|
|
|
Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі айдындарында мұнайдың төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспарды бекіту туралы (2007.22.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2012.06.04. № 422 Қаулысымен күші жойылды
«Мұнайдың төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспарды әзірлеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 876 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі айдындарында мұнайдың төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспар (бұдан әрі - Ұлттық жоспар) бекітілсін. ҚР Үкіметінің 2007.22.08. № 730 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Ұлттық жоспардың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне жүктелсін. ҚР Үкіметінің 2005.21.06 № 602 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді .
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы № 676 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2007.22.08. № 730 Қаулысымен жоспардың мәтіні өзгертілді (бұр.ред.қара)
Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнайдың төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспар
«Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнайдың төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспар» (бұдан әрі - Ұлттық жоспар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 876 қаулысына сәйкес әзірленген және Каспий және Арал теңіздерінің қазақстандық секторы мен Қазақстан Республикасының шекарасындағы ішкі су айдындарына қолданылады. Ұлттық жоспар мемлекеттік басқару органдарының қатысуымен жүзеге асырылатын және авариялық жағдайлар мен басқа да себептерден пайда болған мұнайдың төгілуіне дайындықты, оған уақтылы ден қоюды және оның зардаптарын тиімді жоюды қамтамасыз ететін тараптардың күштерінің өзара қимылы мен өзара іс-қимылы мен күш-жігері интеграциясының тәртібін айқындайды. Ұлттық жоспар төгілуге кінәлі айқындалмаған не оның зардаптарын өз күшімен жоя алмайтын жағдайларда қазіргі кездегі немесе бұрынғы өндірістік қызметтің нәтижесінде туындаған мұнайдың төгілуін де қамтиды. Ұлттық жоспарда тікелей іске қосылған тараптарға: теңізде және су айдындарына тікелей жақындықта мұнай операцияларын жүзеге асыратын, мұнайды өңдеумен және көліктік тасымалдаумен айналысатын компаниялар; Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі; Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі; Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі; Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі; Облыстардың әкімдері жатады.
Негізгі терминдер мен айқындамалар
Осы Ұлттық жоспарда қолданылатын терминдер мен айқындамалар мыналарды білдіреді: 1.1. Араласу - жауапты тараптардың өтініші бойынша төгілуді жоюға белсенді түрде араласу жөніндегі не жауапты тарап қолданатын іс-қимылдар жеткіліксіз немесе сәйкес емес болған жағдайда мемлекеттің атынан жүзеге асырылатын кез-келген іс-қимылдарды білдіреді. 1.2. Ішкі су айдындары - Қазақстан Республикасының шекарасында орналасқан көлдер, жасанды су қоймалары және ағыстары. 1.3. Командалық орталық - Ден қою шараларын үйлестіруші төгілуді жоюға байланысты іс-қимылдарды үйлестіру үшін белгілеген орын. 1.4. Жағалаудағы аймақтағы ден қою шараларын үйлестіруші - Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігімен келісім бойынша облыс әкімі жағалаудағы төгілудің зардаптарын жою және Ұлттық жоспардың шеңберінде қоршаған ортаның компоненттерін оңалту жөніндегі қызметке басшылық ету мақсатында алдын ала тағайындаған тұлға. 1.5. Төгілуге ден қою шараларын үйлестіруші - Ұлттық жоспардың шеңберінде төгілулерді жоюмен байланысты іс-қимылдарды жалпы үйлестіруді және басқаруды жүзеге асыру үшін Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссиямен келісім бойынша тиісті мемлекеттік орган тағайындаған тұлға. 1.6. Теңіз - Каспий және Арал теңіздерінің қазақстандық бөлігінің шектеріндегі Каспий және Арал теңіздері суының беті мен тереңдігін, қалыңдығын, сондай-ақ түбін білдіреді. 1.7. Мұнай - шикі мұнайды, отындық мұнайды, мұнай тұнбасын, мұнайдың қалдықтары мен тазартылған мұнай өнімдерін қоса алғанда кез-келген түрдегі мұнайды білдіреді. 1.8. Мұнай операциялары - Мұнайды барлау, өндіру, жерасты қоймалары мен мұнай резервуарларының құрылысын, салу мен пайдалану, құрлықта, өзендердің, көлдердің және өзге де ішкі су айдындарының шегінде жүргізілетін Мұнайгаз құбырларының құрылысын салу және пайдалану жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ Теңізде жүргізілетін Мұнай операцияларын білдіреді. 1.9. Жедел пункт - Жұмыстардың басшысы оқиға болған жерде ден қою жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде байланыс пен басшылықты жүзеге асыру үшін белгілеген орын. 1.10. Ерекше экологиялық сезімтал аудан - Белгілі бір кезеңдерде жануарлар әлемі (құстардың ұшатын немесе ұя салатын, теңіз сүт қоректілерінің жататын, жас балықтар жетілетін және ойнайтын) мен өсімдік қауымдастықтары объектілері шоғырланатын аудан. 1.11. Жауапты тарап - мұнайдың төгілуіне немесе ағызылуына жол берген кез-келген жеке немесе заңды тұлға. 1.12. Мердігер - Құзыретті органмен (уәкілетті мемлекеттік орган) Мұнай операцияларын жүргізуге Келісім-шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға. 1.13. Жағалаулық аймақ - географиялық жағынан теңіздің немесе су айдынының тербеліс деңгейі аймағында орналасқан және/немесе дренаждық сулар немесе жер беті ағын сулары теңізбен немесе ішкі су айдынымен қосылатын және мұнай-газ кәсіпшілігі объектілерінен ластайтын заттар теңізге немесе ішкі су адынына түсуі мүмкін деп ойлауға негіз бар аймақ. 1.14. Бірінші деңгейдегі төгілу - сырттан көмек тартпастан белгіленген тәртіппен келісілген, компания қабылдаған төгілулерді жоюдың тиісті жоспарларының шеңберінде жұмыстарды жүргізу орнындағы жабдықтарды пайдалана отырып, компанияның жергілікті қызметкерлерінің күшімен жойылуы мүмкін жергілікті маңыздағы шағын төгілу. 1.15. Екінші деңгейдегі төгілу - бірінші деңгейдегі ресурстарды пайдалана отырып жоюға болмайтын және ол жауапты тараптың, ал қажет жағдайда осындай компаниялардың/ұйымдардың арасында жасалған көп жақты келісімдерге сәйкес басқа да компаниялардың алдын ала дайындалған жағадағы базаларының қосымша ресурстары мен қызметкерлерін тартуды қажет ететін неғұрлым ірі төгілу. Ерекше күрделі жағдайларда (экологиялық сезімтал аймақтарға, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге байланысты жағалаулық объектілерге қауіп төнгенде) Комиссияның арнайы нұсқауымен Ұлттық жоспар қолданылуға енгізіледі. Қазақстан Республикасының арнайы уәкілеттендірілген органдарының, жергілікті атқарушы органдардың билігіндегі материалдық-техникалық және адам ресурстары іске қосылады. 1.16. Үшінші деңгейдегі төгілу - бұл жою үшін орталық атқарушы органдардың және арнайы келісімдерге сәйкес халықаралық мамандандырылған компаниялардың қызметкерлері көмегі мен ресурстары талап етілетін ірі, бірден-бір немесе созылмалы төгілулер. Төгілуді үшінші деңгейге жатқызу, бір мезгілде, Ұлттық жоспарды қолдануға енгізуді білдіреді. 1.17. Оқиға болған жердегі жұмыстардың басшысы - Ден қою шараларын үйлестіруші осы жоспарға сәйкес басшылықты Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асыратын төгілулерді оқшаулау мен жоюды жүзеге асыру үшін алдын ала дайындалған мамандардың резервінің құрамынан тағайындаған тұлға. Оқиға болған жердегі жұмыстардың басшысы Жағалаулық аймақта ден қою шараларын үйлестірушіге жәрдем көрсетеді. 1.18. Құрылыс - мұнай мен газды іздеу, барлау мен игеру кезінде тікелей пайдаланылатын барлық тұғырнамалар (тұрақты және жылжымалы), бұрғылау қондырғылары, скважиналар, өндіру қондырғылары, мұнай-газ құбырлары, жасанды аралдар, арналар, бөгеттер, үйлер, жолдар, сондай-ақ теңіз құрылысынан өнімді тасымалдау үшін пайдаланылатын кез-келген құрылыс немесе мұнай операцияларының әртүрлі кезеңдерінде пайдаланылып, егер оған жапсырылып бекітілсе, құрылыстың бөлігі саналатын мұнай негізіндегі химиялық заттарды тасымалдайтын қосымша кеме.
2. Ұлттық жоспардың мақсаттары мен міндеттері
2.1. Ұлттық жоспар мұнайдың төгілулерінің қоршаған ортаға, адамның денсаулығына және оның өмір сүру жағдайларына, атап айтқанда, қоса беріліп отырған экологиялық сезімталдықтың картасына сәйкес балық қорларына, жылдам әсер ететін табиғи орталы аудандардың, жағалаудағы аудандардың өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне, су тұщыландыру қондырғыларына арналған су қорғаны орындарына әсерін барынша кемітуді мақсат тұтады. 2.2. Ұлттық жоспардың міндеті: қажетті ұйымдастыру құрылымын құру, мұнайдың төгілуіне дайындықты қамтамасыз ету және оған ден қою жөніндегі шараларды жүзеге асырудың тәртібін айқындау; мұнайдың теңізге және ішкі су айдындарына келіп түсуіне және қоршаған ортаға зиян келтіруге әкеп соқтыруы мүмкін төтенше жағдайлар пайда болған жағдайда, ден қоюдың дайындық шараларын жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді белгілеу және келісу; Қазақстан Республикасының шегінде мердігер компаниялардың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресурстарын, сондай-ақ Каспий жағалауындағы және өзге мемлекеттермен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен келісім-шарттардың (келісімдердің) негізінде тартылатын ресурстарды қоса алғанда, мұнайдың төгілуіне ден қою шараларын қолдану жөніндегі жабдықтарды орналастыру және дайындау жүйесін қалыптастыру болып табылады.
3. Жалпы ережелер
3.1. Осы Ұлттық жоспардың талаптары Каспий және Арал теңізінің қазақстандық секторында, Қазақстан Республикасының ішкі су айдындары мен су ағыстарында мұнайды бұрғылау, өндіру, уақытша сақтау және тасымалдау үшін арналған және/немесе пайдаланылатын құрылыстар мен кемелерді пайдалануды, консервациялауды және жоюды жүзеге асыратын барлық ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының уәкілетті орталық және жергілікті атқарушы органдары үшін міндетті күші бар. 3.2. Келісім-шарттық аумақтарда мұнай операцияларын жүзеге асырушы мердігерлер, Каспий және Арал теңізінің қазақстандық секторында, Қазақстан Республикасының ішкі су қоймаларында және олардың жағалаулық аудандарында жұмыс істейтін кемелер мен мұнай құбырларының, өзге көлік құралдарының иелері жұмыс істеушілердің өмірін және олардың денсаулығының қорғалуы үшін, төгілу жағдайлары туралы орталық және жергілікті атқарушы органдарды құлақтандыру, мұнайдың төгілулерін уақытылы тазарту, олардың алдын алу және жою шараларын қолдану, және қоршаған орта мен халыққа келтірілген зиянның өтелуі үшін жауапты. 3.3. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары белгіленген тәртіппен және осы Ұлттық жоспарға сәйкес Мердігердің, кемелердің және мұнай құбырлары иелерінің олардың қолданылып жүрген талаптарды және тиісті құрылыстар мен кемелерді жобалау, салу, пайдалану, консервациялау және жою кезінде мұнайдың төгілулерінің алдын алу жөніндегі келісілген іс-шаралардың орындалуын, сондай-ақ оларды тіркеу немесе пайдалануға беру жөніндегі қажетті рәсімдердің орындалуын тиісті бақылауды ұйымдастыру үшін жауапты. 3.4. Осы Ұлттық жоспар орталық және жергілікті атқарушы органдарды өз өкілеттіктерінің шеңберіндегі олардың күнделікті жедел ынтымақтастықтан және қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігінен босатпайды. 3.5. Теңіз құрылыстарында, жағалаулық аймақтарда немесе кемежайларда мұнайды немесе басқа да қауіпті заттар заңсыз ағызылған кезде авариялық ағызулар кезіндегідей ден қою шаралары қолданылады. Бұл ретте кінәлі тарап, төгілуді жою жөніндегі шараларды қамтамасыз етуге қосымша, заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты. 4. Дайындық іс-шаралары 4.1. Барлық мүдделі тараптардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етуші ұйымдастыру құрылымын құру 4.1.1. Мұнайдың төгілулеріне ден қоюды ұйымдастыру төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың мемлекеттік жүйесіне (ТЖМЖ) аумақтық-салалық кіші жүйе болып кіреді. 4.1.2. Осы Ұлттық жоспардың шеңберінде мұнайдың төгілулеріне ден қою жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру мен іс-қимылдарды басқару тұрақты жұмыс істейтін Төгілулерге ден қою жөніндегі ұлттық комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) жүктеледі, оның құрамына: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі; Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі; Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі; Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі; Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі; Облыстардың әкімдері кіреді. Олардың уәкілеттігі мұнайдың төгілулеріне ден қоюға қатысуы белгіленген тәртіппен көзделген өзге орталық атқарушы органдар Комиссияға, төгілулерге дайындықты жоспарлау процесінде немесе мұнайдың төгілулеріне ден қою жөніндегі нақты іс-қимылдарға, қажеттілігіне қарай осы органдардың қатысуын қамтамасыз ету үшін жауапты қызметкерлердің тізімін (лауазымы бойынша) береді. 4.1.3. Комиссияның республикалық деңгейдегі тұрақты қызметі Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төрағасының төрағалығымен жүзеге асырылады. 4.1.4. Әсері шекара аралық тұрғыда қауіптілігі ықтимал немесе ерекше экологиялық сезімтал аудандарға немесе адамдардың тұру жағдайлары үшін өмірлік маңызы бар объектілерге қауіп төндіретін төгілулер жағдайында Комиссияны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының бірі басқарады. 4.1.5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ұсынысы бойынша Комиссия құрамын жыл сайын қарап жаңартады. 4.1.6. Мемлекеттік ұйымдар мұнайдың төгілулерінің туындау көзін ескере отырып, Комиссиямен келісім бойынша жауапты тұлғалардың қатарынан Ден қою шараларын үйлестірушілерді тағайындайды. Ден қою шараларын үйлестірушілер мемлекеттік ұйымдар атынан алдын ала дайындықты және ден қою шараларын іске асыру жөніндегі іс-тәжірибелік қызметті мынадай позициялар: Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі - кемелермен авариялар болғанда мұнайдың төгілулері бойынша; Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі - мұнай операцияларын жүргізу кезінде болған мұнайдың төгілулері бойынша; Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі - консервацияланған ескі мұнай скважиналарынан пайда болған мұнайдың төгілулері бойынша; Облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің қатысуымен - жағалаулық аймақтардағы төгілулердің зардаптарын жою бойынша; Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі- жауапты тарап анықталмаған төгілулер бойынша қамтамасыз етеді. 4.1.7. Ден қою шараларын үйлестірушілер төгілудің сипатына және оның пайда болған ауданына қарай төгілулерді жоюға дайындықты және оларды жоюды қамтамасыз ету мәселелерін жедел шешу үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп Командалық орталықтар құрады. Командалық орталықтардың орналасқан орындары алдын ала келісіледі және Ұлттық жоспар бекітілгеннен кейін екі ай ішінде Комиссия мүшелеріне хабарланады. 4.1.8. Кеме және мұнай компанияларының өкілдері төгілулерді оқшаулау және жою жөніндегі шаралардың стратегиясын әзірлеуге тікелей тартылған консультанттар ретінде Комиссиямен ынтымақтастық жасайды, сондай-ақ жағалаулық және жағадағы аймақтардағы мұнайдың төгілулеріне ден қою және оларды жою техникасына қатысты техникалық және экологиялық білікті консультацияларды ұсынады. Олардың іс-қимылдарын оңтайландыру мақсатында ерікті негізде теңізде немесе ішкі су айдындарында жұмыс істейтін компаниялар қауымдастығын құру көзделеді. 4.2. Төгілулердің алдын алу және оған дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар 4.2.1. Ұлттық жоспарды іске асыруға қатысушы барлық тараптар мұнайдың төгілулерінің алдын алу және оған дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті. 4.2.2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі: Ұлттық жоспар бекітілгеннен кейін алты айдың ішінде Каспий теңізі мен оның жағалаулық аймағында өз қызметін жүзеге асырушы мұнай және труба құбырлары, кеме компаниялары өкілдерімен келіссөздер жасасып, оларды аяқтайды және мұнайдың төгілулеріне ден қою жөнінде өзара іс-қимыл жасау және жабдық, қызметкерлер мен басқа да ресурстар нысанында жәрдем алу, сондай-ақ осындай жәрдемге байланысты қаржыландыру, міндеттемелер мен өтемақыларға қатысты өзара қолайлы келіссөздер жасасуға барлық күш-жігерін салады; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесе отырып төтенше жағдайларда пайдалануға арналған, мұнай мен мұнай өнімдерінің төгілулеріне ден қою шараларын жүзеге асыруға арналған мемлекеттік материалдық резервтер мен қаржы резервін пайдалану тәртібін айқындайды; Ұлттық жоспар бекітілгеннен кейін бір жыл ішінде Каспий теңізінің қазақстандық секторында суға батырылған консервацияланған және жойылған скважиналарды орналастыру және олардың жай-күйінің схемасын дайындайды. 4.2.3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен бірлесе отырып осы Ұлттық жоспар бекітілгеннен кейін алты ай ішінде Қазақстан Республикасының ұйымдары мен ведомстволарында бар және сырттан тартылуы мүмкін жабдықтардың, материалдардың және ден қоюға оқытылған қызметкерлердің тізбелерін дайындайды. 4.2.4. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігімен келісім бойынша, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып су аясы мен жағалаулық аймақта төгілулердің зардаптарын азайтумен байланысты ден қою мәністерін алдын ала әзірлейді, ол үшін: денсаулық сақтау органдарымен келісім бойынша (теңізінде және Қазақстан Республикасының ішкі су қоймаларының акваторияларында мұнай операцияларын жобалау және жүргізу кезінде экологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтау жөніндегі нұсқаулықтың 5.2. бөліміне сәйкес) мұнайдың түрін, су айдыны сипаты мен биотаның ерекшеліктерін, сондай-ақ оларды қолдануға жол берілетін жағдайларды ескеріп Қазақстан Республикасында мұнайдың төгілуі жағдайында қолданылуы мүмкін диспергияланатын және жуатын заттардың тізбесін әзірлеп бекітеді; мұнай мен мұнай өнімдерінің төгілулері жағдайларын уақтылы анықтау мақсатында мұнай операциялары жүргізілетін немесе олар бойынша мұнай тасымалдау жүзеге асырылатын акваториялардың жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізеді; аса жоғары экологиялық осалдықпен сипатталатын учаскелерге қатысты өсімдіктер және жануарлар дүниесі үшін ластаудың созылмалы зардаптарын айқындауға бағытталған мониторинг бағдарламасын әзірлейді; мұнайдың төгілулерін жою кезінде жиналған және ласталған топырақты уақытша жинау, залалсыздандыру және көмуге арналған объектілер орналасатын жерлерді мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып әзірлейді, келіседі және жергілікті өкімет органдарының бекітуіне ұсынады; жиналған мұнайды 2000 жылдың ішінде түпкілікті орналастырудың рұқсат етілген әдістерін (жою, қайта өңдеу) айқындайды және тиісті нормативтік-әдістемелік құжаттаманы дайындайды; мұнайдың төгілулерінің, биотаға оның ішінде балықтардың көшуі мен балық аулауға, сондай-ақ аса жоғары экологиялық ерекше сезімтал аудандардың өсімдіктер және жануарлар дүниесіне әсер етуін бағалаудың әдістерін әзірлейді; қорғау және зардаптарды жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде басымды болып табылатын жағалаулық учаскелерді айқындауды қамтамасыз етеді; 2000-2001 жылдар ішінде Қазақстанның Каспий жағалауы аймағында гидрометеорологиялық желіні қалпына келтіру жөнінде шаралар қолданады (ол үшін бюджетті қалыптастыру, кезінде тиісті ұсыныстар енгізеді), мұнайдың төгілулеріне ден қою кезеңінде дұрыс болжауды қамтамасыз ету мақсатымен гидрометеорологиялық ақпаратпен жедел алмасу жөніндегі ведомстволық мемлекетаралық келісімдердің қорытындыларын дайындайды. 4.2.5. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісім бойынша шетелден келетін авариялық жабдықтар және қажет жағдайда қызметкерлер мен көшіруге арналған ұшақтарды қабылдауды қолдауды қамтамасыз ету мақсатында: тұрақ орындарының санын бағалауды жүргізеді және түсіру жұмыстары үшін жабдықтардың пайдаланылуын және төтенше жағдайларда төгілулерді жою жөніндегі жұмыстар үшін жабдықтар мен қызметкерлер түріндегі сыртқы қолдауды қабылдауға дайындықты қамтамасыз ету үшін ірі әуежайларда оларды автомобильдерге тиеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу мүмкіндігінің жоспарын дайындайды; жергілікті маңыздағы әуежайлар мен ұшу-қону жолдарын пайдалану мүмкіндігін айқындайды және тиеу шектеулерін көрсетіп олардың орналасу картасын әзірлейді; қажет жағдайда мұнайдың төгілуінің нәтижесінде пайда болған жағдайларда байланыс жасау үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі пайдаланатынға қосымша радиожиілік арналарын бөледі (резервтейді). Көрсетілген жоспарларды дайындау және бекіту Ұлттық жоспар бекітілгеннен кейін алты айлық мерзімде жүзеге асырылады, одан кейін олар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне беріледі және Ұлттық жоспардың бөлігі болып табылады. 4.2.6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі (Кеден комитеті) Ұлттық жоспар бекітілгеннен кейін алты ай ішінде: дүлей зілзалалардың, авариялар мен апаттардың зардаптарын жою үшін уақытша пайдалануға мемлекеттік органдар мен мекемелерге берілетін тауарлар мен жабдықтардың уақытша әкелінуін (әкетілуін) кеден төлемдері мен салықтардан босатылуын қамтамасыз етеді; белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік және құқықтық кесімдеріне тиісті өзгерістер енгізеді. 4.3. Мердігерлер мен кеме компанияларының мұнайдың төгілулерінің алдын алуды жоспарлауы 4.3.1. Мердігерлер мен кеме компаниялары (бұдан әрі - компаниялар) құрылыстың немесе кеме қызметкерлерінің мұнайдың төгілуінің жағдайында қолданатын ден қоюды жоспарлаудан, дайындық пен шаралардан тұратын қолданылып жүрген заңнаманың, нормативтік құқықтық кесімдердің және халықаралық кесімдердің талаптарына сәйкес Мұнайдың төгілуінің алдын алу және оның салдарын жою жөніндегі жоспарды әзірлеуге тиіс. 4.3.2. Мұнайдың төгілулерінің алдын алу және оның зардаптарын жою жөніндегі жоспарға: мұнайдың төгілулері мүмкін жерлерде объектілердің орналасуы; экологиялық сезімтал аудандардың тәптіштелген картасы мен әрбір түрі бойынша сезімталдықтың маусымдық шолуы; төгілудің барлық мүмкін қаупін анықтау; әртүрлі санаттағы төгілулерді жою жөніндегі жабдықтардың, көлік құралдарының, материалдардың, қызметкерлердің және жұмыс әдістемесінің тізімі, орналасқан орны мен түрлері; пайдалануға болатын диспергаторлардың тізбесі; әртүрлі санаттағы төгілулерді жою жөніндегі жұмыстарды бастауға және аяқтауға қажет уақыттың есебі;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |