Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі екінші мәжілісінің ұсынымдары мен ұсыныстарын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесін құру туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығына сәйкес: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі жанындағы бірлескен жұмыс топтарының іс-қимыл жоспары (бұдан әрі - іс-қимыл жоспары) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі жанындағы бірлескен жұмыс топтарының тұрақты мүшелерінің тізімін бекітсін. 3. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің ұсынымдары мен ұсыныстарын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарларын әзірлеу мен бекітуге бірлескен жұмыс топтарының тең төрағаларына уәкілеттік берілсін. 4. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары 15 күннің ішінде бірлескен жұмыс топтарының іс-қимыл жоспарын іске асыруға және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесімен, оның бірлескен жұмыс топтарымен және Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігімен өзара іс-қимыл жасауға бірінші басшының орынбасары деңгейінен төмен емес жауапты тұлға тағайындасын. 5. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің немесе оның бірлескен жұмыс топтарының кез келгенінің сұрауы бойынша, тағайындалған адам іс-қимыл жоспарын іске асыру мақсатында орган қабылдаған шаралар туралы жазбаша есеп беруге тиісті деп белгіленсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|