Халықаралық Еңбек Кеңесiнің Өнеркәсіптегі және саудадағы еңбек Күшiне енген күнi: 1950 жылғы 7 сәуiр. 2001 ж. 7 мамырдағы № 194-II ҚР Заңымен бекітілді Кіріспе I-бөлiм. Өнеркәсiптегi еңбек инспекциясы (1-21 баптар) II-бөлiм. Саудадағы еңбек инспекциясы (22-24 баптар) III-бөлiм. Әр түрлi ережелер (25-31 баптар) IV-бөлiм. Қорытынды ережелер (32-39 баптар) Женевада Халықаралық Еңбек Бюросының Әкiмшiлiк Кеңесi шақырған және 1947 жылдың 19 маусымында өзiнiң отызыншы сессиясына жиналған, Халықаралық Еңбек Ұйымының Бас Конференциясы сессияның күн тәртібінiң төртiншi тармағы болып табылатын өнеркәсiптегi және саудадағы еңбек инспекциясы туралы бiрқатар ұсыныстарды қабылдауға қаулы ете отырып, осы ұсыныстарға халықаралық конвенция нысанын берудi шеше отырып, бiр мың тоғыз жүз қырық жетiншi жылдың шiлде айының он бiрiншi жұлдызында 1947 жылғы Еңбек инспекциясы туралы конвенция деп атауға болатын төмендегi Конвенцияны қабылдайды: I-бөлiм. Өнеркәсiптегi еңбек инспекциясы 1-бап Осы Конвенцияны таныған Еңбек Ұйымының әрбiр Мүшесi өнеркәсiптiк кәсiпорындарында еңбек инспекциясының жүйесiн енгізуге мiндеттенедi. 1. Өнеркәсiптiк кәсiпорындарындағы еңбек инспекциясының жүйесi еңбек жағдайлары және еңбекшiлердi қорғау жөніндегі заңдардың ережелерiн жұмыс барысында олардың қолдануын қамтамасыз етуге мiндеттi еңбек инспекторларына қатысты барлық кәсiпорындарға қолданылады. 2. Ұлттық заңдар бойынша тау-кен және көлiк өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары немесе осы кәсiпорындардың бiр бөлiгi осы Конвенцияның ықпалына жатқызылмауы да мүмкiн. 1. Еңбек инспекциясы жүйесiнiң мiндетiне: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|