|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "Халық денсаулығы" ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысымен күші жойылды "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 04.02.00 ж. № 166; 12.07.01 ж. № 952; 03.04.02 ж. № 397; 10.10.03 ж. № 1045 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Мына құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Үйлестіру кеңесі құрылсын: Досқалиев Жақсылық Ақмырзаұлы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi, төраға; Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi, төрағаның орынбасары; Диқанбаева Сәуле Әлкейқызы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi, хатшы; Ойнаров Азамат Рысқұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi; Шәмшiдинова Күләш Ноғатайқызы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрi; Лукин Андрей Иванович - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi; Досжан Ардақ Дүкенбайұлы - Қазақстан Республикасының Ақпарат вице-министрi; Нұрғалиева Еңлiк Нұрғалиқызы - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi; Әшитов Батыржан Зайырқанұлы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi; Оразбаев Бірлік Есiркепұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi; Тасболатов Абай Бөлекбайұлы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары; Өскембаев Қожамұрат Бейiсұлы - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi; Мусина Лилия Сәкенқызы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi; Исаев Батырхан Арысбекұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi; Қанағатов Елсияр Баймұхамедұлы - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi төрағасының орынбасары; Белоног Анатолий Александрович - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бiрiншi вице-министрi, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерi; ҚР Үкіметінің 10.10.03 ж. № 1045 қаулысымен 2-тармақтың күші жойылды 2. Үйлестіру кеңесі салааралық ынтымақтастық пен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі реформалардың мониторингін үйлестіруді күшейтуді қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |