|
|
|
Мемлекетке тиесілі акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара Акциялардың мемлекеттік пакеттерін бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатуды жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекетке тиесілі акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін. 3. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Үкіметінің 1998 жылғы 6 қарашадағы № 1137 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 05.04.00 ж. № 508; 16.11.01 ж. № 1455 қаулыларымен мәтіндегі сөздер ауыстырылды Мемлекетке тиесілі акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ЕРЕЖЕСІ Осы Ереже акциялардың мемлекеттік пакеттерін сатуды жандандыру мақсатында әзірленді және мемлекетке тиесілі акцияларды (бұдан әрі акциялар) бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың тәртібін реттейді. ҚР Үкіметінің 16.11.01 № 1455 қаулысымен 1-бөлімнің тақырыбы өзгертілді 1. Акцияларды Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасы арқылы сатудың тәртібі ҚР Үкіметінің 16.11.01 № 1455 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған отандық рыногында сатылуға тиісті акцияларды биржалық сауда-саттыққа заңнамалық кесiмдерге сәйкес республикалық немесе коммуналдық меншiктi иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік орган (бұдан әрi - Сатушы) делдал компаниялар арқылы шығарады. ҚР Үкіметінің 16.11.01 № 1455 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда 2. Акцияларды сату Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтiн қор биржасының (бұдан әрi - қор биржасы) сауда жүйелерiнде Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы қолданыстағы заңнамасына және тиiстi қор биржасының Биржалық сауда ережесiне сәйкес жүргізіледi. ҚР Үкіметінің 16.11.01 № 1455 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 20.12.04 ж. № 1333 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Акциялардың мемлекеттік пакетiн қор биржасы арқылы сатуға дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мен үйлестiрудi Сатушы Сатушының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттік органдардың немесе олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң уәкiлеттi өкiлдерiнен құрған Мемлекеттік меншiк объектілерін жекешелендiру мәселелерi жөніндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) жүзеге асырады. Комиссия мүшелерiнiң саны кемiнде 5 адамды құрауы тиiс. Комиссияның төрағасы Сатушының өкiлi болып табылады. ҚР Үкіметінің 16.11.01 № 1455 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. Акцияларды қор биржасы арқылы сату туралы шешiмдi Комиссияның ұсынымдарын ескере отырып, Сатушы қабылдайды. ҚР Үкіметінің 16.11.01 № 1455 қаулысымен 4-1 тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 20.12.04 ж. № 1333 қаулысымен 4-1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 4-1. Сату туралы хабарламаны Сатушы Қазақстан Республикасының жекешелендiру туралы заңнамасында көзделген мерзiмдерде мемлекеттік және орыс тiлдерiнде мерзiмдi баспасөз басылымында жариялауы тиiс және онда мынадай мәлiметтер: 1) сауда-саттықтың басталатын күнi мен уақыты; 2) сауда-саттық өтетiн орын; 3) акциялар шығарушының атауы; 4) шығарушы туралы мәлiметтер; 5) сатылатын акциялардың саны; 6) Қазақстан Республикасының жекешелендiру және бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында көзделген өзге де мәлiметтер қамтылуы тиiс. ҚР Үкіметінің 05.04.00 ж. № 508; 16.11.01 ж. № 1455; 23.05.02 ж. № 562 қаулыларымен 5-тармақ өзгертілді 5. Акцияларды сатудан алынған ақша заңдарда белгіленген тәртіппен тиісті бюджетке жіберіледі. 6. Сатушы пен делдал компаниялар арасындағы акцияларды сатуға байланысты туындайтын қарым-қатынастар тиісті шартпен реттеледі. ҚР Үкіметінің 16.11.01 ж. № 1455 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда 7. Бағалы қағаздардың отандық рыногында акцияларды сату құқығына брокерлiк компанияны таңдауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес Сатушы жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 16.11.01 ж. № 1455 қаулысымен 8-10-тармақтар алынып тасталды 11. Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған отандық рыногына шығарылған акциялардың сату бағасын Комиссияның ұсынымы бойынша Сатушы белгілейді. ҚР Үкіметінің 16.11.01 ж. № 1455 қаулысымен 12-15-тармақтар алынып тасталды 16. Комиссияның шешімдері қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. 17. Комиссияның мәжілісі мәжіліс хаттамасына комиссия мүшелерінің кемінде 2/3-і қол қойған жағдайда өткізіледі деп есептеледі. 1) өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты сұрауға және алуға; 2) Комитетке акцияларды сатуға шығару және оларды саудаластықтан алу туралы ұсыныс жасауға құқығы бар. 19. Комиссия мынадай мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлейді: 1) бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы акцияларды сатудың ең төмен бағасын анықтау; 2) сатудың ең төмен бағасын өзгерту, сондай-ақ ең төмен баға жөніндегі шектеулерді жою; 3) акцияларды биржалық саудаластыққа шығарудың мерзімдері мен ұзақтығын, сатудың шекті мерзімдерін және биржалық саудаластықтан алу күнін белгілеу. 20. ҚР Үкіметінің 16.11.01 ж. № 1455 қаулысымен алынып тасталды 5. Акцияларды бағалы қағаздардың халықаралық рыногы арқылы сатудың тәртібі 21. Акцияларының мемлекеттік пакеті бағалы қағаздардың халықаралық рыногы арқылы сатылуға тиісті акционерлік қоғамдардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. ҚР Үкіметінің 16.11.01 ж. № 1455 қаулысымен 22-тармақ жаңа редакцияда 22. Бағалы қағаздардың халықаралық рыногында акцияларды сату жөніндегі менеджердi (бұдан әрi - менеджер) таңдауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тендерлiк комиссия жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 05.04.00 ж. № 508; 28.10.01 ж. № 1369 қаулыларымен 23-тармақ өзгертілді; 16.11.01 ж. № 1455 қаулысымен 23-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 20.12.04 ж. № 1333 қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 23. Қазақстан Республикасының ?кіметi бекiтетiн тендерлiк комиссияның құрамына Сатушының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнiң және өзге де мүдделi ведомстволардың өкiлдерi кiредi. 1) келіп түскен өтінімдерді қарайды; 2) тендердің жеңімпаздарын анықтайды; 3) акцияларды сату жөніндегі менеджерлердің ұсынымы бойынша акцияларды сатудың тәсілі (ашық немесе жеке) туралы шешім қабылдайды. 25. Тендердің жеңімпазы деп комиссиялық сыйақыларды және акцияларды сатуға байланысты дайындық рәсімдерін жүргізуге арналған шығыстар шегеріліп тасталған, акцияларды жинақтаудың деңгейі ескерілген, ең көп кіріс алу жөнінде мемлекетке кепілдік беретін қатысушы танылады. 26. Акцияларды сатуға байланысты шараларды жүзеге асыру үшін менеджерлер екінші деңгейдегі банктерді қаржылық консультанттар ретінде тартуға құқылы. 27. Тендердің нәтижесі бойынша Сатушы арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен менеджерлер арасында келісімге қол қойылады. Келісімнің шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. 28. ҚР Үкіметінің 16.11.01 ж. № 1455 қаулысымен алып тасталды ҚР Үкіметінің 05.04.00 ж. № 508; 16.11.01 ж. № 1455 қаулыларымен 29-тармақ өзгертілді 29. Акциялары бағалы қағаздардың халықаралық рыногы арқылы сатылатын, мемлекет қатысатын Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына қаржылық есептілігіне және шаруашылық әрекетіне алдын ала талдау жүргізгеннен кейін, менеджерлер акцияларды сатуға қажетті шаралардың тізбесін және көрсетілген шараларды өткізуге байланысты шығындардың есебін Сатушыға ұсынады. Мемлекет тарапынан шығындарды барынша азайту мақсатында Департамент шығыстар сметасын түзету жұмыстарын жүргізеді және шығындардың құрылымы мен ең жоғары деңгейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады. ҚР Үкіметінің 16.11.01 ж. № 1455 қаулысымен 30-тармақ өзгертілді 30. Менеджерлер келісімде белгіленген тұрақты негізде жүргізіліп отырған шаралар туралы Сатушыға есеп беріп отырады. 31. Сатушы менеджерлермен және акционерлік қоғамдардың өкілдерімен бірлесе отырып акциялардың мемлекеттік пакетін сату жөніндегі қажетті шараларды өткізуді ұйымдастырады. 32. Менеджерлер мен Сатушы бір-біріне тәуелсіз бағалы қағаздар рыногына мониторинг және ондағы ахуалға және оның даму тенденциясына талдау жүргізеді. 33. Менеджерлер жағдайды талдауын және менеджерлердің ұсынымдарын ескере отырып, негізінде акцияларға жазылушылардың тізімін сатудың ұсынылып отырған бағасын көрсете отырып бергеннен кейін Департамент акцияларды сатудың басталғаны туралы шешім қабылдайды, менеджерлерге тиісті нұсқаулар береді және акцияларды сатып алу-сату келісімін жасасады. ҚР Үкіметінің 05.04.00 ж. № 508 қаулысымен 34-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 16.11.01 ж. № 1455; 23.05.02 ж. № 562 қаулыларымен 34-тармақ өзгертілді 34. Акцияларды сатудан алынған ақша заңдарда белгіленген тәртіппен тиісті бюджетке жіберіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |