|
|
|
Қазақстан Республикасының үкiметтiк қарыз алуын және жергiлiктi атқарушы ҚР Үкіметінің 2005.05.02 ж. № 110 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының үкiметтiк қарыз алуын және жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуын жүзеге асыру ережесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бiр айлық мерзiмде заңнамада белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Yкіметінiң бұрынырақта қабылданған шешiмдерін осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстар енгізсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 8 маусымдағы № 874 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының үкiметтiк қарыз алуын және жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуын жүзеге асыру ережесi 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1184 қаулысымен ережеге өзгерістер енгізілді Осы Ереже "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына, "Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңына, заемдарды тарту процесiн реттейтiн және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілiктi атқарушы органдарының қарыз алуын жүзеге асыру тәртібін белгiлейтiн Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрлендi. 2. Үкiметтiк қарыз алуды жүзеге асыру 1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарыз алуы мыналардың: 1) қарыз алудың қаржылық шекараларын белгiлеу; 2) қарыз алудың инвестициялық басымдықтарын анықтау; 3) болжалды үкiметтiк заемдардың тiзбесiн қалыптастыру негiзiнде жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1184 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қарыз алудың қаржылық шекараларын белгiлеу мынадай рәсiмдердi қамтиды: 1) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (бұдан әрi - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен (бұдан әрi - Қаржы министрлiгі) және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен (бұдан әрi - Ұлттық Банк) (келісім бойынша) бiрлесiп, жыл сайын елдiң экономикалық дамуының орта мерзiмдi болжамы құрамында макроэкономикалық көрсеткiштердiң он жылдық кезеңге арналған болжамын әзiрлейдi; 2) қабылданған макроэкономикалық көрсеткiштердi ескере отырып, Қаржы министрлігі Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен және Ұлттық Банкпен (келісім бойынша) бiрлесiп, үкiметтiк қарыз алу мен борыштың жай-күйiне және алдағы онжылдық кезеңге арналған болжамына жыл сайынғы бағалау жүргiзедi; 3) үкiметтiк қарыз алу мен борыштың жай-күйiн бағалау және алдағы онжылдық кезеңге арналған ұзақ мерзiмдi болжамы негiзiнде Қаржы министрлігі үкiметтiк борыштың жоспарланып отырған жылға арналған рұқсат етілетін деңгейiн, оны өтеу мен қызмет көрсетудiң рұқсат етiлетiн көлемiн айқындауды жүргiзедi. Үкiметтiк қарыз алу қаржы жылы ішiнде тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген үкiметтiк борыштың лимитiмен және үкiметтiк борышқа қызмет көрсетуге жұмсалатын қаражат көлемiмен шектеледi. 3. Қарыз алудың инвестициялық басымдықтарын айқындау өзiне мынадай рәсiмдердi қамтиды: 1) Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі орталық мемлекеттік органдармен бiрлесiп, "Қазақстан - 2030" Стратегиясының, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Iс-қимыл бағдарламасының, Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) шеңберiнде жобаларды іске асыруды дамыту мен талдаудың салалық және аймақтық стратегиялары негiзiнде жыл сайын мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алудың инвестициялық басымдықтарын қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң бекітуiне ұсынады; 2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдар заңнамада белгiленген тәртiппен Бағдарламаға енгізу үшiн ұсынылатын жобаларды дайындауға, ірiктеуге, сараптауға байланысты iс-шаралар жүргiзедi; 3) Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Бағдарламаға енгізу үшiн ұсынылатын жобалардың дерекқорын қалыптастырады және кодтандыруды жүзеге асырады, осы жобаларға экономикалық бағалау жүргiзедi, мемлекеттік қарыз алудың инвестициялық басымдықтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң заемдары есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын жобалар тiзбесiнiң Бағдарламасын қалыптастыру жөніндегі Комиссияның қарауына ұсынуды және қалыптастыруды жүзеге асырады, Бағларламаның жобасын дайындау және Қазақстан Республикасының Yкіметіне бекіту үшiн жобаны немесе оның өзгерiстерiн, толықтыруларын енгізудi жүргiзедi. 4. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру үшiн тартылатын болжалды үкiметтiк заемдардың тiзбесiн қалыптастыру өзiне Қаржы министрлігінiң мыналарды: 1) Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бiрлесiп, қолданыстағы сыртқы заемдардың тiзбесiн және қаражат түсiмдерiнiң жылдық көлемiн; 2) Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен және мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесiп, өздерiнiң дайындық дәрежесiн, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң сыртқы борышының жинақталған қалдығы деңгейiн және халықаралық қаржы ұйымдарымен және дамуға ресми көмектiң донор-елдерi үкiметтерiмен басқа да сыртқы кредиторлармен өзара iс-қимылдың перспективасын ескере отырып, қаражат түсiмдерiнiң жылдық көлемiн және қол қоюға әзiрленiп жатқан бағдарламалық және инвестициялық сыртқы заемдардың болжалды тiзбесiн; 3) республикалық бюджеттiң тапшылығын сыртқы көздердiң есебiнен қаржыландыру, iшкi борыштың жинақталған қалдығы мен несие капиталының iшкi рыногы конъюнктурасын талдауды негiзге ала отырып көзделген қаржы құралдарын және ішкi қарыз алудың көлемдерiн; 4) капиталдардың халықаралық рыноктарында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды қоса алғанда, жоғарыда санамаланған көздермен жабылмаған бюджеттiң тапшылық бөлiгiн қаржыландыру үшiн қарыз алудың өзге де болжалды көздерi мен құралдарын айқындауын қамтиды. Қарыз алудың қаржылық шекараларын және болжалды үкiметтiк заемдардың тiзбесiн ескере отырып, Қаржы министрлігі болжалды көздер мен құралдар бойынша республикалық бюджеттiң берiлген тапшылығын қаржыландырудың болжамды есептемелерiн жүзеге асырады, солардың негiзiнде үкiметтiк борышты, жоспарланып отырған жылға арналған үкiметтiк борыштың лимитiн өтеу мен қызмет көрсетуге жұмсалатын қаражаттың көлемiн есептейдi және осы ұсыныстарды республикалық бюджеттi қалыптастыру жөніндегі Бюджет комиссиясына жiбередi. 5. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын атқару шеңберiнде нақты үкiметтiк заемды тарту туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмiн дайындау үшін Қаржы министрлігі мүдделi министрлiктер мен ұйымдарды тарта отырып, мыналарды: 1) несие капиталы рыногының конъюнктурасын зерделеу және қарыз алудың мүмкiндiктерiн бағалауды; 2) тиiстi жылға арналған жаңа үкiметтiк заемдардың есебiнен қаржыландыру көзделiп отырған жобаның қаржылық сипаттамаларын талдауды; 3) қолда бар мүмкiндiктер шеңберiнде жобаны қаржыландыру жөнiнде қағидаттық ұсыныстар дайындауды; 4) үкiметтiк заемды тарта отырып, жобаны қаржыландыру сызбасы жөнінде ұсыныстар дайындауды (нысаны, заем алушылар, кредиторлар, шектеулер); 5) Қазақстан Республикасының Yкіметі үшiн жобаны қаржыландыру жөнiнде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаржы министрлігінiң ұсыныстары негiзiнде үкiметтiк заемды тарту туралы шешiм қабылдайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiнде қарыз алуды жүзеге асыру нысаны және оның көлемдерi, мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасының ресми тұлғаларының - Қазақстан Республикасының атынан келiссөздерге қатысушылардың құрамы мен өкілеттiктерi, келiссөздердi жүргiзу және заемға байланысты құжаттарға қол қою тәртібі белгiленедi. 6. Заем туралы шартты (келісімдi) жасасу нысанында Қазақстан Республикасының Yкіметі қарыз алған кезде дайындық: 1) кредиторлармен қаржыландыруға ұсынылып отырған жоба, заемның болжалды шарттары бойынша келiссөздер ұйымдастыруды және жүргiзудi; 2) шарттардың қолайлылығын және олардың қаржылық (бюджеттік) шектеулерге сәйкестiгiн бағалауды; 3) заем туралы шарттың (келісімнiң) және iлеспе құжаттардың жобаларын дайындауды; 4) заем қаражатын пайдалану оны өтеудi және оған қызмет көрсетудi қамтамасыз ету қатынастарын, Қаржы министрлігінiң заем алушылармен, заем алушылардың заем бойынша есептi және мiндеттемелерге қызмет көрсетуiн жүзеге асыратын ұйымдармен (қаржы агенттерiмен) өзара қарым-қатынастарын реттейтiн құжаттарды дайындауды және ресiмдеудi қамтиды. 7. Халықаралық капитал рыноктарына мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару нысанында Қазақстан Республикасының Үкіметі қарыз алған кезде дайындық: 1) мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудың рыноктарын және әрiптестерін айқындау жөніндегі iс-шаралар ұйымдастыруды және жүргiзудi; 2) осындай мәмiле үшiн белгіленген талаптарға сәйкес қажет құжаттаманы дайындауды қамтиды. Iшкi капитал рыноктарына мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару нысанында Қазақстан Республикасының Үкіметі қарыз алған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі осындай бағалы қағаздарды шығарудың, орналастырудың, айналысының, өтеудiң және қызмет көрсетудiң ережесін бекiтедi. 8. Үкiметтiк заем жөніндегі құжаттаманы келiсудi мүдделi мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Дайындалған құжаттаманың негiзiнде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі нәтижелерi тиiстi қорытындылармен ресiмделетiн заем бойынша құжаттардың құқықтық сараптамасын жүргiзудi жүзеге асырады. 9. Ресiмделген заем туралы шартқа (келісімге) қол қою Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмiне сәйкес жүзеге асырылады. 10. Заем туралы шарт (келісім) Қазақстан Республикасы Yкіметінің заңнамалық кесiмдерiне сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентiнiң бекітуiне жатады. 11. Сыртқы үкiметтiк заем шарты (келісімi) жасалғаннан немесе сыртқы капитал рыноктарындағы мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясы бойынша құжаттарға қол қойылғаннан кейiн Әділет министрлігі заемның Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкестiгi туралы заңды қорытындыны ресiмдейдi. 12. Қол қойылған заем туралы шарттар (келісімдер) үкіметтiк борыштық мiндеттемелердiң тiзiлiмiнде (дерекқорында) Қаржы министрлігінiң тiркеуiне жатады. 13. Қазақстан Республикасының үкiметтiк заемдары бойынша алынған қаражат республикалық бюджетке аударылады және тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оның орындалуы тәртібімен пайдаланылады. 14. Қаржы министрлігі үкiметтiк заемдарды алу есебiн жүзеге асырады, ал Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі - заемдар бойынша орындаушы агенттер (түпкiлiктi заем алушылар, қаржы агенттерi, бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi) мiндеттi түрде беретiн, сондай-ақ кредиторлардан алынатын ақпарат негiзiнде жобалардың iске асырылуын бақылайды. Орындаушы агенттердiң ақпаратты беру нысандары мен мерзiмдерiн Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі белгiлейдi. 15. Үкiметтiк заемдарға қызмет көрсету мен өтеу оны жыл сайын қалыптастыру және атқару тәртібімен республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады. 16. Қаржы министрлігі кредиторлардың және Қаржы министрлігі қаржы агенттерiнiң деректерi негiзiнде үкiметтiк заемдарды өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі төлемдердiң мониторингін жүзеге асырады. 3. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуын жүзеге асыру 17. Жергiліктi атқарушы органның мемлекеттік қарыз алуы жергiлiктi бюджетте бекітілген жергiлiктi атқарушы органның қарыз алуы мен борыш лимиттерiмен және жергiлiктi атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге жұмсалатын жергiлiктi бюджет қаражатының көлемiмен шектеледi. Жергiлiктi атқарушы органдар бойынша қарыз алудың жиынтық лимитi шегiнде жергiлiктi атқарушы органның қарыз алу лимитiн және жергiлiктi атқарушы органның тиiстi қаржы жылына арналған борыш лимитiн айқындауды республикалық және жергіліктi бюджеттердiң жобаларын қалыптастыру процесiнде белгiленген тәртiппен Қаржы министрлігі мен жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады. 18. Жергiлiктi атқарушы орган қарыз алудың бекітiлген лимиті шегiнде: Қазақстан Республикасының Yкіметімен келісілген аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру үшiн заңды және жеке тұлғалардан; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң тиiстi қаржы жылына арналған резервiнiң құрамында көзделген арнайы резервтiң есебiнен республикалық бюджеттен; тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңда бекітілген инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруға республикалық бюджеттен заем қаражатын тартуды жүзеге асыра алады. Төмен тұрған бюджеттердi несиелендiруге арналған арнайы резерв және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген инвестициялық бағдарламалар жергiліктi атқарушы органдардың қарыз алудың жиынтық лимитiне енгiзіледi. Жергiлікті атқарушы органдардың қарыз алуы заем шарттарының (келісімдерiнiң) немесе жергiлiктi атқарушы органдардың бағалы қағаздарын шығару нысанында жүзеге асырылады. 19. Жергiліктi атқарушы орган жергiлiктi атқарушы органның заем қаражаты есебiнен басым iске асыруға жататын аймақтық инвестициялық бағдарламаларды анықтайды. Жергiлiктi атқарушы органның аймақтық инвестициялық бағдарламасын iске асыру осы үшiн тартылатын заемдарды өтеудi және оған қызмет көрсетудi жүзеге асыру үшін жеткiлiкті қаржы ресурстарын қалыптастыруды қамтамасыз етуi тиiс. 20. Жергiлікті атқарушы орган әрбiр аймақтық инвестициялық бағдарлама бойынша, қарызға алынатын қаражат есебiнен бағдарламаны iске асырудың орындылығын қарау үшiн тиiстi жергiлiктi өкiлді органға жiберілетiн қажетті техникалық-экономикалық құжаттаманы, есептемелер және негiздемелер дайындауды жүзеге асырады. Заемдарды тарту туралы шешiм қабылдау жергiліктi атқарушы органға белгiленген қарыз алу мен борыш лимитi шегiнде жүзеге асырылады. Тиiстi өкiлдi органның оларды заем қаражаты есебiнен тиiстi жергiлiктi бюджеттен қаржыландыру туралы оң шешiмi бар аймақтық инвестициялық бағдарламалар Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне қарауға жiберiледi. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң оң қорытындысы және жергiліктi атқарушы органға белгiленген қарыз алу лимитiне сәйкес болған жағдайда аймақтық инвестициялық бағдарлама Қазақстан Республикасының Yкіметімен келісіледi, оның тиiстi шешiмiмен ресiмделедi. Құжаттарға қойылатын талаптар және жергiлiктi атқарушы органдардың аймақтық инвестициялық бағдарламаларын келiсу тәртібі Қазақстан Республикасының Yкіметімен жергiліктi атқарушы органдардың қарыз алуы есебiнен қаржыландырылатын, аймақтық инвестициялық бағдарламаларды келiсу ережесiмен белгiленедi. 21. Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң шешiмiнде жергiліктi атқарушы органның аймақтық инвестициялық бағдарламасын келiскен кезде, осы жергiліктi атқарушы органның жергiлiктi атқарушы органдар бойынша тиістi жылға арналған республикалық бюджетте бекітілген қарыз алудың жиынтық лимитiн пайдалану көлемi белгiленедi. ҚР Үкіметінің 28.10.01 ж. № 1369 қаулысымен 22- тармақ өзгертілді 22. Жергiлiктi атқарушы орган Қазақстан Республикасының Yкіметімен келiсілген аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру үшiн ықтимал кредиторларды iздестiрудi жүзеге асырады, заемды беру сызбалары мен шарттары бойынша алдын ала келiссөздер жүргiзедi, заем туралы шарттардың (келісімдердiң) жобаларын, жергiлiктi атқарушы органның қолданылып жүрген ережелер бойынша мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруы жөнiнде ұсыныстар және мемлекеттік бағалы қағаздардың жаңа түрлерiн шығарудың, орналастырудың, айналысының, өтеудiң және қызмет көрсету ережелерiнiң жобасын дайындайды және осы ақпаратты өтiнiм-хаттармен қаржылық сараптамаға Қаржы министрлігіне, құқықтық сараптамаға Әділет министрлігіне бередi. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың, орналастырудың, айналысының, өтеудiң және қызмет көрсету ережесінiң жобасы, сонымен қатар Ұлттық Банкке да жiберiледi. 23. Қаржы министрлігі Ереженiң 22-тармағында көрсетiлген қаржылық сараптамаға өтiнiмдi алған сәттен бастап бiр ай iшiнде белгiленген шектеулерге, жергiлiктi атқарушы орган тартатын заемның борыштық ахуалға ықпалының және ол бойынша заем қаражатының есебiнен тиiстi жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын аймақтық инвестициялық бағдарламаны (жобаны) iске асыру нәтижесiнде құралған кiрiстердiң есебiнен мiндеттемелердi орындаудың қамтамасыз етілу сәйкестiгiне заемның қаржылық шарттарына сараптама жүргiзедi және заем шарттарының қолайлылығы, олардың сыйақының (мүдденiң) шекті мөлшерiне, жергiлiктi атқарушы органның қарыз алу лимиттерiне және борышына сәйкестiгi туралы қорытындыны бередi. 24. Әдiлет министрлігі осы Ереженiң 23-тармағында көрсетiлген ақпараттың құқықтық сараптамаға арналған өтiнiмдi алған сәттен бастап бiр ай iшiнде тапсырылған құжаттардың құқықтық сараптамасын жүргiзедi және мәмiле мен оны ресімдейтiн құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi туралы қорытындыны бередi. ҚР Үкіметінің 28.10.01 ж. № 1369 қаулысымен 25- тармақ өзгертілді 25. Жергiлiктi атқарушы орган Әдiлет министрлігі мен Қаржы министрлігінiң оң қорытындылары болған жағдайда, заем туралы немесе мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы туралы шарт (келісім) бойынша қажеттi құжаттарды дайындау мен ресiмдеудi аяқтайды. Жергiлiктi атқарушы органның Заем туралы шарты (келісімi) Қаржы министрлiгі тiркегеннен кейiн ғана осы шарт (келісім) күшiне енетiнi туралы ереженi қамтуы тиiс. Мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын жергiлiктi атқарушы орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің осы эмиссияға ұлттық сәйкестендiру нөмiрiн берiп және Қаржы министрлігі оның шарттарын (аукционның, жазылымдардың нәтижелерiн) келiсе отырып, Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiткен тиiстi мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудың, орналастырудың, айналысының, өтеудiң және қызмет көрсетудiң ережелерiне сәйкес жүзеге асырады. 26. Ресiмделген шартты (келісімдi) немесе мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссияларының нәтижелерiн жергiлiктi атқарушы орган сыйақыны (мүдденi) өтеу, төлеу кестелерiмен және басқа да қосымшалармен бiрге Қаржы министрлігіне тапсырады. 27. Қаржы министрлігі заем шарттарының белгiленген шектеулерге сәйкестiгiн тексередi, оларды жергiлiктi атқарушы органдардың борыш мониторингiнiң дерекқорында ескередi және жергiлiктi атқарушы органға заем туралы шарт (келісім) бойынша тиiстi тiркеу куәлiгiн бере отырып, заем туралы шартты (келісімдi) немесе жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының нәтижелерiн тiркейдi. 28. Жергiлiктi атқарушы органның негiзгi борышын өтеу және заемдарына қызмет көрсету заемдардың шарттарын ескере отырып, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тиiстi бюджетiнде бюджетке түсетiн түсiмдердiң есебiнен көзделедi және оны орындау тәртібімен жүзеге асырылады. 29. Жергілiктi атқарушы орган қарыз алу, оны өтеу және оған қызмет көрсету нәтижесiнде құралған борышты тiркеудi, оның мониторингiн және оны басқаруды ұйымдастырады және жүзеге асырады. Қаржы министрлігі жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарды алу, қызмет көрсету және өтеу мониторингiн Қаржы министрлігі белгiлейтiн нысандарда және мерзімдерде оны жергілікті атқарушы органдар жедел және ағымдағы ақпаратты міндетті түрде беруі негізінде жүзеге асырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |