|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 19.01.02 ж. № 62 қаулысымен 1-тармақтың күші жойылды 1. 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі белгiленген тәртiппен 1999 жылғы 4 маусымда Минск қаласында жасалған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң автомобиль жолдары бойынша мемлекетаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдарының салмақтары мен көлемдерi туралы келiсімнің депозитариін Қазақстан Республикасы қол қойған кезде жасаған Қазақстан Республикасының аумағы бойынша мемлекетаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдарының рұқсат етілген параметрлерiне қатысты ескертпелердiң алынып тасталатындығы туралы хабардар етсiн, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де іс-шараларды жүзеге асырсын. 3. Осы қаулы 2000 жылдың 1 тамызынан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ҚР Үкіметінің 19.01.02 ж. № 62 қаулысымен қосымшаның күші жойылды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 25 шілдедегi № 1125 қосымша Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1995 жылғы 26 сәуірдегі № 557 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша жүруге арналған көлiк құралдарының рұқсат етiлген параметрлерi 1. Көлiк құралдарының ең үлкен көлемдерi:
Жүк көлік құралы көлемінің соңғы нүктесінен тысқары 2 метр аспауы керек. 2. Көлік құралдарының ең үлкен салмағы, т 40,0 3. Көлік құралдарының ең үлкен біліктік салмағы:
Бiлiктердің арасындағы қашықтық 1,3 метрден бастап 1,8 метрге дейін болған кезде, біліктердiң саны 3-тен астам тiркемелер мен жартылай тiркемелердiң сабақтас біліктерiнің біліктiк салмағы 7,5 тоннадан аспауы тиiс. Салмақтық жүктемелер көктемгi кезеңде, жол төсемiнің алып жүру қабілетi төмен учаскелерінде уәкiлеттi мемлекеттік органның шешiмi бойынша азайтылуы мүмкiн.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |