|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы (2016.18.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 904 Қаулысымен күші жойылды
Заң жобалау қызметiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. ҚР Үкіметінің 2016.18.02. № 87 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2. ҚР Үкіметінің 2016.18.02. № 87 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2014.30.12. № 1401 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарының орындалуын жалпы бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне жүктелсiн. ҚР Yкіметінiң 2006.15.03. № 172 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Уәкiлеттi мемлекеттік органдар әр айдың 25-шi күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне шұғыл және басым заң жобаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау, заң жобаларының Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Парламентiнде өтуi туралы ақпаратты, сондай-ақ заң жобалау жұмыстарының орындалу барысы туралы есептi ұсынсын. ҚР Yкіметінiң 2006.15.03. № 172 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі: Қазақстан Республикасының Yкіметі мен уәкілетті мемлекеттік органдардың заң жобалау қызметінің барысын ай сайын қорытсын, шұғыл және басым заң жобаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау туралы ақпаратты, сондай-ақ заң жобалау жұмыстары жоспарларының орындалу барысы туралы ақпаратты дайындасын және есепті айдан кейінгі айдың бірі күніне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберсін; уәкiлеттi мемлекеттік органдардың заң жобаларын әзiрлеу мерзiмдерiн бұзушылықтары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жедел хабарласын және анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою жөнiндегі шараларды ұсынсын. ҚР Үкіметінің 10.12.02 ж. № 1300; 2007.20.03. № 217 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді 6. Уәкiлеттi мемлекеттік органдар Үкіметтiң Парламентке енгізген заң жобаларының мәтiндерiне заңның тұжырымдамасымен, оның құқықтық мазмұнын өзгертумен байланысты және мемлекеттік кiрiстердi азайтуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтiн өзгерістер мен толықтыруларды Үкіметпен келiспей енгізудi болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі Регламентiнiң 79-тармағының талаптарын қатаң орындауды қамтамасыз етсiн. 7. Қазақстан Республикасы Yкіметінің Парламенттегi Өкiлдiгi Премьер-Министрдi, оның орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесiнің Басшысын Қазақстан Республикасының Үкіметі енгiзетiн заң жобаларының және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қызметiне қатысы бар Қазақстан Республикасының Парламентi қарайтын басқа да мәселелердің өту процесi туралы тұрақты хабардар етсiн. 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже. ҚР Үкіметінің 2016.18.02. № 87 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының уәкiлетті органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастыру ережесi. ҚР Yкіметінiң 21.08.03 ж. № 840 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |