|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 6 қарашадағы № 1137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Мемлекетке тиесілі акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 6 қарашадағы № 1137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 40, 367-құжат) мынадай өзгерістер енгізiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекетке тиесiлi акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесінде: 3 және 23-тармақтарда «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-1-тармақта «республикалық ресми баспасөзде» деген сөздер «мерзiмдi баспасөз басылымында» деген сөздермен ауыстырылсын; «сауда» деген сөз «бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын; «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң,»деген сөздер алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |