________|______________________________| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 желтоқсандағы № 1243 қаулысына 2-қосымша ҚР Үкіметінің 20.05.99 ж. № 593; 21.09.99 ж. № 1425; 12.09.01 ж. № 1177 қаулыларымен тізбе өзгертілді Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілуге тыйым салынған тауарлардың ТІЗБЕСІ __________________________________________________________________________ | СЭҚ коды | Тауардың атауы |_______________|__________________________________________________________ | | |_______________|__________________________________________________________ |_______________|__________________________________________________________ |7602 00 110 |Ұсталық жаңқалар, кесінділер, сынықтар, фрезерлік | |өндірістің қалдықтары, кесуден қалған ұнтақтар мен | |қалдықтар; әртүрлі жабындысы бар немесе бекітілген, | |қалыңдығы (негізін қоса алғанда) 0,2 мм аспайтын | |тақталар мен бояулы фольганың қалдықтары |_______________|__________________________________________________________ |7602 00 900 |Сынықтар |_______________|__________________________________________________________ |7604 10 100 |Басқа металл қосылмаған алюминий шыбықтар |_______________|__________________________________________________________ |7605 |Алюминий сым |_______________|__________________________________________________________ |7503 00 |Никель қалдықтары мен сынықтары |_______________|__________________________________________________________
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |