|
|
|
Қазақстан Республикасы түзеу мекемелерiнiң және тергеу изоляторларының ҚР Үкіметінің 04.04.03 ж. № 326 қаулысына сәйкес қаулының тақырыбы, мәтіні және кіріспесі өзгертілді (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасының 1999-2003 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясына сәйкес және Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару жүйесінің қызметін жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы түзеу мекемелерiнiң және тергеу изоляторларының материалдық-техникалық базасын жақсартудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 қаңтардағы № 92 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы түзеу мекемелерiнiң және тергеу изоляторларының материалдық-техникалық базасын жақсартудың 2001-2003 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМАСЫ ҚР Үкіметінің 04.04.03 ж. № 326 қаулысына сәйкес бағдарламаның тақырыбы, мәтіні өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Паспорт Бағдарламаның атауы және оны iске асыру мерзiмi: "Қазақстан Республикасы түзеу мекемелерiнiң және тергеу изоляторларының материалдық-техникалық базасын жақсартудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасы". Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi: Қылмыстық-атқару заңнамасының ережелерiн одан әрi іске асыру үшiн жағдай жасау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының материалдық-техникалық базасын жақсарту. Жаңа құрылыстар салу және жұмыс iстеп тұрған түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларын қайта жаңарту, сондай-ақ оларды күзеттiң қазiргi заманғы инженерлiк-техникалық құралдарымен жабдықтау, қылмыстық-атқару жүйесiнiң материалдық-техникалық базасын нығайту. ҚР Үкіметінің 04.04.03 ж. № 326 қаулысымен 2-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Кiрiспе Ұсынылып отырған Бағдарлама Қазақстан Республикасының 1999-2003 жылдарға арналған ұлттық қауiпсiздiк стратегиясын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 4.3.28-тармағына сәйкес әзiрлендi. Бағдарламаны әзiрлеу сотталғандарды және қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушы адамдарды ұстаудың жағдайларын Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық-атқару заңнамасымен сәйкестендiру, жаңа құрылыстар салу және қолда бар түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының материалдық-техникалық базасын нығайту қажеттiлiгiнен туындап отыр, сондай-ақ мұның алдындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 1 қазандағы қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасындағы қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң және алдын-ала қамауға алу орындарының қызметiн тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы" ?кімет бағдарламасы негізiнен орындалды және оның қолданылу мерзiмi өтiп кеттi. ҚР Үкіметінің 04.04.03 ж. № 326 қаулысымен 3-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесiнiң қазiргi жағдайын талдау Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң (бұдан әрi Қазақстан Республикасының Iшкіісминi) қылмыстық-атқару жүйесi республика iшкi iстер органдары жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады және қылмыстық жазаны атқаруды жүзеге асыратын, сондай-ақ қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушы адамдарды күзет қамауында ұстауды қамтамасыз ететiн ұйымдардың, мекемелердiң және құрылымдық бөлiмшелердiң жиынтығын құрайды. Бүгiнгi күнi республикадағы қылмыстық-атқару жүйесiнiң құрамына 91 бөлiмше кiредi, оның iшiнде: 21 жалпы, 15 қатаң және 3 айрықша қатаң режимдегі түзеу колониясы, 23 колония-қоныстары, кәмелетке толмағандарға арналған 3 тәрбие колониясы, 1 түрме, 8 арнайы емдеу мекемесi және оларға қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу таңдалған қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушылар күзет қамауында ұсталатын 17 тергеу изоляторы бар. Барлық аталған мекемеде 85 мың 744 адам ұсталуда. Оның iшiнде: жалпы режимдегi колонияларда - 33 556 адам, қатаң режимдегi колонияларда - 18 730; айрықша қатаң режимдегі колонияларда - 2 001; колония-қоныстарда - 4 839; түрмелерде - 292; 3 268 - әйелдер; 1 128 - кәмелетке толмағандар; тергеу изоляторларында - 17 141 сезiктiлер мен айыпталушылар жазаларын өтеуде. Бұл ретте, сотталғандардың және қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушы адамдардың саны мынадай: 1-кесте әрбiр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша түзеу мекемелерiндегі сотталғандар санының динамикасы
1997 және 2000 жылдарғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сотталғандар санының азаюы сотталғандардың кейбір санаттарына рақымшылық жасауды қолдануға, ал 1999 жылдың 1 қаңтарындағы дейiнгi жағдай Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексiнiң енгiзiлуiне сәйкес үкiмдердiң қайта қаралуына байланысты болып отыр. 2-кесте 2000 жылдың iшiнде әр ай бойынша сотталғандардың саны
Жоғарыда келтiрiлген деректер сотталғандар санының орташа есеппен ай сайын 1000 адамға өсiп отырғандығын айғақтайды, бұл сотталғандар санының 2001 жылдың 1 қаңтарында 12 мың адамға өсетiндiгi және сондай-ақ кейiнгі 5 жылда да өсе беретiндiгi туралы қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi. 3-кесте 2001-2005 жж. кезеңiнде сотталғандар санының өсу болжамы
Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар тұтқындалғанға немесе сотталғанға дейiн тұрған облыс аумағындағы түзеу мекемелерiнде жазаларын өтеулерi тиiс. Бiрақ та қолда бар мекемелердiң әр қилы орналасуы бұл талаптың орындалуын қамтамасыз ете алмай отыр. Қызылорда облысында жалпы режимдегi колониялар, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында қатаң режимдегi колониялар жоқ, соның нәтижесiнде осы облыстардағы қатаң режимдегі түзеу колонияларында жазаларын өтеуге сотталғандар республиканың басқа аймақтарындағы қатаң режимдегi колонияларда жазаларын өтеуде. Қолда бар айрықша қатаң режимдегi үш түзеу колониясы Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстарында орналасқан, осыған байланысты республиканың барлық аймақтарындағы сотталғандар жоғарыда аталған облыстардағы түзеу колонияларына жiберiлуде. Әйелдер мен кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған колониялар жеткiлiксiз. Республиканың барлық облыстарындағы сотталған әйелдер Алматы және Қарағанды облыстарындағы екi түзеу колониясында, ал кәмелетке толмағандар Ақтөбе, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы үш тәрбие колониясында жазаларын өтеуде. Мұндай жағдай республикадағы тергеу изоляторларында да қалыптасқан. Олардың көбi санитарлық және техникалық талаптарға жауап бермейтiн ескi ғимараттарға орналасқан. Олардың қатарына 18-19 ғасырларда салынған, қазiргi кезде апаттық жағдайда тұрған Алматы, Қарағанды, Семей, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларындағы тергеу изоляторы жатады. Маңғыстау облысында тергеу изоляторы мүлде жоқ, саны 400 адам болатын сезiктiлер мен айыпталушылар Атырау қаласындағы тергеу изоляторында ұсталуда. Астана және Алматы қалаларындағы тергеу изоляторлары шектен тыс толған, санының лимит шегiнен шығуы тиiсiнше 22 және 132% құрайды. Республиканың тергеу изоляторларында ұсталатын арнайы контингент саны ай сайын 700-800 адамға өсiп отыр. Осылайша, ондағы арнайы контингенттiң саны 2001 жылдың 1 қаңтарында шамамен 18 300 адамды құрайтын болады. 4-кесте тергеу изоляторларын жоспарлы және нақты толтыру ─────────────────────────────┬──────────────┬─────────┬──────────────────── Тергеу изоляторлары │ Пайдалануға │ Орын │ Нақты (бұдан әрі - ТИ) │ берілген жылы│ лимиті │ толтыру ─────────────────────────────┴──────────────┴─────────┴──────────────────── 1-ТИ Алматы қаласы 1952 жыл 1 690 3 888 2-ТИ Семей қаласы 1773 жыл 760 698 3-ТИ Шымкент қаласы 1964 жыл 550 905 4-ТИ Орал қаласы 1858 жыл 530 553 5-ТИ Ақтөбе қаласы 1954 жыл 1 230 1 033 6-ТИ Талдықорған қаласы 1954 жыл 660 566 7-ТИ Қостанай қаласы 1912 жыл 1 010 918 9-ТИ Атырау қаласы 1971 жыл 510 351 10-ТИ Қызылорда қаласы 1810 жыл 700 277 12-ТИ Астана қаласы 1977 жыл 880 1 036 13-ТИ Тараз қаласы 1870 жыл 1 300 1 451 14-ТИ Павлодар қаласы 1980 жыл 760 920 16-ТИ Қарағанды қаласы 1946 жыл 1 370 1 773 17-ТИ Өскемен қаласы 1720 жыл 760 981 18-ТИ Петропавл қаласы 1954 жыл 570 610 20-ТИ Көкшетау қаласы 1981 жыл 510 457 21-ТИ Жезқазған қаласы 1993 жыл 765 545 Арқалық қаласының 300 179 № 1 түрмесі жанындағы жергілікті учаске ─────────────────────────────────────────────────────────────────────────── 5-кесте 2001-2005 жылдар кезеңiнде республиканың тергеу изоляторларындағы арнайы контингент санының болжамы
Қазiргi сәтте сот үкiмдерiне сәйкес сотталғандарды тергеу изоляторларынан түзеу мекемелерiне режимнiң түрлерi бойынша тасымалдау темір жол көлiгiмен жүзеге асырылады. Айына ұзақтығы жолда жүрудiң 1 тәулiгiнен 6 тәулiгiне дейiнгi 36 рейске дейiн жасалатын 12 жоспарлы бағыт көзделген. Осы мақсаттар үшiн қылмыстық-атқару жүйесiнiң тиiстi қызметтерi "Қазақстан Темір Жолы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнынан 16 арнайы вагонды және Ресей Федерациясының "Теміржол көлiгi кәсiпорнынан" 3 арнайы вагонды жалға алып отыр. Жоғарыда аталған арнайы вагондар күрделi жөндеудi қажет етедi және оларды пайдалану мерзiмiнiң өтiп кетуiне байланысты толық ауыстыруға жатады. Арнайы контингентті тасымалдауға арналған арнайы автомобильдер де дәл осындай жағдайға ұшырап отыр, бұл ақыр аяғында сотталғандарды және қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушы адамдарды автомобиль және темір жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде төтенше жағдайлардың туындауына әкелiп соғуы мүмкiн. Жабық үлгiдегi түзеу мекемелерiн күзеттiң қазiргі инженерлiк-техникалық құралдарымен жабдықтау проблемалық мәселе болып отыр. Қазiргi уақытта республиканың түзеу мекемелерiнде орнатылған "Ночь-12", "Пион", "Мимоза-4" сияқты күзеттiң тағы басқа техникалық құралдары олардың ұзақ уақыт пайдаланылуына байланысты жөндеудi немесе қайта орнатуды қажет етедi. Бұл ретте бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдардың мiнез-құлқын бақылауды және қылмыстық-атқару жүйесiнiң бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң қауiпсiздiгiн жүзеге асыру үшiн түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларын қосымша өндiрiстiк теледидар қондырғыларымен жабдықтау қажет. 4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының материалдық-техникалық базасын жақсарту, күзеттiң инженерлiк-техникалық құралдарын жаңарту, сотталғандар мен қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушы адамдардың коммуналдық-тұрмыстық жағдайын, сондай-ақ оларды тасымалдауды қолданыстағы қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес келтiру болып табылады. Осы Бағдарламаны орындау бойынша қылмыстық-атқару жүйесiнiң алдындағы мiндеттер мыналардан тұрады: 1) жаңа құрылыстар салу және қолданыстағы түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларын қайта жаңарту жолымен түзеу мекемелеріндегі және тергеу изоляторларындағы сотталғандарды ұстаудың орналасу тығыздығын азайту; 2) сотталғандардың барлық санаттарына сотталғанға немесе тұтқындалғанға дейiн тұрған аймағының шегiнде жазасын өтеу үшiн жағдай жасау; 3) сотталғандарды республика бойынша тасымалдау санын азайту; 4) түзеу мекемелерiнде жазаларын өтеу кезiнде сотталғандарды ұстаудың қауiпсiздiгiн арттыру; 5) сотталғандардың арасындағы қылмыстар санын, олардың күзетiлетiн түзеу мекемелерiнен қашу санын азайту. ҚР Үкіметінің 04.04.03 ж. № 326 қаулысымен 5-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара) 5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары және оны iске асырудың тетіктерi Сотталғандардың тұтқындалғанға немесе сотталғанға дейiн тұрған облыс аумағында жазаларын өтеу туралы заңнамалық талаптарды iске асыру мақсатында барлық санаттағы бас бостандығынан айыруға сотталған ерлерге, әйелдерге және кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ жұқпалы аурулармен ауыратындарға жазаларын өтеу үшiн әрбiр облыста тиiстi жағдай жасау жөніндегі жұмысты жалғастыру. Прогрессивтi жаза өтеудiң сотталғандарды тиiмдi қайта әлеуметтiк бейiмдеудi барынша ынталандыратын, сотталғандарды бiр түзеу мекемесiнiң шегiнде саралап ұстауды және жеңiлдеу режимдегi өзге де түзеу мекемелерiне ауыстыруды, тiптен шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуды қамтитын қалыпты жүйесiн құру жөніндегі жұмысты жалғастыру. Жазаларды өтеудiң режимiн, ғылым мен техника саласындағы соңғы жетiстiктер негізiнде жасалған күзеттiң қазiргi заманғы инженерлiк-техникалық құралдарын пайдалана отырып, бас бостандығынан айыру орындарын күзетудiң сенiмдi болуын нығайту. Қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында оларды қазіргі заманғы жеке қорғаныс және байланыс құралдарымен, қару-жарақпен қамтамасыз ету. Бағдарламаны iске асыру алғашқы кезеңде Қазақстан Республикасының Iшкi істер министрлігіне жүктеледi. Тергеу изоляторларынан басқа, пенитенциарлық жүйенiң Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне берiлуiне байланысты Бағдарламаны одан әрi iске асыруды аталған министрлiкке жүктеу жоспарланып отыр. ҚР Үкіметінің 04.04.03 ж. № 326 қаулысымен 6-бөлім жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 6. Қажеттi ресурстар және бағдарламаны қаржыландыру көздерi Бағдарламаны жылдар бойынша қаржыландыру қажеттілігі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |