Қазақстан Республикасында нотариаттық іс қағаздарын жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы (2010.30.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Әділет министрінің 2011 жылғы 23 тамызда № 294 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі «Нотариат туралы» Заңының 32-бабына сәйкес бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасында нотариаттық іс қағаздарын жүргізу жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін. 2. Аумактық әділет органдарының бастықтары: - Нұсқаулықты барлық нотариустардың оқып-үйренуін ұйымдастырсын және оның іс қағаздарын жүргізу жөніндегі практикалық қызметте дұрыс қолданылуын қамтамасыз етсін. - 1998 жылдың 1 қыркүйегіне дейін кітаптарды, журналдарды, бланкілер мен тіркеу мөртабандарын осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келтірсін және олармен барлық мемлекеттік нотариат кеңселерін қамтамасыз етсін. 3. Осы Нұсқаулықтың күшіне енуіне байланысты Қазақ ССР Әділет министрінің 1976 жылғы 3 наурыздағы № 3 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік нотариат кеңселерінде іс қағаздарын жүргізу туралы» Нұсқаулықтың күші жойылды деп есептелсін. 4. «Жекеше нотариус мөрінің уақытша ережесін және нобайын бекіту туралы» 1998 жылғы 25 мамырдағы № 61 Бұйрықтың 2-тармағының күші жойылды деп танылсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Заң қызметтерін ұйымдастыру департаментіне жүктелсін.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс қағаздарын жүргізу жөніндегі Нұсқаулық
I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Нотариаттық iс қағаздарын жүргiзу жөніндегі осы Нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) 6.38-72 Мемлекеттік Стандарттың ұйымдастыру-әкiмшiлiк құжаттарына қойылатын негiзгi ережелерi мен талаптары ескерiле отырып жасалған және нотариатта iс қағаздарын жүргiзудiң бiртұтас тәртібін орнықтырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|