|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 434 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы № 569 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 18, 197-құжат): 2-тармақта: Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Ажар Қилымбекқызы Құзытбаева Кредиторлық берешекті өтеуге байланысты мәселелерді қарау жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін: М.Қ.Уәйісов аталған құрамнан шығарылсын; 2) "Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы 813 қаулысына: Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Ажар Қилымбекқызы Құзытбаева аталған қаулымен бекітілген, Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына енгізілсін М.Қ.Уәйісов аталған құрамнан шығарылсын; 3) "Шетелдік кредиторлардың алдындағы берешектердің проблемасын шешу жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 шілдедегі № 913 қаулысына: 1-тармақтың бірінші абзацындағы "Мерей Құрманұлы Уәйісовтың" деген сөздер "Ажар Қилымбекқызы Құзытбаеваның" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |