|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 10 желтоқсандағы № 1300 Қаулысы (2022.11.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентi бекітілсiн. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң уақытша Регламентi Премьер-Министр Кеңсесінің, Инвестициялар және даму, Ақпарат және коммуникациялар, Қаржы министрліктерінің, Астана қаласы әкімдігінің Үкімет қаулыларының жобалары бойынша қағазсыз іс жүргізу мәселелері жөніндегі өзара іс-қимылын реттейді. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3) «Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында: мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Көрсетiлген нұсқаулықтардың талаптары оларға қатысты бөлiгiнде барлық мемлекеттік органдар үшiн мiндеттi деп белгiленсiн.»; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде iс жүргiзу жөніндегі нұсқаулықта: 12-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Кеңсеге енгiзiлетiн Үкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларына, сондай-ақ оларға қосымшалардың әрбiр парағына жобаны әзiрлеушi мемлекеттік органның бiрiншi басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам алдын ала қол қоюға тиiс.»; 17-тармақта «Қаржы министрлігін, Экономика министрлігін» деген сөздер «Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін» деген сөздермен ауыстырылсын; 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «22. Кеңседе Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары бойынша сараптама жүргiзу (соның iшiнде қорытындылар дайындау) мерзiмдерi Үкiметтiң Регламентiнде белгiленген. Сараптаманы қоса алғанда Кеңседе жобалардың өту мерзiмдерi (жобаның тiркелген күнiнен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейiн): ?кімет қаулыларының жобалары мен заң жобалары үшiн - 15 жұмыс күнiнен, Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары үшiн - 10 жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Жобалар мәтiнiнiң көлемi үлкен және күрделi болуына байланысты өту мерзiмдерiн Кеңсе Басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам ұзартуы мүмкiн.»; 89-тармақтың бiрiншi абзацындағы «Yкімет пен Премьер-Министрдiң нормативтiк құқықтық кесiмдерi жобаларын дайындау және келiсу тәртібіне, оларды ресiмдеу (заңи техника) ережесi туралы нұсқаулықтың» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу жөніндегі нұсқаулықтың (заңдық техникасы)» деген сөздермен ауыстырылсын; 90-тармақтың екiншi сөйлемi алынып тасталсын; 104-тармақтың үшiншi абзацындағы «министрлiктер мен ведомстволарға» деген сөздер алынып тасталсын; 137, 140-тармақтардағы және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде iс жүргiзу жөніндегі нұсқаулыққа 12-қосымшаның 1-тармағындағы «РМК» деген аббревиатура «РМҚК» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде есептеу техникасы құралдарын қолдану арқылы іс жүргiзу жөніндегі нұсқаулықта: 17-тармақтың 2) тармақшасында «республикалық мемлекеттік» деген сөздерден кейiн «қазыналық» деген сөзбен толықтырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта: 1-тармақта «сауал салуларының» деген сөздерден кейiн «депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiметтiң қорытындысын беру туралы өтiнiшпен Парламент Палаталары хаттарының» деген сөздермен толықтырылсын, «(бұдан әрi - бақылаудағы құжаттар)» деген сөздер алынып тасталсын; 2-тармақта «орындалу мерзiмiн» деген сөздер «орындалуын» деген сөзбен ауыстырылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде (бұдан әрi - Кеңсе) бақылау жұмысын үйлестiрудi Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады, ол мынадай құжаттарды (бұдан әрi - бақылаудағы құжаттар) бақылауға алады: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің Үкiметке немесе оның басшылығына тапсырма беретiн кесiмдерiн; 2) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалары бар Үкiметтiң қаулыларын, Үкiмет мәжілістерiнiң хаттамаларын, Премьер-Министрдiң өкiмдерiн; 3) Президенттiң Үкiметке немесе оның басшылығына, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Президент Әкiмшiлiгi басшылығының және Кеңсе Басшысының не оны алмастыратын адамның орындалу мерзiмдерi көрсетiлген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулары, «шұғыл», «баяндалсын», «ұсыныстар енгiзiлсiн» деген белгiлерi бар тапсырмалары (соның ішінде мәжілiстер хаттамалары мен iс-шаралар жоспарларында қамтылған), сондай-ақ мазмұнынан оларды бақылауға қою қажеттiгi туындайтын тапсырмаларды; 4) Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының сауалдары, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiметтiң қорытындысын беру өтiнiшiмен Парламент Палаталарының хаттарын.»; 8-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Құрылымдық бөлiмшелер - тапсырмаларды бiрге орындаушылар жинақтауды жүзеге асыратын бөлiмшеге өз ұсыныстарын тапсырманың белгіленген орындалу мерзiмi өткенге дейiн бiр күннен кешiктiрмей енгiзедi.»; 12-тармақтың бiрiншi абзацында: «Сараптама жүргiзудiң» деген сөздер «Жауаптардың (есептердiң) сараптамасын жүргізудiң» деген сөздермен ауыстырылсын; «Кеңседе тiркелген күнiнен бастап» деген сөздер және «, ал заң жобалары үшін - он күннен» деген сөздер алынып тасталсын; 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «21. Бақылаудағы құжаттарды бақылаудан алу, орындалу мерзiмдерiн ұзарту мен орындалуы туралы жауаптарды (есептердi) ұсыну Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентiне сәйкес жүзеге асырылады.»; 22, 23, 24 және 25-тармақтар алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтардың өтiнiштерiн қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулықта: мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын: «16-1. Азаматтардың хаттары мен өтiнiштерiн қарау және оларға Басшылық тапсырмаларының орындалуы мерзiмдерiн бақылауды Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады.»; 17, 18, 19, 20, 22 және 23-тармақтар алынып тасталсын; 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «21. «Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi № 974 қаулысына сәйкес орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдауды тiкелей өздерi басқаратын органдарда жүргiзедi». 3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
ҚР Yкіметінiң 2005.01.03. № 190 (бұр. ред. қара); 2006.07.04. № 256 (бұр.ред.қара) (күшіне енетін мерзімін қара); 2007.30.06 № 550 (бұр.ред.қара) қаулыларымен Регламенті жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің РЕГЛАМЕНТІ
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) алқалы орган болып табылады, Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық етеді. 2. Үкіметтің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерімен және осы Регламентпен реттеледі. 3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі - Премьер-Министр) мен Үкіметтің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі (бұдан әрі - Кеңсе) жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Құпия және құпия емес іс қағаздарын ұйымдастыруды және жүргізуді, Премьер-Министрге, оның орынбасарларына және Кеңсе Басшысына арналған хат-хабарларды, оның ішінде әр түрлі байланыс және деректер беру арналары арқылы келіп түсетін хабарларды қабылдауды, өңдеу мен таратуды Кеңсе Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 4-1-тармақпен толықтырылды 4-1. Қазақстан Республикасының Парламентінде Үкіметтің мүддесін білдіруді және биліктің заң шығарушы тармағымен оның ұдайы өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз етуді Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілдігі жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.12. № 1401 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді 5. Соттарда Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет пен Премьер-Министрдің мүдделерін білдіруді және қорғауды, сондай-ақ Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша конституциялық іс жүргізуге қатысуды талқылау мәні болған мәселелер құзыретіне енетін мемлекеттік орган жүзеге асырады. Әділет министрлігі тиісті мемлекеттік органға құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді. Халықаралық төреліктер мен шетелдік соттарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қатысуымен шетелде өткізілетін талқылауларға бастамашылық жасалған кезде талқылау нысанасы болып табылатын мәселелер құзыретіне кіретін мемлекеттік орган халықаралық төреліктер мен шетелдік соттардағы талқылаулар туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігін хабардар етеді. 6. Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсініктеме беруді Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Әділет министрлігі жүзеге асырады. 7. Үкіметтің құзыретіне енетін кадр мәселелерін шешу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.22.10. № 1335 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.18.03. № 145 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді 8. Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдары мен ұйымдарының басшыларына олармен алдын ала келіспей-ақ орындау үшін міндетті тапсырмалар бере алады. Тапсырмалардың жобаларын дайындау кезінде мыналар ескеріледі: 1) көтеріліп отырған мәселелердің пысықталғандығы; 2) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі; 3) нәтижелілігі мен тиімділігі (нақты түпкі нәтижесі көрсетіледі); 4) орындалу мерзімдерінің шынайылығы; 5) экономикалық орындылығы мен ресурстармен қамтамасыз етілуі; 6) өзге тапсырмалармен қайталанудың жоқтығы. ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 8-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2020.23.06. № 385 Қаулысымен 8-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен 8-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8-1. Қазақстан Республикасы Президентінің (бұдан әрі - Президент), Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің (бұдан әрі - Қауіпсіздік Кеңесі) және Қазақстан халқы Ассамблеясының (бұдан әрі - Ассамблея) орындау мерзімі алты айдан асатын кешенді және ведомствоаралық сипаты бар актілері мен тапсырмаларын орындау екі және одан да көп мемлекеттік органға құзыреті шеңберінде жүктелген, сондай-ақ қандай да бір саладағы/аядағы/өңірдегі тәсілдердің, нормалар мен қағидалардың жаңаларын қалыптастыруға және іске асыруға не қолданыстағыларын өзгертуге бағытталған жағдайда орындаушы мемлекеттік орган құжат келіп түскеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 1-2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) әзірлейді және оны Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің (бұдан әрі - Президент Әкімшілігі) жауапты құрылымдық бөлімшесімен келіседі. Тапсырмалар ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырылған кезде міндетті түрде ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) әзірленеді. Ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырылған тапсырмалар бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) бекіту тәртібі осы Регламенттің 8-2-тармағында белгіленген тәртіпке ұқсас. Үкімет құзыретіне кіретін және Президент атына жіберілетін бастамалар болған кезде орталық атқарушы органдар оларды Кеңсенің қарауына енгізуді қамтамасыз етеді. ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 8-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.11.04. № 209 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-2-тармақ өзгертілді 8-2. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспарында (жол картасында) орындау мерзімдері айқындалып, сондай-ақ Президенттің актілерін немесе тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындаудың нысаналы және сапалық-сандық көрсеткіштері көрсетіліп, орындаушы мемлекеттік орган мен бірлесіп орындаушылардың іс-қимыл жасасу тәртібі қамтылады. Әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін немесе Үкімет құрамына кірмейтін орталық мемлекеттік орган болып табылатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) оның бірінші басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен (бұдан әрі – Президент Әкімшілігі), сондай-ақ егер ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) Үкіметтің өкілеттіктерін қозғайтын жағдайларда, Премьер-Министрмен (оның міндетін атқарушы адаммен) немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адаммен келісілгеннен кейін бекітеді. Әзірлеушісі өзге мемлекеттік орган (ұйым) болып табылатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) Президент Әкімшілігімен келісілгеннен кейін Премьер-Министр (оның міндеттерін атқарушы адам) немесе ол уәкілеттік берген Премьер-Министрдің орынбасары бекітеді. Бір орындаушы мемлекеттік орган және қажет болған кезде оның ведомстволық бағынысты ұйымдары қатысатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) осы мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді. ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 8-3-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен 8-3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8-3. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) қабылданған жағдайда мемлекеттік органдардың осы Регламенттің 8-4-тармағында көзделген Президент актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын бекітуі талап етілмейді. ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 8-4-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 707 Қаулысымен (бұр.ред.қара 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-4-тармақ жаңа редакцияда 8-4. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) болмаған жағдайда қажет болғанда орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) бірінші басшысының шешімімен Президент актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіледі. ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 8-5-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 707 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-5-тармақ жаңа редакцияда 8-5. Орындаушысы Үкімет болып табылатын Президент актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасау кезінде Премьер-Министрдің тиісті орынбасарының олардың орындалуын үйлестіруі көзделеді. ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 8-6-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен 8-6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8-6. Орындаушы мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) және бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) лауазымды адамдары өздеріне берілген тапсырмалардың сапасыз орындалғаны және уақтылы орындалмағаны үшін дербес жауапты болады. Квазимемлекеттік сектор субъектілері (ұйымдар) тапсырмаларды бірлесіп орындаушылар ретінде айқындалады. Бұл ретте орындауды үйлестіру жауапкершілігі мемлекеттік басқару органына немесе жалғыз құрылтайшы атынан Үкіметке жүктеледі. Мемлекеттік емес ұйымдарға қатысты ұсынымдық сипаттағы тапсырмалар беріледі, бұл ретте орындауды үйлестіру тиісті мемлекеттік басқару саласының мемлекеттік органына жүктеледі. ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 8-7-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2015.28.12. № 1088 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.26.09. № 707 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.11.04. № 209 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-7-тармақ жаңа редакцияда 8-7. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылу барысы туралы есептік ақпарат Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес беріледі. ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 8-8-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен 8-8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8-8. Президенттің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың іске асырылу барысы туралы Үкімет ақпараты Президент Әкімшілігіне енгізіледі, оған Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшысының немесе Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысы қарарының адресатына қарай Премьер-Министр, Премьер-Министрдің тиісті орынбасары немесе Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы қол қояды. 8-9. ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 8-10-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 707 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.11.04. № 209 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-10-тармақ жаңа редакцияда 8-10. Президент актілерінің және/немесе тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың тармақтарын белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда, орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы, ал Үкіметтің өкілеттіктері қозғалатын жағдайларда – Премьер-Министрмен (оның міндетін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келіскеннен кейін белгіленген мерзімнен кешіктірмей, Президент Әкімшілігіне орындаудың ағымдағы жай-күйі көрсетіліп, орындау мерзімін ұзарту не оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттігінің дәлелді негіздемесімен хат енгізеді. Бұл ретте нақты орындау мерзімі, орындаушы мемлекеттік органның, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың жауапты саяси мемлекеттік қызметшілері және ұйымдардың лауазымды адамдары көрсетіледі. ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 8-11-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 707 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.11.04. № 209 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-11-тармақ жаңа редакцияда 8-11. Актілердің және/немесе тапсырмалардың тармақтарын орындау мерзімдерін қайтадан ұзартуға Президенттің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша айрықша жағдайларда, мемлекеттік саяси қызметшілердің және ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарының тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарап және бір айдан аспайтын мерзімде қабылданған шаралар туралы Президент Әкімшілігін хабардар ете отырып жол беріледі. Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау мерзімдерін қайта ұзартуға Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының шешімі бойынша айрықша жағдайларда, мемлекеттік саяси қызметшілердің және ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарының тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарап және бір айдан аспайтын мерзімде қабылданған шаралар туралы Президент Әкімшілігін хабардар ете отырып жол беріледі. Президенттің орындау мерзімі үш айдан асатын актілерін және/немесе тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындау мерзімдерін қайта ұзарту туралы ұсынысты Президент Әкімшілігіне орындаушы мемлекеттік орган (ұйым), Үкіметтің өкілеттіктері қозғалатын жағдайларда – Премьер-Министрмен (оның міндетін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келісілгеннен кейін оны орындау мерзімі аяқталғанға дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді. Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесі осы ұсыныс келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырманың орындалмау себептерін анықтау мәселесі бойынша тексеру жүргізеді және оның нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды. ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 8-12-тармақпен толықтырылды 8-12. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы мәселелер жарты жылда кемінде бір рет Үкімет отырыстарында, мемлекеттік органдардың алқа мәжілістерінде және ұйымдардың кеңестерінде қаралады. ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 8-13-тармақпен толықтырылды 8-13. Актілер мен тапсырмалардың орындалу сапасын бағалау қорытындысы бойынша Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, Үкімет Басшылығының барлық тапсырмаларына қойылатын талаптарға сәйкестігіне түгендеу (аудит) жүргізеді. ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 8-14-тармақпен толықтырылды 8-14. Жүргізілген түгендеу қорытындысы бойынша Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі осы Регламенттің 8-тармағының екінші бөлігінің талаптарын сақтамағаны үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ актілерді немесе тапсырмаларды дайындауға және келісуге жауапты мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы ұсыныстар енгізеді. ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 8-15-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.12.06. № 647 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.26.09. № 707 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 18-15-тармақ жаңа редакцияда 8-15. Мемлекеттік органдарда Президенттің, Тұңғыш Президент - Елбасының және Премьер-Министрдің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың уақтылы орындалуы мен сапасы үшін жауапкершілік осы Регламенттің 128-тармағында көрсетілген лауазымды тұлғаларына жүктеледі. ҚР Үкіметінің 2019.11.04. № 185 Қаулысымен 8-16-тармақпен толықтырылды 8-16. Үкімет басшылығының тапсырмалары бойынша ақпараттың дұрыстығы және мемлекеттік органдардың интранет-порталында (бұдан әрі - МОИП) уақтылы орналастырылуы үшін жауапкершілік мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жүктеледі. ҚР Үкіметінің 2021.22.06. № 429 Қаулысымен 8-17-тармақпен толықтырылды 8-17. Тиісті салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру және артық құжат айналымын қысқарту жөнінде шоғырландырылған ұсыныстар тұжырымдау мақсатында мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметі аясында мерзімді есептер мен баяндамалар және жыл сайын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен бекітілетін мемлекеттік органдардың Мемлекет басшысының атына ақпарат, баяндамалар мен есептер беру кестелері арқылы жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |