|
|
|
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 20 қыркүйектегі № 1036 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Мемлекеттік мекемелердiң қызметiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттiгi "Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлiк қызметi" республикалық мемлекеттік мекемесiне қатысты уәкiлеттік берiлген орган болып табылады деп белгiленсiн. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлiк қызметi" республикалық мемлекеттік мекемесiн 1999 жылға арналған республикалық бюджетте оны ұстауға көзделген қаражаттың шегiнде қаржыландыруды қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасының "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңын iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1334 қаулысына 1-қосымшаға тиiстi өзгерістермен бiрге Үкiмет шешiмiнiң жобасын енгiзсiн. 3. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: ҚР Үкіметінің 20.11.99 ж. № 1756 қаулысымен 3-тармақтың 1-тармақшасы күшін жойды 1) 2) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 892 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі туралы ережеде: 1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесіне қатысты уәкілеттік берілген орган болып табылады". 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |