|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Iс Басқармасының мәселелерi туралы (2020.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасы Президентінің Iс Басқармасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 6 қарашадағы № 2600 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің Iс Басқармасы 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік бюджетте тұратын республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен өзге ұйымдарға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын уәкiлеттi орган болып белгiленсiн. ҚР Үкіметінің 2015.03.03. № 105 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасына мемлекеттік акциялар пакеттерін, мемлекеттік қатысу үлесін берсін және 2-қосымшаға сәйкес акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакеттерін, мемлекет қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі мемлекеттік қатысу үлесін иелену, пайдалану және басқару құқығын берсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
ҚР Үкіметінiң 04.07.97 ж. № 1057 ; 21.01.98 ж. № 27 ; 20.07.99 ж. № 1012 ; 15.11.01 ж. № 1451 ; 2006.06.01. № 25 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен; 2012.03.05. № 571 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 29 қарашадағы № 1455 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің Iс Басқармасына мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функциялары берiлетiн республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен өзге де ұйымдардың ТIЗБЕСI
Үкiмет резиденцияларының бiрiккен дирекциясы оның құрамы: Достық үйi Алматы, Құрманғазы көшесi, 40 Ыстықкөлдегi саяжай шаруашылығы Қырғыз Республикасы, Шолпан ата қаласы
«Арман» демалыс үйi, оның құрамында: Қазақстан Республикасының Үкіметі ғимаратындағы № 2 асхана Алматы, Республика алаңы, 13
«Алмалы» демалыс үйi, оның құрамында: «Бурабай» табиғи сауықтыру кешенi Солтүстiк Қазақстан облысы
Өндiрiстiк-пайдалану кәсiпорны Алматы, Парламент Үйi
Асхана Алматы, Парламент Үйi
Инженерлiк орталық Алматы, Парламент Үйi
Автобаза Алматы, Ш.Уәлиханов көшесi, 170
Демалыс үйi Алматы, Достық даңғылы, 302 «А»
Орталық аурухана Алматы, Панфилов көшесi, 139
Санэпидемстанция Алматы, Фурманов көшесi, 175
Балалар комбинаты Алматы облысы, Қарғалы поселкесi
«Қазақстан санаторийi» Медицина Орталығының Ессентуки филиалы Ресей Федерациясы, Ессентуки қаласы, Пятигорск көшесi, 44
Сочи қаласындағы Қазақстан Республикасының сауықтыру орындарын салу және пайдалану жөніндегі аумақаралық дирекциясы Ресей Федерациясы, Сочи қаласы, Бзугу көшесi, 4
Ыстықкөлдегi «Қазақстан» санаторийi Қырғызстан Республикасы, Шолпан ата қаласы
ҚР Үкіметінiң 10.07.01 ж. № 935; 15.11.01 ж. № 1451; 16.02.04 ж. № 178; 2005.26.01. № 64; 2006.06.01. № 25 (бұр.ред.қара); 2008.29.05. № 519 (бұр.ред.қара); 2009.23.06. № 975 (бұр.ред.қара) қаулыларымен; 2012.04.08. № 1023 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.03.03. № 105 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.24.12. № 859 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 940 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 29 қарашадағы № 1455 қаулысына 2-қосымша
Акцияларының мемлекеттік пакеттерін, мемлекеттік қатысу үлесін иелену, пайдалану және басқару құқығы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасына берiлетiн акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестірдің тiзбесi
«Алым» акционерлік қоғамы, оның құрамында: Өндiрiстiк база Алматы, Авангард көшесi, 264 Құрылыс-монтаж басқармасы Алматы, Лиза Чайкина көшесi, 3 № 2 автошаруашылық Алматы, Гагарин даңғылы, 236 «б» «Алатау» акционерлік қоғамы Алматы облысы, Каменка селосы, Горная көшесi, 470 «Алатау» қонақ үйі» ЖАҚ «Күйгенжар» AҚ» «Қазқұрылысжүйесi» АҚ «Бурабай даму» ЖШС
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |