|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қарашадағы № 1137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Мемлекетке тиесілі акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қарашадағы № 1137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 40, 367-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекетке тиесілі акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесінде: 1) мәтіндегі «Департамент», «Департаменттің» деген сөздер «Комитет», «Комитеттің» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Акцияларды сатудан алынған ақша заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.»; 3) 15, 23-тармақтардағы «Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі агенттігінің» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 29-тармақтағы «Қаржы министрлігіне» деген сөздер «Үкіметіне» деген сөзбен ауыстырылсын; 5) 34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «34. Акцияларды сатудан алынған ақша заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |