|
|
|
Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы (2005.25.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 Қаулысымен күші жойылды
Ғылым мен техниканы дамытуға елеулi үлес қосқан ғалымдарды, сондай-ақ талантты жас ғалымдарды қолдау және ғылым саласындағы сыйлықтар мен стипендиялар мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдерді тәртіпке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 05.02.01 ж. № 188; 30.03.02 ж. № 383 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң 2000 жылдан бастап жыл сайынғы, мынадай: жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер үшiн Қ.И. Сәтбаев атындағы екi сыйлық (бiрiншiсi - 200 айлық есептiк көрсеткiш, екiншiсi - 150 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде); гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер үшiн Ш. Уәлиханов атындағы екi сыйлық (бiрiншiсi - 200 айлық есептiк көрсеткiш, екiншiсi - 150 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде); жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк жұмыстары үшiн жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы 50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшеріндегі үш сыйлық; гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмыстары үшiн жас ғалымдарға арналған М. Әуезов атындағы 50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшеріндегі үш сыйлық; аграрлық ғылым саласындағы үздiк ғылыми зерттеулерi мен жұмыстары үшiн А.И. Бараев атындағы үш сыйлық (бiрiншiсi - 200 айлық есептiк көрсеткiш, екiншiсi - 150 айлық есептiк көрсеткiш, үшiншiсi - 100 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде); педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеулерi мен жұмыстары үшiн Ы. Алтынсарин атындағы үш сыйлық (бiрiншiсi - 200 айлық есептiк көрсеткiш, екiншiсi - 150 айлық есептiк көрсеткiш, үшiншiсi - 100 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде); 2002 жылдан бастап: түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі бір сыйлық тағайындау туралы ұсынысы қабылдансын. ҚР Үкіметінің 23.12.02 ж. № 1344; 06.10.03 ж. № 1031; 27.11.03 ж. № 1191 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2.Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген сыйлықтарды тағайындау: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігiне екiншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi, жетiншi, тоғызыншы абзацтарда көрсетiлген сыйлықтар; Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне - 2003 жылдан бастап алтыншы абзацта көрсетiлген сыйлықтар; Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне - алтыншы, жетінші, тоғызыншы абзацтарда көрсетілген сыйлықтар жүктелсін. Ғылым саласындағы сыйлықтарды төлеуге арналған шығыстар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне ғылым, техника және білім саласындағы мемлекеттік сыйлықтар мен стипендияларды төлеуге көзделген бюджет қаражаты шегінде жүргізілсін. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне А.И.Бараев атындағы сыйлықтарды төлеуге көзделген бюджет қаражаты 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне берiлсiн. ҚР Үкіметінің 30.03.02 ж. № 383; 2005.25.01. № 55 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар бойынша (аграрлық ғылымды қоспағанда) үздік ғылыми зерттеулер үшін сыйлықтар берудің тәртібі туралы ережені және Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмыстары үшін жас ғалымдарға сыйлықтар берудің тәртібі туралы ережені, Түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлықты берудің тәртібі туралы ережені бекітсін ҚР Үкіметінің 2005.25.01. № 55 қаулыcымен 3-1-тармақпен толықтырылды 3-1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық ғылым саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстар үшiн А.И. Бараев атындағы сыйлық (үш сыйлық) беру тәртібі туралы ереженi бекiтсін. 4. «Мемлекеттік ғылыми стипендиялар жөніндегі Ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 9 желтоқсандағы № 1501 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 50, 488-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген, Мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы ережедегi: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Мемлекеттік ғылыми стипендиялар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң (бұдан әрi - Министрлiк) Министрлiк алқасының шешiмi негiзiнде шыққан бұйрығымен екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.»; 6-тармақтағы: «мекемелерiнiң» деген сөз «ұйымдарының» деген сөзбен ауыстырылсын; «мен Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясы» деген сөздер алынып тасталсын; «Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясына» деген сөздер «Министрлiкке» деген сөзбен ауыстырылсын. 7-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы» деген сөздер «Министрлiк» деген сөзбен ауыстырылсын; 8-тармақ алынып тасталсын; 9-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі Ғылым академиясының мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау конкурсын өткізу туралы шешiмi және» деген сөздер «Мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау конкурсын өткізу туралы шешім мен» деген сөздермен ауыстырылсын; 10-тармақтағы: «әр жылдың аяғында» деген сөздер алынып тасталсын; екiншi сөйлем алынып тасталсын; 11-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясына» деген сөздер «Министрлiкке» деген сөзбен ауыстырылсын; 13-тармақтағы «мен Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясы» деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын: «13-1. Мемлекеттік ғылыми стипендияларды төлеу мерзiмiнен бұрын: 1) стипендиаттың ғылыми қызметiн тоқтатуы; 2) стипендиаттың Қазақстан Республикасының шегінен тысқары тұрақты тұрғылықты жерге кетуі; 3) стипендиаттың қайтыс болуы; 4) өзге де жағдайларында тоқтатылады. Мемлекеттік ғылыми стипендияны төлеуді мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімді Министрліктің алқасы тиiстi ғалымдар (ғылыми, ғылыми-техникалық) кеңесiнiң ұсынысы негiзiнде қабылдайды.» 5. Қоса берiлiп отырған қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшін жойған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Ш.Ш. Уәлихановтың қайтыс болуының 100-жылдығын өткізу туралы» Қазақстан КП Орталық Комитетi мен Қазақ ССР Министрлер Кеңесiнiң 1965 жылғы 10 ақпандағы № 108 қаулысының 4-тармағы. 2. «Академик Қ.И. Сәтбаевты мәңгiлiк есте қалдыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақ ССР Министрлер Кеңесiнiң 1987 жылғы 14 тамыздағы № 380 қаулысының 1-тармағының үшiншi, төртiншi және бесiншi абзацтары (Қаз. ССР ҮЖ., 1987 ж., № 21, 84-құжат). 3. «Қазақ ССР Ғылым академиясының ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру, материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі шаралар және республикадағы ғылыми кадрлар резервін дайындау туралы» Қазақ ССР Министрлер Кеңесiнiң 1990 жылғы 24 шiлдедегi № 295 қаулысының 10 және 11-тармақтары. 4. «Жер туралы ғылым саласындағы жас ғалымдарға арналған академик Д.А. Қонаев атындағы сыйлық тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 24 тамыздағы № 957 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 36, 396-құжат).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |