|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 Қаулысымен күші жойылды
Түркологияны дамытуға елеулі үлес қосқан ғалымдарды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 22, 243-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ: бесінші абзацта «сыйлық» деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, «тағайындау жөніндегі ұсынысы қабылдансын;»деген сөздер алынып тасталсын; жетінші абзацтан кейін нүктелі үтір қойылып, мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын: «2002 жылдан бастап: түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі бір сыйлық тағайындау туралы ұсынысы қабылдансын.»; 3-тармақ: «бекітсін» деген сөздің алдынан», Түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлықты берудің тәртібі туралы ережені» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |