|
|
|
Шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қызметтерін барлық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 512 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 4189 Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет бостандығы құқығын қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы" 1999 жылғы 28 мамырдағы № 49 өкімін iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 26.10.00 ж. № 1599 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi үшiн 1999 жылдың 1 қазанынан бастап, ал қалғандары үшiн - 2000 жылдың 1 қазанынан бастап мұндай есептi қамтамасыз ете отырып мемлекеттік органдардың шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнің қызметтерін барлық тексерулерiнiң бiрыңғай статистикалық есебi енгiзiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру үшiн мемлекеттік бюджеттен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына 2000 жылы 10 (он) миллион теңге және 2001 жылы 38 (отыз сегiз) миллион теңге мөлшерiнде қаражат бөлудi көздесiн. 3. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік органдардың кәсiпкерлiк субъектiлерiне тексерулер тағайындау туралы актілерін тiркеудiң тәртібі бекітілсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Үкіметінiң 1999 жылғы 1 қыркүйектегі № 1286 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 26.10.00 ж. № 1599 қаулысымен тақырыбы өзгерді Мемлекеттік органдардың кәсiпкерлiк субъектiлерiнің қызметтеріне тексерулер тағайындау туралы актілерін тiркеудiң тәртібі 1. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 4189 Жарлығы мен Қазақстан Республикасы Президентінің "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет бостандығы құқығын қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы" 1999 жылғы 28 мамырдағы № 49 өкіміне сәйкес әзiрлендi. ҚР Үкіметінің 26.10.00 ж. № 1599 қаулысымен 2-тармақ өзгерді 2. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнің қызметтеріне тексерулер тағайындау туралы актiлердi тiркеудi Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және ақпараттар орталығы мен оның аумақтық органдары (бұдан әрi - Тiркеушi орган) жүзеге асырады. Тiркеушi органның бөлiмшелерi жоқ қалалар мен аудандардың аумақтарында актiлердi тiркеудi осы қалалар мен аудандардың прокуратура органдары жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 26.10.00 ж. № 1599; 10.12.01 ж. № 1601 қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасының заңдарымен кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексерудi жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдар, өздерi шығарған кәсiпкерлiк субъектiлерiнің қызметтеріне тексерулер тағайындау туралы актiлердi Тiркеушi органда тiркеуге мiндеттi. Кәсiпкерлiк субъектiлерiне заңдарда белгіленген тәртiппен қозғалған қылмыстық iстердi тергеуге байланысты тексерулер тағайындау туралы актілер тiркеуге жатпайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктерге және сақтандыру ұйымдарына тексерулер тағайындау туралы актілер тіркеуге жатпайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзге шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметтеріне тексерулер актілері міндетті тіркеуге жатады. ҚР Үкіметінің 26.10.00 ж. № 1599 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. Кәсiпкерлiк субъектiлерінің қызметтерін тексерудi тағайындау туралы актi шығарған мемлекеттік орган, көрсетiлген актiнi тексерулер басталғанға дейін Тiркеушi органға тiркеу үшiн ұсынады. Ерекше жағдайларда, егер тексеру адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн тәртiп бұзушылықты болдырмау жөнiнде кiдiрiссiз шаралар қолдану қажеттiгiнен туындаса, сондай-ақ тәртiп бұзушылық жасалған кезде тiкелей анықталса және ол бойынша анықталған тәртiп бұзушылықтың дәлелдеулерiн бекіту үшiн шұғыл iс-әрекет жүргiзy талап етiлсе, тексерудi тағайындау туралы акт Тiркеушi органға келесi жұмыс күнiнiң iшiнде ұсынылады. Тiркеушi орган, актi тiркеуге ұсынылған сәттен бастап үш сағаттан кешiктiрмей тiркеудi жүзеге асырады және тағайындалған тексеру жөніндегі ақпараттың жарияланбауын қамтамасыз етуге міндеттi. ҚР Үкіметінің 26.10.00 ж. № 1599 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 10.12.01 ж. № 1601 қаулысымен 5-тармақ өзгерді 5. Тiркеу тексеру жүргiзу және белгіленген үлгiдегi есепке алу карточкасын толтыру туралы актiнi Тiркеушi органға ұсыну жолымен жүргiзiледi. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметіне тексеру тағайындау туралы акті екі данада Тіркеуші органға ұсынылады, оның біреуі Тіркеуші органда қалдырылады. Тексеру аяқталғаннан кейiн оны тағайындау туралы актiнi шығарған мемлекеттік орган Тiркеушi органға әрбiр тексерiлген субъектiнi есепке алу карточкасына қосымша талонды толтырады және ұсынады. Тiркеушi органға мемлекеттік органдардың шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң қызметiне тексерудi тағайындау туралы олардың актілерін тiркеуден бас тартуға тыйым салынады. Тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеуден бас тартуға прокуратура органдарына немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн. 6. Тексерулер тағайындау туралы актілерді тіркеу туралы құжаттардың нысандары мен үлгілерін Тіркеуші орган бекітеді. ҚР Үкіметінің 26.10.00 ж. № 1599 қаулысымен 7-тармақпен толықтырылды 7. Тексерулердi тiркеудiң осы Ережемен бекiтілген тәртібінiң бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдар заңнамада белгiленген тәртiппен жауап бередi. ҚР Үкіметінің 10.12.01 ж. № 1601 қаулысымен 8-тармақпен толықтырылды 8. Қазақстан Республикасының заңнамасымен кәсіпкерлік субъектілерге тексерулерді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне тексерулер тағайындау туралы тіркелген актілерді Тіркеуші органда кемінде тоқсанына бір рет салыстыра тексеруді жүргізуге міндетті.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |