|
|
|
Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарлама туралы (2002.23.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарлама бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі екі апта мерзім ішінде Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 маусымдағы № 833 қаулысымен бекітілген
Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарлама ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 563 қаулысымен бағдарлама өзгертілді және толықтырылды
Бағдарламаның мақсаты Бағдарламаның мiндеттерi Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер 1. Кедейлiкпен күрес 1.1. Кедейлiк деңгейiн бағалау 1.2. Әлеуметтiк саясат туралы 1.3. Халықтың әлеуметтiк осал жiктерiн мемлекеттік қолдау шаралары 1.3.1. Зейнеткерлер 1.3.2. Оралмандар 1.4. Еңбекке қабiлетсiз адамдар 1.4.1. Мүгедектер 1.4.2. Балалар 1.5. Кедейлiк шегi және мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек 2. Жұмыссыздықпен күрес - кедейлiктi жоюдың негiзгі шарты 2.1. Жұмыссыздық деңгейiн бағалау 2.2. Өнеркәсіпте жаңа жұмыс орындарын құру 2.2.1. Машина жасау 2.2.2. Жеңiл өнеркәсiп 2.2.3. Тамақ өнеркәсiбi 2.2.4. Көмiр өнеркәсiбi 2.2.5. Мұнай-газ және мұнай өңдеу өнеркәсiбi 2.2.6. Тау-кен металлургия өнеркәсібі 2.2.7. Химия өнеркәсiбi 2.3. Ауыл шаруашылығы 2.4. Шағын бизнес және кәсiпкерлiк 3. Халықты жұмыспен қамтудың аймақтық саясаты 4. Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегi шаралар 5. Ішкі еңбек рыногын қорғау 6. Шағын несиелер 7. Қоғамдық жұмыстар 8. Бағдарламаның орындалуын құқықтық қамтамасыз ету 9. Бағдарламаның орындалуын ақпараттық қамтамасыз ету Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүзеге асыру және негiзiнен еңбекке жарамсыз аз қамтылған азаматтарға, сондай-ақ еңбек рыногындағы неғұрлым жағдайы осал халық санаттарына атаулы көмек көрсету есебiнен кедейлiктiң ауқымын қысқарту және жұмыссыздық деңгейiн төмендету. Бағдарлама Қазақстанда әр отбасының кемiнде бiр мүшесiн жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған және жұмысы жоқ халықты еңбек қызметiне ынталандыратын жаңа жұмыс орындарын құруды көздейдi. Экономиканың өсуi негiзiнде әлеуметтік салада дәйектi реформа жүргiзу арқылы халықтың тұрмыс деңгейiн тұрақтандыру және арттыру, ең алдымен халықтың әлеуметтiк осал жiктерiн әлеуметтiк бейiмдеу; экономикалық оңалту және әлеуметтiк қолдау көрсету шаралары негiзiнде кедейлiкпен нақты күрес жүргiзу. Елдiң тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз ету процестерiне қауiп төндiрмейтiндей көрсеткiштерге дейiн жұмыссыздық деңгейiн төмендету. Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету Кедейлiк деңгейіндегі аймақтық айырмашылықтарды ескере отырып, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтiк көмекке мемлекеттік бюджеттен 2002 жылы - IЖӨ-нiң 1 % мөлшерiнде қаражат бөлу көзделуде. Сонымен қатар, Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету донор-елдер бөлетiн техникалық гранттар, ерiктi қайырымдылықтар арқылы да жүзеге асырылатын болады. Проблеманы шешудiң қосымша факторы республикалық бюджеттен зейнетақылар мен жәрдемақыларды уақытылы төлеу болып табылады. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер Кедейлiк ауқымын 1999 жылмен салыстырғанда 2002 жылға қарай 8,7 %-ға қысқарту. Жұмыссыздық деңгейiн 2000 жылғы 13,5%-дан 2002 жылдың аяғында 9%-ға дейiн төмендету. Төменде Қазақстан Республикасының халықтың саны, еңбек ресурстары және жұмыссыздықты азайту туралы 2001-2002 жылдарға арналған мәліметтер келтіріледі, (мың адам).
Бағдарламаны iске асырудың есебiнен 2000-2002 жылдары 400,4 мың жұмыс орнын құру, бұрыннан бар жұмыс орындарының санын азайтуға жол бермеу көзделедi. Квоталаудың есебiнен 82 мың жұмыс орны сақталатын болады. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асыру 295,1 мың адам үшiн жұмыс орнын құруға мүмкiндiк бередi. 52,8 мың жұмыссыз адам кәсiптiк оқуға және қайта даярлауға тартылады. 1.1. Кедейлiк деңгейiн бағалау Қазақстанда нарық реформалары кезеңiнде жұмыс iстеуге қабiлетті халықтың экономикалық белсендiлiгi едәуiр қысқарып кеттi. 1991 жылдан бастап халықтың табысы азайып, кедейлiгi артты. Осы уақытта, статистикалық деректерге қарағанда, ең ауқатты және ең кедей азаматтардың ақшалай кiрiстерiнiң арасындағы алшақтық 4 еседен 11 есеге дейiн өсiп кеттi. Сонымен бiрге, кiрiстердi екiншi рет және одан кейiн қайта бөлудi, қайырымдылық көмегiн және есепке алынбайтын кiрiстер көздерiн статистика есепке алмайды. Осыған байланысты, облыстар әкiмдерiнiң деректерi бойынша аз қамтылған халықтың саны 19%-ға жуықты құраЙды. Ең төменгi күнкөрiс мөлшерiн жан басына шаққандағы ақшалай кiрiс мөлшерiне қатысты есептегенде едәуiр сәйкессiздiк байқалады. 1999 жылы ең төменгi күнкөрiс мөлшерiне орташа айлық еңбекақының шамасы Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды облысында тиiсiнше 140%, 120% және 110% құраса, Ақмола және Алматы облыстарында тек 60%-ға жуықты құрайды. Маңғыстау облысында ең төменгi күнкөрiс деңгейi орташа республика бойынша алғандағыдан 47%-ға асады, мұның өзiнде ақшалай кірiстермен 82 %-ы ғана қамтамасыз етiлген. Еңбекақы мен ең төменгi күнкөрiс деңгейiне қатысты есептеу коэффициентiн пайдалану кедей аудандардың жартысынан астамы Алматы, Оңтүстiк Қазақстан облыстарында шоғырланғанын көрсетедi. Еңбекақы мөлшерiнiң ең төменгi күнкөрiс деңгейiне қатысты есептеу коэффициентiнiң 15 пайызынан аспайтын мөлшерi кедей аудандарға жатқызудың өлшемi болып табылады. Қазақстандағы кедейлiк пен жұмыссыздықтың негiзгi себептерi: 1) халықтың тұрақты тұратын жерінде сұранысқа ие жұмыс орындарының болмауы; 2) нарыққа көшу жағдайында халықтың кәсiпкерлiкпен айналысуға және жұмыс iздеуге даяр болмауы; 3) шағын және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қаржы және материалдық ресурстарға қол жеткiзуiнiң шектеулiлiгi; 4) шағын және жеке кәсiпкерлiкті қолдау инфрақұрылымының, соның ішінде ақпараттық және оқытумен қамтамасыз етудiң нашар дамуы; 5) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қолданылып жүрген заңнамада көзделген өздерiнiң құқықтары мен жеңiлдiктерiн жеткiлiктi пайдаланбауы; 6) тауар өндiрумен айналысатын шағын кәсiпкерлiкке атаулы мемлекеттік қолдау көрсетудiң жеткiлiктi түрде ашық жүргiзiлмеуi; 7) инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды iске асыру кезiнде пайдаланылатын кең тараған мамандықтар бойынша шетелдiк жұмысшылар әкелуге жеткiлiктi бақылаудың болмауы; 8) жергiлiктi атқарушы органдардың аз қамтамасыз етiлген азаматтарға әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асырудағы мүмкіндiктерiнiң жеткiлiксiздiгi, нақты мұқтаж адамдарды анықтау жөнiнде халық арасында мониторингтің толық жүргiзiлмеyi; 9) жұмыс iстеп жатқан ұйымдардың базасында немесе жаңа ұйымдар құруға қоса қатысу арқылы жұмыс орындарын құруға жәрдемдесудi ұйымдастыруда жергiлiкті органдардың белсендiлiгiнiң жетiспеуi; 10) бағасы арзан шетелдiк тауарлар әкелiнуiне байланысты отандық тауарлардың бәсекеге төтеп бере алмауы. Халыққа әлеуметтік көмек көрсетудегi оң өзгерістер 2000 жылдан бастап байқалатын болады және оның бүкiл жүйесiн реформалау туралы айтуға болады. Бұл орайда, бұрын азаматтардың жекелеген санаттарына берiлiп келген және кейiннен ақшалай өтемақыларға ауыстырылған заттай жеңiлдiктер қайтарылмайды. Халықты әлеуметтiк қорғаудың негiзгi бағыты кедейлiкпен күрес жүргiзу болады. 2000 жылы: 1) "Қазақстан Республикасындағы арнаулы әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына алушылардың жекелеген санаттарына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асыру бөлігінде өзгерістер енгiзiлетiн; 2) отбасының құрамына және жиынтық табысына қарай бюджеттiң мүмкiндiктерi ескерiле отырып, мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудiң мөлшерi белгiленетін; 3) азаматтардың жиынтық табысын айқындаудың әдiстемелiк тәсiлдерi жетiлдiрiлетiн; 4) елдi мекендердiң бәрiнде есепке алуды және есеп берудi бiр жүйеге келтiру үшiн аз қамтамасыз етiлген азаматтардың есеп кәртiшкесi енгiзiлетiн; 5) қайырымдылық қызметiн көтермелеу жөнiнде шаралар қабылданатын болады. 2001-2002 жылдары: 1) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауды уәкілетті орган тиісті бюджетте атаулы көмек көрсету үшін көзделген сома шегінде жүзеге асыратын болады; 2) әлеуметтiк қорғау жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды қысқартуға тыйым салу енгiзiледi; 3) атаулы әлеуметтiк көмек көрсету бағдарламасы жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлiк шегiнен төмен болатын Қазақстанның барлық азаматтарын қамтитын болады; 4) оларға одан әрi қарай жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету мақсатында еңбекке қабiлетті жастағы жұмыс iстейтiн бiр де бiр мүшесi жоқ, аз қамтылған отбасыларының есебiн жүргiзу жалғастырылатын болады. 1.3. Халықтың әлеуметтiк осал жiктерiн мемлекеттік қолдау шаралары 1.3.1. Зейнеткерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі зейнетақылар мен жәрдемақылардың уақытылы төленуiн қамтамасыз етедi. Зейнетақының мөлшерiн жыл сайын өсiрiп отыру көзделедi. Ең төменгi зейнетақы алатын жалғызiлiктi зейнеткерлерге айрықша көңiл бөлiнетiн болады. 2000-2002 жылдары өзiнiң тарихи отанына қайтып оралған 38,5 мың оралман жұмысқа орналасуға мұқтаж болады деп күтiлуде. Оларды халқы көп облыстардан өзге облыстардың барлығына орналастыру көзделiп отыр. Оралмандарды жұмысқа орналастыру проблемаларын шешу үшiн оларды оқыту және қайта оқыту, қоғамдық жұмыстарға қатыстыру, белгiленген квота есебiнен жұмысқа қабылдау, сондай-ақ қосымша жұмыс орындарын құру көзделуде. 1.4. Еңбекке қабiлетсiз адамдар 1.4.1. Мүгедектер Мүгедектердiң кедейлiгi проблемасын шешу: 1) мүгедектердi оңалту, оларды қоғамға кiрiктiрудi нығайту, бағытталған бағдарламаларды, кембағал балаларды әлеуметтiк және түзетупедагогикалық қолдауды жетiлдiру жөніндегi заңнама базасын жасауды, белгiлi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейiмделу орталықтарын ұйымдастыруды; 2) жүйке аурулары ауруханалары мен мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымдары жанындағы емдеу-өндiрiстiк шеберханаларында мүгедектердi еңбекпен емдеудi кеңейтуден, медициналық-әлеуметтiк сараптау негiзiнде айқындалатын мүгедектердi медициналық, кәсiптiк және әлеуметтiк оңалту жүйесiн жетiлдiрудi; 3) интернат үйлерiнде санаторийлерде, ауруханаларда, сондай-ақ үй жағдайында пайдаланылатын протездiк-ортопедия бұйымдарын неғұрлым жаңа және жетiлдiрiлген технологиялар бойынша жасауды және балалар мен ересектерге арналған мүгедектiк арбаларын, мүгедектер, қарттар және тiрек-қозғалу аппараты бұзылған ауруларға арналған шағын механикаландырылған оңалту құралдарын шығаруды ұйымдастыруды; 4) жәрдемақыларды уақытында төлеудi қамтамасыз етудi; 5) жұмыспен қамту қызметтерiнiң жұмыс берушiлердiң, кәсiподақтардың қатысуымен мүгедектердi жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларын iске асыруды; 6) жұмыс берушiлердiң өндiрiсте жарақат алған еңбекшілерге қатысты әлеуметтiк жауапкершiлiгiн күшейтудi; 7) мемлекеттік әлеуметтiк тапсырыстарды мүгедектерi басым мамандандырылған ұйымдарда орналастыруды қамтитын болады. Жетiмдер, үйсiз балалар, жағдайы нашар отбасыларындағы жұмыс iстеуге мәжбүр балалар, мүгедек балалар, құқық бұзушы жас балалар ерекше көңiл бөлудi және көмектi қажет етедi. Жетiм балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, балаларға күтiм жасайтын мекемелерде (балалар үйлерiнде-интернаттарында, мамандандырылған білім беру ұйымдарында, отбасылық үлгiдегi балалар деревняларында, әскери үлгiдегi мектеп-интернаттарда тәрбиеленушi балаларға білім алу, емделу, әлеуметтiк қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалатын болады. Балалардың қаңғыбастыққа салынуына байланысты осы әлеуметтiк құбылысты жою жөнiнде жедел шаралар қолданылатын болады. Барлық облыстарда панасыз балалар үшiн - панасыздық себебiн анықтаған және олардың одан әрi тағдырын айқындаған кезеңге ұстайтын жетiмханалар құрылатын болады. Республикада құрамы 5 мыңға жуық баланы құрайтын 35 балалар үйi және 114 отбасылық үлгiдегi балалар үйi мен асырап алынған балалар үйi бар Балалардың интернат-үйлерiнiң жұмыс iстеу практикасы өзгертiлетiн болады. Бұл балалар кәмелетке толғанда оларды жұмысқа орналастыруға және тұрғын үй беруге жәрдем көрсетiлетiн болады. 1.5. Кедейлiк шегi және мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек Ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табысы бар халық санын Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгi тоқсан сайын есептеп отырады. "Ең төменгi күнкөрiс деңгейi туралы" Заңға сәйкес кедейлiк шегi мемлекеттiң экономикалық мүмкіндiктерiне қарай белгiленедi және ол аз қамтамасыз етiлген азаматтарға әлеуметтiк көмек көрсетудiң өлшемi қызметiн атқарады. Кедейлiк шегiнiң мөлшерiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі тоқсан сайын күнкөрiс деңгейiнен пайызбен белгiлейдi. Атаулы әлеуметтiк көмек ақшалай төлемдер түрiнде жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен берiледi. Аз қамтылған азаматтарға берiлетiн атаулы әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн анықтаудың тәртібін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының өкiлеттi органдары белгiлейтiн болады. Атаулы әлеуметтiк көмектiң мөлшерi отбасының орташа жан басына шаққандағы табысына байланысты болады. Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға атаулы әлеуметтiк көмек көрсету, кезiнде учаскелік комиссиялардың атаулы әлеуметтік көмек беру қажеттігі туралы қорытындылары ескерiлетiн болады. Әлеуметтiк көмектi алуға құқық отбасының жан басына шаққандағы кiрiсi туралы деректер негiзінде белгiленетiн болады. 2. Жұмыссыздықпен күрес - кедейлiктi жоюдың негiзгі шарты 2.1. Жұмыссыздық деңгейiн бағалау Қазақстанның нарыққа көшуi жұмыс iстеуге қабiлеттi адамдардың жұмыспен қамтылуын төмендетiп жiбердi. Жұмыссыздық көбейiп кеттi. Жұмыс күшiнiң көлеңкелi рыногы дамыды. Ресми түрде тiркелген жұмыссыздықтың деңгейi немесе жұмыс iздеп жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi органдарға өтiнiш жасаған азаматтардың үлесi экономикалық белсендi халықтың 4,4 %-ын құрайды. Қазақстанда қатарына жұмыс iстеуге қабiлеттi жастағы оқушылар, өндiрiстен қол үзiп оқып жүргендер, экономикалық қызметпен айналыспайтын және оқымайтын жұмыс iстеуге қабiлеттi тұрғындар, жұмыс iстемейтiн көп балалы аналар, үй шаруасындағы әйелдер және басқа да жұмыс iстемейтiн адамдар енетін жұмыссыздардың үлесi 2000 жылдың басында халықтың 13,5 %, ал жекелеген аймақтар бойынша 15% және одан да көп пайызды құрайды. Статистика жөніндегі агенттiк республикадағы аймақтар мен салалар шегіндегі жұмыссыздық деңгейiнің сараптық көрсеткiштерiн және жұмыспен қамтылған санын тоқсан сайын берiп отыратын болады. Қазiргi уақытта республикада 28,6 мың адам жұмыс iстейтiн 407 ұйым тоқтап тұр. 125,4 мың адам жұмыс iстейтiн 646 ұйым iшiнара тоқтап тұрса, жұмыс iстейтiндердiң саны 3,7 мың адамды құрайтын 289 ұйым толық емес жұмыс күнiне ауысқан. Сонымен бiр мезгiлде, ауыл шаруашылығы ұйымдарын мемлекет иелiгiнен алу процесiнде 2,3 миллион азамат өзiнiң қалауы бойынша кез келген уақытта пайдалана алатын шарттық жер үлесіне ие болғандықтан барлық жұмыс iстемейтiн азаматтар, әсiресе ауылдық жерлерде толық мәнiнде жұмыссыздарға жатқызылмауы мүмкiн. 1691,6 мың отбасының жеке қосалқы шаруашылығын жүргiзуi үшiн 939,9 мың отбасының бағбандық үшiн және 57,6 мың отбасының бау-бақша үшiн жер учаскелерi бар. Жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген азаматтардың орташа жасы 45-50 жасты құрайды, 45 жастан асқан жоғары және арнаулы білімi бар әйелдердiң мамандығы бойынша жұмыс табу перспективасы жоқ. Ауылдық жерлерде, шағын қалалар мен жұмысшы кенттерiнде жұмысқа орналасу проблемасы бұдан да өткiр. Тiптi отбасы мүшелерiнiң бiрде бiреуi жұмыс iстемейтiн отбасылары пайда болды. Халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкiлеттi органдарға жұмыс берушiлер мәлiмдейтiн бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) саны айына 8-9 мыңнан аспайды. Орташа есеппен республикада бiр жұмыс орнына 29 жұмыссыз үмiт артады. Жұмыспен қамту ахуалы өнеркәсiп ұйымдары қала құраушылар болып табылатын қалалар мен жұмысшы кенттерiнде ерекше өткiр күйде қалып отыр. Аграрлық сектордағы өндiрiс көлемiнiң құлдырауы да халықты жұмыспен қамтуға керi әсерiн тигiзуде. Ауыл тұрғындарының арасында, әсiресе жастардың қалаларға, экономикалық құрылымы неғұрлым дамыған аймақтарға күнкөрiс iздеп қоныс аудару процесi күшейдi. 2000-2002 жылдарда болжамдарға сәйкес еңбек рыногындағы ахуал мынадай факторлардың әсер етуiмен қалыптасатын болады: 1) қалған мемлекеттік ұйымдарды жекешелендiру процестерiнiң жалғасуы экономиканың аграрлық секторындағы реформалардың күшеюi; 2) бюджет саласындағы реформалар, мемлекет функцияларының едәуiр көлемiнiң жеке секторға аударылуы; 3) дәрменсiз өндiрiстердiң банкроттығы және тарату рәсiмдерiнiң жеделдетiлуi, жұмыс күшiн босату ауқымының өсуi; 4) тiкелей шетелдiк инвестициялар мен сыртқы заемдар тарту жолымен жоғары технологиялық және еңбектi көп тiлейтiн жаңа өндiрiстердi, инфрақұрылым және әлеуметтiк сала объектiлерiн салуға және құруға бағытталған инвестициялық белсендiлік; 5) жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған импорт алмастыру тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын жандандыру; 6) Қазақстан Республикасындағы шағын кәсiпкерлiктi дамытудың және қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру; 7) Шағын несие беру бағдарламасын кеңейту; 8) ауыл тұрғындарының қалаға көшуi, урбанизация процестерiн дамыту. Жұмыссыздықпен күрестi қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын белсендi iс-қимылдар мыналарды көздейтiн болады: 1) болашағы бар салалар мен өндiрiстердегi экономикалық тиiмдi жұмыс орындарын сақтап қалу және санын көбейту; 2) түрлі қаржыландыру көздерін тарту есебінен инвестициялық белсенділікті арттыру жолымен жұмыс орындарын құру; 2-1) шетелдік жұмыс күшін отандық еңбек рыногына жасырын әкелуді болдырмау; 2-2) еңбек қатынастарын заңдастыру жөнінде шаралар қабылдау; 3) шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау, өзінің меншікті ісін ашуға ұмтылған азаматтардың еңбек және кәсіпкерлік бастамашылығын қолдау; 4) қоғамдық жұмысты ұйымдастыру және түрлерін кеңейту; 5) жеке қосалқы, бағбандық және бау-бақшалық шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелерін беру; 6) еңбек рыногының сұраныстарын ескере отырып, жұмыссыздарды даярлау мен қайта даярлауды жетілдіру; 7) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі мәліметтердің жалпы республикалық ақпараттық-талдау базасын кеңейту; 8) шағын несие беру жүйесін жетілдіру; 9) жұмыспен қамту лотереяларын дамыту. Төменде аймақтар шегінде жұмыссыздықтың болжамды деңгейі туралы мәліметтер келтірілді:
2.2. Өнеркәсіпте жаңа жұмыс орындарын құру 2000-2003 жылдары жұмыс орындарын құруда жеңіл, тамақ өнеркәсіптері, минералдық тыңайытқыштар өндірісі, машина жасау, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамытумен тікелей байланысты өнеркәсіп салалары басым бағыт алмақшы. Жұмыс істеп тұрған өндірістерді сақтау мен олардың жұмысқа қосылуын ұлғайту, сондай-ақ жаңа өндірістер құру импорт алмастыру бағдарламасын іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады. 2.2.1. Машина жасау Машина жасауда жұмыс орындарын құрудың негізгі бағыттары: 1) импорт алмастыру есебiнен машина жасау өнiмдерi өндiрiсiн дамыту жұмыс iстеп тұрған өндiрiстер жағдайында 2000 жылы 200 млн. АҚШ доллары көлеміндегі өндiрiстi қалпына келтiрудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi; 2) сала ұйымдарында конверсиялық бағдарламаны iске асыру сапасы бойынша бәсекелестiк қабiлетi мол, iшкi және әлемдiк рынокке қажеттi өнiмдердi, оның iшiнде күрделi техника мен жабдықтар өндiрiсiн игеруге мүмкiндiк бередi; 3) ауыл шаруашылығы техникасының өндiрiсiн ұйымдастыру, тау-кен шахталары мен мұнай-газ өндiрiсiне қажеттi машиналар жасауды дамыту; 4) iрi және орта машина жасау ұйымдарының тапсырыстары бойынша жұмыс iстейтiн шағын ұйымдардың тармақталған жүйесiн құру. Машина жасаудағы көрсетiлген бағыттар бойынша жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi қалпына келтiру және дамыту 7500 адамды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етедi. (2000 жылы - 3500, 2001 жылы - 3000, 2002 жылы - 1000). 2.2.2. Жеңiл өнеркәсiп Бағдарламаны 2000 жылы жеңiл өнеркәсіпте iске асырудың бiрiншi кезеңiнде мата және былғары өнеркәсiбiнің iрi өндiрiстерiне басымдық берiледi. Олар жеңiл өнеркәсiптiң келесi буындарын отандық шикiзатпен тоқыма, маталар, былғары тауарларымен қамтамасыз етуге тиiс. Бұл, ең алдымен Шымкент қаласындағы "Южтекс" АҚ базасында құрылған "Адал" ЖШС, Алматы қаласындағы "АХБК-Озат" мақта-мата ұйымдарына, Алматы облысы Фабричный поселкесіндегі "Қарғалы" АҚ, Қостанай қаласындағы "Қостанайматакомпаниясы" ЖШС шұға-мәуiтi өндiрiстiк кәсiпорындарына, Өскемен қаласындағы "Мако" АҚ негiзiнде құрылған "КШТ" ЖШС аралас синтетикалық мата өндiрiсi кәсiпорындарына қатысты. Мақта-мата және жүн иiрмелерi, былғары тауарлар түріндегі жартылай шикiзаттарды шығару тоқыма және шұлық-ұйық ұйымдарын жұмыс iстетуге, дайын мақта-мата және жүн маталар шығаруды ұлғайтуға, былғары бұйымдары өндiрiсiн қалпына келтiруге мүмкiндiк бередi. Жеңiл өнеркәсiптегi iрi және орта ұйымдарда 2000-2002 жылдары барлығы 12 мыңға дейiн жұмыс орнын қалпына келтіру көзделуде. Сонымен қатар, бұл саладағы шағын кәсiпорындарда жаңа жұмыс орындары құрылады, ал бұл 14,2 мың адамды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етедi (2000 жылы - 6,7 мың, 2001 жылы - 5 мың, 2002 жылы - 2,5 мың). 2.2.3. Тамақ өнеркәсiбi Iшкi рыноктағы отандық тамақ өнiмдерiнiң жоғары сұранысына орай саланың тiкелей инвестициялар тартуға қолайлылығы тамақ өнеркәсiбіндегі жұмыс орындарын қалпына келтiрудің және дамытудың негiзгi алғы-шарттары болып табылады. Саланың бiрқатар өндiрiстерiнде әлi де пайдаланылмаған едәуiр қуаттар бар. Тамақ өнеркәсiбіндегі импорт алмастыру бағдарламасында iшкi рынокке ғана емес, сыртқы рынокке де бағдарланған жаңа өндiрiстер басымдығы айқындалды. Ет және сүт өнеркәсiбiнде бұл - ет және ет-өсiмдiктi консервiлер
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |