|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы № 853 ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысымен күші жойылды "Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жақсарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 4 қарашадағы № 1654 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы № 853 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақта: Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Үйлестіру кеңесінің құрамына: Павлов Александр Сергеевич - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға; Омарова Мәрия Нұрғалиқызы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің төрайымы, төрағаның орынбасары; Ыбыраев Серік Ескендірұлы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрайымының бірінші орынбасары; Арын Ерлан Мұхтарұлы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым бірінші вице-министрі; Хандуев Анатолий Циренович - Қазақстан Республикасының Қарулы күштері Бас штабының Медициналық қамтамасыз ету департаменті бастығының міндетін атқарушы; Қуанышбаева Роза Сақтағанқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі; Нұрқиянов Төлеухан Мұратханұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі; Бектұрғанов Нұрәлі Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі енгізілсін; көрсетілген құрамнан: Көшербаев Қырымбек Елеуұлы, Рақыпбеков Төлебай Қосиябекұлы, Ыдырысов Нұрлан Ғабдоллаұлы, Ауанов Мырзахмет, Отаров Қадырхан Махмұдұлы шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |