|
|
|
Азаматтарға еңбекке жарамсыздық парақтарын беру ережесін бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 556 Бұйрығымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" және "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын iске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiлген Азаматтарға еңбекке жарамсыздық парақтарын беру ережесi бекітілсiн. 2. Осы бұйрықтың ықпалы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап енгiзiледi. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның бiрiншi орынбасары А.Т. Айдархановқа жүктелсiн.
2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 859 бұйрығымен бекітілген Келісілген: Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2000 жылғы "__"_______ Азаматтарға еңбекке жарамсыздық парақтарын беру ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Еңбекке жарамсыздық жалпы сырқаттануға байланысты (жарақат алуға, жүктіліктi жасанды жолмен тоқтатуға, карантинге, туберкулезбен немесе кәсiби аурумен сырқаттануға байланысты басқа жұмысқа уақытша ауысу кезiнде) және заңнамада белгiленген өзге де жағдайларда еңбекке жарамсыздық парағымен куәландырылады. 2. Еңбекке жарамсыздық парағы - еңбекке жарамсыздық фактiсiн куәландыратын құжат, жұмыстан босату және еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жүктілігi мен босануы бойынша, әлеуметтiк жәрдем ақы, бала асырап алған әйелдерге (ерлерге) әлеуметтiк жәрдем ақы алу үшiн негiз болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |