|
|
|
Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған көлік құралдары мен мүлікке
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 345, 351, 379-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 16.03.02 ж. № 317 қаулысымен Кіріспе өзгертілді 1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған көлік құралдары мен мүлікке қажеттілік нормативтері бекітілсін. ҚР Үкіметінің 16.03.02 ж. № 317 қаулысымен 2-тармақ өзгерді 2. Бірыңғай жер салығын төлеушілердің мүлікке қажеттілік нормативі өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және өңдеу процесінде тікелей пайдаланылатын меншік құқығындағы мүлікті қамтиды деп белгіленсін. 3. Осы қаулы жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1944 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жер салығын төлеушілердің көлік құралдары мен мүлікке қажеттілік нормативтері ҚР Үкіметінің 2002.03.16. № 317 қаулысымен Норматив өзгертілді Бір шаруа (фермерлік) қожалығының көлік құралдарына қажеттілік нормативтеріне жалпы меншік құқығында оның мүшелеріне тиесілі мыналар жатады: 1) двигателінің көлемі қоса алғанда 2500 текше см. дейінгі бір жеңіл автомобиль; 2) двигательдерінің жиынтық қуаты 1000 га егістікке 1000 кВт мөлшерінде келетін жүк автомобильдері.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |