|
|
|
Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілiк (2009.08.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 992 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын тағайындау туралы» 2000 жылғы 31 шiлдедегі № 423 Жарлығын орындау үшiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қосымшаға сәйкес құрамда Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын беру жөніндегі комиссиясы құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломымен марапаттауға байланысты мәселелердi қарау жөніндегі ереже бекітілсiн. 3. ҚР Үкіметінiң 2007.17.08. № 702 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4. ҚР Үкіметінiң 2007.17.08. № 702 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 19.11.01 ж. № 1488; 09.10.02 ж. № 1099; 31.12.03 ж. № 1370; 30.07.03 ж. № 807 (бұр.ред. қара); 2005.28.02. № 173 (бұр. ред. қара); 2006.27.06. № 588 (бұр. ред.қара); 2006.13.09. № 863 (бұр.ред.қара); 2007.19.06. № 513 (бұр.ред.қара); 2007.04.10. № 897 (бұр.ред.қара); 2008.11.06. № 577 (бұр.ред.қара ; 2008.31.12 № 1338 (бұр. ред. қара); 2009.08.05 № 675 (бұр.ред.қара) қаулыларымен қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 21 қазандағы № 1577 қаулысына қосымша
Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілiк қызметі үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын беру жөнiндегі комиссиясының Құрамы
Үкіметінiң 2000 жылғы 21 қазандағы № 1577 қаулысына қосымша Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломымен марапаттауға байланысты мәселелердi қарау жөнiндегі ереже 1. Осы Ереже мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломымен (бұдан әрi - Диплом) марапаттауға байланысты мәселелердi қарау тәртібін айқындайды. ҚР Үкіметінің 2009.08.05 № 675 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Дипломды алуға iзденушiлер болып өзiнің белсендi қайырымдылық және демеушiлік қызметтерiмен мәдени және гуманитарлық салалардағы жобаларды iске асыруға елеулi үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар болуы мүмкiн. Мәдени және гуманитарлық салалардағы үлесі неғұрлым басым болып табылатын ізденушілерге артықшылық беріледі. 3. Ізденушiлердiң кандидатураларын орталық атқарушы органдар, облыстар, Алматы және Астана қалаларының әкiмдерi және қоғамдық бiрлестiктер ұсынады. 4. Дипломды Қазақстан Республикасы Президентінің мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметi үшiн Құрмет дипломын беру жөнiндегі комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) қорытындысы негізiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бередi. 5. Комиссияның құрамы мемлекеттік органдар мен мүдделi ұйымдардың өкiлдерiнен құралады және Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітіледi. ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1370; 2005.28.02. № 173 ; 2007.17.08. № 702 (бұр.ред.қара); 2009.08.05 № 675 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді 6. Комиссияның жұмыс органының функциясын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі орындайды. 7. Дипломның тағайындалуына ұсынылған жобаларды Комиссия екi кезеңмен қарастырады. Бiрiншi кезеңде Дипломды алу конкурсына ұсынылған жобалар таңдалып алынады, екiншiден Комиссияның жалпы жиналысымен Дипломды беру туралы шешiм қабылданады. ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1370; 2005.28.02. № 173 ; 2007.17.08. № 702 (бұр.ред.қара); 2009.08.05 № 675 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 8-тармақ өзгертілді 8. Комиссия отырысы қажеттiлiгiне қарай, бірақ екі жылда бiр реттен кем емес өткiзiледi және егер, оларға Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса құқылы деп саналады. Комиссия отырысын өткiзудiң бастамашысы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады. 9. Жобаларды алдын-ала iрiктеу және Дипломды беру туралы Комиссияның шешiмi Комиссия отырысына қатысып отырған мүшелерiнің көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi. 10. Комиссия отырыстарының нәтижелерi бойынша Комиссияның Дипломды беру туралы қорытындысы (бұдан әрi - Қорытынды) ресiмделедi және Қазақстан Республикасының Yкіметіне ұсынылады. 11. Қазақстан Республикасының Yкіметі Қорытынды негiзiнде Қазақстан Республикасы Президентінің Дипломды беру туралы актiсiнiң тиiстi жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгiзедi. 12. Дипломды Қазақстан Республикасының Президентi немесе оның уәкiлеттi лауазымды тұлғалары бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жария етiлуiмен салтанатты жағдайда тапсырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |