|
|
|
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі № 995 қаулысымен осы қаулының күші жойылды ҚР Үкіметінің 26.05.00 ж. № 798; 25.01.01 ж. № 133 қаулыларымен кіріспе өзгерді Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 26.05.00 ж. № 798; 10.09.99 ж. № 1358 1 тармақ қаулыларымен өзгердi 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Аэроғарыш комитетінің ережесі; 2) 2. "Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының Ұлттық аэроғарыш агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 мамырдағы № 397 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 14, 119-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1131 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар сауда министрлiгінің Аэроғарыш комитетi туралы Ереже ҚР Үкіметінің 26.05.00 ж. № 798; 25.01.01 ж. № 133 қаулыларымен атауы және мәтінінде сөздер өзгердi 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң Аэроғарыш комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлiгінiң құзыретi шегiнде арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ аэроғарыш қызметi саласын басқаруды жүзеге асыратын мекеме болып табылады. 2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның банкте шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы белгіленген мөрi, өзiнiң атауы мемлекеттік тiлде жазылған басқа да мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi болады. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi. Егер, оған заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, Комитеттiң мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуына құқығы бар. 4. Комитет өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар шығарады. 5. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 480004, Алматы қаласы, Фурманов көшесi, 50. 7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң Аэроғарыш комитетi" мемлекеттік мекемесi. 8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады. 9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Комитетке оның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау нысанасында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен келісімшарттық қатынастарға кiруге тыйым салынады. Егер Комитетке кiрiс әкелетiн қызметті жүзеге асыруға заң актілерімен құқық берiлсе, мұндай қызметтен алынған кiрiс мемлекеттік бюджеттің кiрiсiне жiберiледi. 2. Негізгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары 10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi: 1) аэроғарыш қызметi саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі тұжырымдамалар мен бағдарламаларды жасауға қатысу 2) Қазақстан Республикасының ғарыш кешенiн және аэроғарыштық өнiмдер мен қызметтер көрсетудiң рыногын дамытудың қысқа мерзiмдi, орта мерзiмдi кезеңге арналған жоспарлары мен болжамдарын әзiрлеу; 3) "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн қоса, Қазақстан Республикасының аэроғарыштық инфрақұрылымын сақтау және дамыту жөніндегі шараларды әзiрлеу және iске асыруға қатысу; 4) Аэроғарыш қызметi саласында Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және технологиялық дамуының негiзгі бағыттарын әзiрлеуге қатысу және iске асырылуын қамтамасыз ету; 5) ғарышкерлер даярлауды, аэроғарыш қызметi аясында кадрлар даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру болып табылады. 11. Комитет заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) аэроғарыш аясында, оның iшiнде Қазақстанның тиiстi халықаралық ұйымдар мен институттардың қызметiне қатысуына байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын қалыптастыруға және iске асыруға қатысады; 2) аэроғарыш аясына шетелдiк несиелер мен инвестицияларды тарту және оларды пайдалану жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 3) Қазақстан Республикасындағы аэроғарыштық құрылымның жай-күйiн және аэроғарыш техникасы мен технологияларының әлемдiк ағымын талдайды және дамуын болжайды; 4) "Байқоңыр" кешенiн жалға беру шартының, Қазақстан Республикасының аэроғарыш қызметi аясындағы халықаралық келісімдерi мен келісімшарттарын орындау жөнiнде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметiн үйлестiрудi ұйымдастырады; 5) "Байқоңыр" кешенiн жалға беру шартының және оған қосымша Келісімдердiң орындалуын, сондай-ақ "Байқоңыр" кешенi объектiлерiнiң сақталуын және тиiмдi пайдаланылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және өзiнiң құзыретi шегінде "Байқоңыр" кешенiнiң мүлiктiк және шаруашылық мәселелерiн шешедi; 6) Қазақстан Республикасының ғарыш кешенiн дамытудың тұжырымдамаларын, бағдарламалары мен жоспарларын және ғарыш техникасын, технологияларын пайдалану жөніндегі жобаларды әзiрлейдi және жүзеге асырады; 7) аэроғарыш қызметi аясында заңдардың пайдаланылу тәжiрибесiн талдайды және қорытындылайды, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, аэроғарыш қызметi аясында заңдық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындауға қатысады; 8) аэроғарыш қызметi аясында халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға және сараптауға қатысады; 9) аэроғарыш қызметi аясында экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысады; 10) аэроғарыш қызметi аясында жұмыс iстейтiн мемлекеттің қатысуы бар ұйымдардың басқару органдарында өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттің мүдделерiн бiлдiредi; 11) аэроғарыш қызметi аясында жұмыс iстейтiн шаруашылық субъектiлерiнiң қызметiн талдау мен мониторингтi жүзеге асырады; 12) аэроғарыш техникасын сертификаттау мәселелерi бойынша ұсыныстар енгізеді; 13) өз құзыретiнiң шегінде ғарыш кеңiстiгiн пайдалану жөнiндегі қызметтi лицензиялауды жүзеге асырады; 14) ғарышкерлер даярлауды, аэроғарыш аясында мамандар даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастырады және үйлестiредi; 15) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 12. Комитет негiзгi мiндеттерi мен өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен: 1) өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша құқықтық нормативтiк актiлер қабылдауға; 2) "Байқоңыр" кешенiнiң, соның iшiнде Ресей Федерациясы жалға алған объектiлердiң пайдаланылу жағдайлары мен сақталуын бақылауға және қадағалауды жүзеге асыруға; 3) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан аэроғарыш қызметi аясына қатысты мәселелер жөнiнде ақпаратты сұрауға және алуға; 4) мемлекеттік кәсiпорындарды және өзге де ұйымдарды құру, қайта құру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; 5) өзiнiң қарауындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыруға; 6) ғарыш кеңiстiгiн пайдалану жөніндегі қызметтi өз құзыретiнiң шегiнде лицензиялауды жүзеге асыруға; 7) өзiнiң құзыретi шегінде шетелдердiң мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдiк заңды тұлғалармен келiссөздер жүргізуге шарттар жасасу туралы ұсыныстар енгізуге; 8) Қазақстан Республикасының аэроғарыштық инфрақұрылымын сақтау және дамыту проблемаларын шешу жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдарды дайындау үшiн белгiлi ғалымдар мен мамандарды, оның iшiнде шетелдiктердi тартуға; 9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 3. Мүлкi 13. Комитеттiң оперативтiк басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. 14. Комитетке бекітілген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 15. Комитеттiң өзiне бекітілген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзге жолмен билiк етуге құқығы жоқ. Заңмен белгiленген жағдайларда және шектерде Комитетке мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Қызметiн ұйымдастыру 16. Комитеттi Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Төрағаның оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары, оның ішінде төрағаның бiр орынбасары - "Байқоңыр" космос айлағы басқармасының бастығы, болады. Ескерту: 16 тармақ ҚР Үкіметінің 10.09.99 ж. № 1358 қаулысымен өзгерді 17. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басшылық етедi, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауаптылықта болады. 18. Осы мақсатта Комитеттiң төрағасы: 1) өзінің орынбасарлары және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнің мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды; 2) заңдарға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) заңдарда белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiне тәртiптiк жазалар қолданады; 4) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды; 5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi және заңдарда белгiленген жағдайларда Комитетке қарасты ұйымдардың жарғыларын бекiтедi; 6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi; 7) заңдарға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. Ескерту: 18 тармақ ҚР Үкіметінің 10.09.99 ж. № 1358 қаулысымен өзгерді. 19. Аэроғарыш қызметi аясындағы маңызды проблемаларды талқылау үшiн Комитеттiң жанынан Комитеттің төрағасы басқаратын консультациялық-кеңесшi орган - Ғылыми-техникалық кеңес құрылады, оны Комитеттiң төрағасы басқарады. Ғылыми-техникалық кеңес туралы ереженi және оның құрамын Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен келiсе отырып Комитеттiң төрағасы бекiтедi. 5. Қайта ұйымдастыру және тарату 20. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1131 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Аэроғарыш комитеті аппаратының құрылымы Басшылық Ұйымдастыру жұмысы және халықаралық ынтымақтастық бөлімі Ғарыштық техника мен технологиялар бөлімі "Байқоңыр" ғарыш айлағының басқармасы (Байқоңыр қаласы)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |