|
|
|
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы Қазақстан
2008 ж. 17 қарашадағы № 79-ІV ҚР Заңымен күші жойылды
Осы Заң Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесiнiң мәртебесін, құрылу тәртібі мен жұмысының ұйымдастырылуын анықтайды.
1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және қызметінің құқықтық негізі 1. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады. 2. Кеңес қызметінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесiн анықтайтын Конституциялық заң, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерi болып табылады.
1. Кеңес: 1) судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз етеді; 2) конкурстық негізде облыстық соттың судьясы бос орнына кандидат іріктеуді жүзеге асырады; конкурс қорытындысы бойынша облыстық соттың судьясы бос орнына кандидатты қызметке тағайындау үшiн Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады; 3) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша облыстық сот төрағасы мен алқа төрағасының бос орнына кандидатураны қарайды; облыстық сот төрағасы мен алқа төрағасының бос орнына кандидатты қызметке тағайындау үшiн Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады; 4) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың алқа төрағасы мен судьясы бос орнына кандидатураны қарайды; Жоғарғы Сот Төрағасының қызметiне кандидатураны қарайды; Жоғарғы Сот Төрағасының, алқа төрағасы мен судьясының бос орнына кандидатты Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенатына ұсыну үшiн Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады; 5) Жоғарғы Сот Төрағасы мен алқалары төрағаларын, Жоғарғы Соттың судьяларын, облыстық және соларға теңестiрiлген соттар төрағасын, алқаларының төрағалары мен судьяларын орнынан түсу, орнынан түсудi тоқтату нысандарында, өз қалауы бойынша, медициналық қорытындыға сәйкес денсаулық жағдайына байланысты, өкiлеттiк мерзiмiнiң бiтуiне орай атқаратын қызметтерiнен босату мәселелерiн қарайды; сот таратылған жағдайда судья (соттың төрағасы) басқа соттағы судьяның бос орнына орналасуға келісім бермесе, Жоғарғы Сот алқасының төрағасы мен судьяларын, облыстық және соларға теңестiрiлген соттар төрағасын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын атқарып келген қызметтерiнен босату мәселелерiн қарайды; 6) Қазақстан Республикасының Президентiне сот жүйесi мен заңдарды жетiлдiру мәселелерi бойынша ұсыныстар жасайды; 7) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесiнiң регламентiн бекiтедi; 8) осы Заңнан және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден туындайтын өзге өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3-бап. Кеңестiң құрамы мен құрылу тәртібі 1. Кеңес Жоғары Сот Кеңесiнiң Төрағасынан, Конституциялық Кеңестiң Төрағасынан, Жоғарғы Соттың Төрағасынан, Бас Прокурордан, Әділет министрiнен, Парламент Сенатының екi депутатынан, алты судьядан (Жоғарғы Соттың екi судьясынан, облыстық немесе соған теңестiрiлген соттың екi судьясынан, аудандық немесе соған теңестiрiлген соттың екi судьясынан), Кеңес Хатшысынан және Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын басқа да адамдардан тұрады. 2. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы, Жоғарғы Соттың Төрағасы, Бас Прокурор мен Әдiлет министрi Кеңес құрамына лауазымы бойынша кiредi. 3. Сенат депутаттарын Кеңес құрамына Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты үш жыл мерзiмге жiбередi. 4. Кеңестiң құрамына екi жыл мерзiмге тағайындау үшiн судьялардың кандидатуралары тиiстi соттардың жалпы отырыстарында ұсынылған кандидаттар арасынан Жоғарғы Соттың жалпы отырысында қаралады. 5. Кеңес мүшелерi арасынан адам шығып қалған жағдайда Кеңестiң жаңа мүшесi үш ай iшiнде тағайындалуға тиiс. Кеңес Төрағасы: 1) Кеңестi басқарады және оған жалпы басшылықты қамтамасыз етедi; 2) Кеңестiң отырыстарында төрағалық етедi. Ол болмаған жағдайда оның мiндеттерiн уақытша атқару Кеңестiң Хатшысына жүктеледi. Хатшы болмаған жағдайда Төрағаның мiндеттерiн атқару оның тапсыруы бойынша Кеңес мүшелерiнiң бiрiне жүктеледi; 3) Кеңестiң ұсыныстарына, қорытындыларына, шешiмдерi мен басқа да құжаттарына қол қояды; 4) Кеңестiң алдағы отырысының қарауына енгiзiлетiн мәселелердi анықтайды, келiп түскен материалдарды зерделейдi, қажет болған жағдайда қосымша құжаттарды талап етiп алдырады және оларды тексерудi ұйымдастырады; 5) Кеңес жұмысын ұйымдастыруды жақсартуға бағытталған шаралар қолданады, Кеңес шешiмдерiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 6) заңдарда көзделген өзге де ұйымдастырушы-өкiмшi мiндеттерiн атқарады. 1. Кеңес Хатшысы: 1) Кеңес мүшелерiнiң ұсынысы бойынша алдағы отырыстың қарауына енгiзiлетiн мәселелердi қалыптастырады және олар туралы Төрағаға алдын ала баяндайды. 2) отырыстар хаттамаларынан, Кеңес қабылдаған ұсыныстар мен қорытындылардан алынған үзiндiлердi өзi қол қойып куәландырады; 3) келiп түскен материалдарды зерделейдi, олар туралы Төрағаға баяндайды, оның тапсыруы бойынша қосымша құжаттарды талап етiп алдырады; 4) қажет болған кезде тексерулер ұйымдастырады; 5) жұмысты ұйымдастыруды жақсартуға бағытталған ұсыныстар енгiзедi, Кеңестiң жұмысы үшiн қажеттi жағдайлар жасау жөнiнде шаралар қолданады; 6) Кеңес отырысына шақырылатын адамдардың тiзiмiн белгiлейдi; 7) Төрағаның өкiмдерi мен Кеңестiң шешiмдерiн орындайды. 2. Кеңес Хатшысы болмаған жағдайда оның мiндеттерiн атқару Төрағаның тапсыруы бойынша Кеңес мүшелерiнiң бiрiне жүктеледi. 1. Кеңес отырыстары қажет болуына қарай, бiрақ жылына кемiнде төрт рет өткiзiледi. Кеңес мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда Кеңестiң отырысы заңды болып есептеледi. 2. Кеңес отырысының уақыты мен орны туралы оның мүшелерiне, сондай-ақ шақырылған адамдарға алдын ала хабарланады. 3. Кеңес отырысын өткізу тәртібі, сондай-ақ Кеңес жұмысын ұйымдастырудың өзге де мәселелерi Кеңес мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданатын регламентпен анықталады. 7-бап. Материалдарды қарау тәртібі 1. Кеңес отырысында материалдарды қарау тиiстi қызметтердi иеленуге үмiткер және атқарып отырған қызметтерiнен босатылатын адамдардың қатысуымен өткiзiледi. 2. Отырыстың өткiзiлетiн уақыты мен орны туралы тиiсiнше хабардар етiлген адамның қатыспауы, егер оның тiкелей қатысуы қажет болмаса, мәселенi мәнi бойынша қарауға кедергi болмайды. 3. Қажет болған жағдайларда Кеңес жабық отырыстар өткізуге құқылы. 8-бап. Шешiмдер қабылдау тәртібі 1. Қаралатын мәселелер бойынша Кеңес ашық дауыс беру арқылы жай көпшiлiк дауыспен шешiмдер қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушiнiң даусы шешушi болып табылады. 2. Кеңес мүшелерiнiң дауыс беруден қалыс қалуға құқығы жоқ. 3. Қабылданатын шешiммен келiспеген жағдайда Кеңес мүшесi өзiнiң ерекше пiкiрiн баяндауға құқылы. 4. Кеңес мүшесiнiң, егер ол өзiне қатысты шешiм қабылданатын адамның жұбайы (зайыбы), жақын туысы немесе жекжаты болса, Кеңес отырысының күн тәртібіне енгiзілген мәселенi қарауға қатысуға құқығы жоқ. 9-бап. Кеңестің қызметін қамтамасыз ету Кеңес қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |