|
|
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысымен күші жойылды Бұрынғы редакцияларды қара Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы № 235 жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiп отырған Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі туралы ереже бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 20.12.00 ж. № 1863; 09.06.03 ж. № 541 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне төрт, оның iшiнде бір бiрiншi вице-министрi болуына рұқсат берiлсiн. ҚР Үкіметінің 03.11.00 ж. № 1665; 19.08.02 ж. № 916; 06.08.03 ж. № 786 (бұр. ред. қара); 28.10.04 ж. № 1111 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді 3. Бекiтiлген штат саны лимитінің шегiнде Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы ведомстволары: Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi; Азаматтық авиация комитетi; Темір жол көлiгi комитетi; Көлiктiк бақылау комитетi. 4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі белгiленген тәртiппен: Қазақстан Республикасының Үкіметіне құрылған ведомстволардың ережелерi мен құрылымын бекіту және Үкiметтiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн; осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын. 5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 қарашадағы № 1756 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі туралы Ереже ҚР Үкіметінің 22.07.03 ж. № 724 қаулысымен мәтіндегі сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 12.10.00 ж. № 1521; 03.11.00 ж. № 1665; 19.08.02 ж. № 916; 12.09.02 ж. № 995; 22.07.03 ж. № 724 (бұр. ред. қара);06.08.03 ж. № 786 (бұр. ред. қара); 28.10.04 ж. № 1111 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) көлiктiк, коммуникациялық кешенде басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрлiктiң мынадай ведомстволары: Көлiктiк бақылау комитетi, Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi, Азаматтық авиация комитетi, Темір жол көлiгi комитетi болады. 2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Министрліктiң, егер оған заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Министрлiк өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен бұйрықтармен ресiмделетiн, Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi күшi бар шешiмдер қабылдайды. 5. Министрлiктiң ережесi мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 6. Министрлiктің заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Абай даңғылы, 49. 7. Министрлiктің толық атауы - "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі" мемлекеттік мекемесi. 8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады. 9. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады. Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлiкке заң актілерiмен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, мұндай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 2. Министрлiктiң негізгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары ҚР Үкіметінің 14.01.00 ж. № 74; 12.10.00 ж. № 1521; 12.09.02 ж. № 995; 22.07.03 ж. № 724 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 10-тармақ өзгертілді және толықтырылды 10. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi: 1) көлiктiк, коммуникациялық кешендi дамытудың стратегиялық жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу; 2) заңдарда белгiленген тәртiппен көлiктiк, коммуникациялық кешен қызметiн мемлекеттік реттеудi және үйлестiрудi жүзеге асыру; 3) көлiк, ақпараттық жүйелер қызмет көрсету рыногын қалыптастыруға қатысу және кәсiпкерлiкке, шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету; 4) тасымалдауға мемлекеттік мұқтаждықтардың қажеттерiне болжамдар жасау және уақытында сапалы қамтамасыз ету; 5) көлiк қызмет көрсетулерiн тұтынушылардың құқығы сақталуын бақылауды жүзеге асыруға қатысу; 6) көлiк саласында заңдардың орындалуын қамтамасыз ету; 7) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және жобалау жұмыстарына мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруға, сондай-ақ олардың көлiк салаларындағы кадрларды оқытуға, даярлауға және біліктiлiгiн арттыруға қатысу болып табылады; 8) халықаралық трафикті есепке алуды жүзеге асыру. 9) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 12.10.00 ж. № 1521; 03.11.00 ж. № 1665; 21.08.01 ж. № 1095; 17.07.02 ж. № 794; 12.09.02 ж. № 995; 22.07.03 ж. № 724 (бұр. ред. қара); 19.04.04 ж. № 432 қаулыларымен 11-тармақ өзгертілді 11. Министрлiк заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады; 1) жүктердi, жолаушыларды тасымалдауға қажеттiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясат пен стратегияны iске асыру; 2) Үкiметтiң шешiмi бойынша көлiктiк, коммуникациялық кешеннiң заңды тұлғалары акцияларының мемлекеттік үлестерi мен пакеттерiн иелену және пайдалану жөніндегі функцияларын жүзеге асыру; 3) көлiктiк, коммуникациялық қызметтi жүзеге асыратын объектiлердi жекешелендiру мәселелерiн шешуге қатысу; 4) өз құзыретiнiң шегiнде көлiктiк, коммуникациялық кешеннiң дамуы мен жұмыс iстеуiнiң маңызды мәселелерi бойынша ғылыми-зерттеу, конструкторлық және жобалау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыру; 5) өз құзыретінің шегiнде көлiктiк, коммуникациялық кешеннiң қызметiне байланысты нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына сараптама ұйымдастыруға қатысу; 6) өз құзыретiнiң шегiнде техникалық шарттар мен өзге нормативтердi бекіту, сертификаттау жүргiзу, сондай-ақ көлiктiк, коммуникациялық кешенде белгiленген нормативтердiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру; 7) көлiктiк, коммуникациялық қызметтерін көрсету, қызмет көрсету рыногын қалыптастыруға қатысу; 8) мемлекеттік тапсырысты орналастырады, мемлекеттік тапсырысқа бөлiнген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға қатысу; 9) әуе кеңiстiгiнiң пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру; 10) Министрлiктің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және қабылдау; 11) өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасы көлiктiк, коммуникациялық кешенiнiң қызметiн мемлекеттік реттеудi және үйлестiрудi жүзеге асыру; 12) көлiктiк, коммуникациялық кешенде мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру; 13) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мамандарын ақысыз негiзде, ал мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын мамандарды ақылы негiзде сараптамалар мен консультациялар жүргiзу үшiн тарту; 13-1) өз құзыретiнiң шегiнде Министрлiктiң жыл сайынғы жұмылдыру жоспарларын әзiрлеу; 13-3) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара) 13-4) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара) 13-5) жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты қалааралық облысаралық (астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) автомобиль тасымалдауларын ұйымдастырады, тиiстi облыстардың (астана мен республикалық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарымен көрсетiлген бағыттар бойынша қозғалыс кестесiн келiседi; 13-6) жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты халықаралық автомобиль тасымалдауларын ұйымдастырады, көрсетiлген тасымалдаулардың бағыттары бойынша қозғалыс кестесiн келiседi; 13-7) жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты халықаралық және қалааралық облысаралық автомобиль тасымалдауларының бағыттар тiзiлiмiн жүргiзедi; 13-8) өз құзыретiнiң шегінде автомобиль көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi; 13-9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады; 13-10) автомобиль көлiгi саласындағы қоғамдық бiрлестiктермен және заңды тұлғалардың қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы бiрлестiктерiмен мемлекеттiң өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi; 14) өзiне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру. 12. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерiн iске асыру және функцияларын жүзеге асыру үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен: 1) жеке және заңды тұлғалардан Министрлiктiң құзыретiне кiретiн барлық мәселелер бойынша қажеттi ақпараттар, материалдар, анықтамалық деректердi сұратуға; 2) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi жөнiнде ұсыныс енгізуге; 3) көлiктiк, коммуникациялық кешенге кiретiн республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттік мекемелердiң уәкiлеттi органы болуға, оларға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыруға; 4) ?кіметтiң шешiмдерi бойынша көлiктiк, коммуникациялық кешеннiң заңды тұлғалары акцияларының мемлекеттік үлестерi мен пакеттерiне иелiк етуге және пайдалануға; 5) өзiнiң қарауындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң басшыларын iрiктеудi және тағайындауды жүзеге асыруға, заңдарға сәйкес бiрiншi басшылармен келісімшарттар жасауға; 6) өз құзыретiнiң шегiнде халықаралық ұйымдарда көлiктiк, коммуникациялық кешеннiң мүдделерiн бiлдiруге, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тапсырмасы бойынша халықаралық шарттарды дайындауды және жасасуды жүзеге асыруға; 7) Министрлiк ведомстволарының мiндеттерi мен функцияларына сәйкес келмейтiн бұйрықтарын тоқтатуға және хаттарын керi қайтарып алуға; 8) мемлекеттік сатып алу процесiнде тапсырысшы болуға; 9) өзiне заңдармен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 13. Министрлiктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. 14. Министрлiкке бекітілген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 15. Министрлiктiң өзiне бекітілген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Министрлiкке заңдарда белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру 16. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Министр басқарады. Министрдің оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын орынбасарлары (вице-министрлерi) болады. 17. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады әрi басшылық жасайды және Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi. 1) вице-министрлердiң, Министрлiктің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн және өкiлеттiктерiнiң шеңберiн айқындайды; 2) заңдарға сәйкес Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады; 3) заңдарда белгiленген тәртiппен Министрлiк қызметкерлерiн көтермелеу, материалдық көмектер көрсету, тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешедi; 4) Министрлiктің бұйрықтарына қол қояды; 5) Министрлiктiң құрылымын, штат кестесiн және құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 6) Мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрлiктің атынан өкiлдiк етедi; 7) заңдарға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 19. Министрлiктiң консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министр бекiтедi. 5. Министрлiкті қайта ұйымдастыру және тарату 20. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 қарашадағы № 1756 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi 1. "Қазақстан Республикасы Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 355 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 12, 112-құжат). 2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 2 тамыздағы № 1093 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 11-тармағы. 3. "Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегi № 1334 қаулысының 2-тармағының 3) тармақшасы. 4. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлiк қызметi" республикалық мемлекеттік мекемесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 5 қазандағы № 1522 қаулысының 3-тармағының 1) тармақшасы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |