|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.12.02 ж. № 1300 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 6, 40-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде: 20-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: "1-1) жобаның экономикалық орындылығы және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарына сәйкестігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша - Экономика министрлігімен;". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |