|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 29 қарашадағы № 1455 Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. "Қазақстан Республикасы Президентінің Iс Басқармасының мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 29 қарашадағы № 1455 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: "Бурабай орман шаруашылығы Көкшетау облысы" деген сөздер "Бурабай" табиғи-сауықтыру кешенi, Солтүстiк Қазақстан облысы" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Мыналардың: "Бурабай орман-аңшылық шаруашылығының флорасы мен фаунасының қызметiн жақсарту және оны қорғауды күшейту туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1968 жылғы 5 тамыздағы № 496 қаулысының; "Бурабай орман-аңшылық шаруашылығын қайта атау туралы" Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң 1983 жылғы 27 мамырдағы № 235 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |