|
|
|
Қазақстан Республикасының (2014.17.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V Заңымен 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесін және жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.
1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және қызметінің құқықтық негізі 1. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) - соттарды қалыптастыру, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктері жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық өкілеттіктерін қамтамасыз ету мақсатында заңды тұлға құрмастан құрылатын мекеме. 2. Кеңес қызметінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесін айқындайтын Конституциялық заң, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері болып табылады.
2010.29.12. № 376-IV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-бап. Кеңестің өкілеттіктері 2012.16.02. № 560-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Кеңес: 1) судьялардың тәуелсіздігі мен қолсұғылмаушылығы кепілдіктерін қамтамасыз етеді; 2) конкурстық негізде жергілікті және басқа сот судьясының бос лауазымына кандидатты іріктеуді жүзеге асырады; конкурстың қорытындылары бойынша жергілікті және басқа сот судьясының бос лауазымына тағайындау үшін кандидатты Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады; 3) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша жергілікті және басқа соттар төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды; жергілікті және басқа соттар төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына тағайындау үшін кандидаттарды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады; 4) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидатураны қарайды; Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидатты Парламент Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады; 5) Жоғарғы Сот Төрағасының бос лауазымына кандидатураны қарайды; Жоғарғы Сот Төрағасының бос лауазымына кандидатты Парламент Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады; 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) Жоғарғы Сот Төрағасының, сот алқалары төрағалары мен судьяларының, жергілікті және басқа соттар төрағаларының, сот алқалары төрағалары мен судьяларының өкілеттіктерін тоқтату мәселелерін орнынан түсу, орнынан түсуді тоқтату нысанында қарайды; сот қайта ұйымдастырылған, таратылған, тиісті сот судьяларының саны азайтылған жағдайларда, егер жергілікті және басқа соттардың судьялары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды; сот қайта ұйымдастырылған, таратылған, өкілеттіктер мерзімі аяқталған жағдайларда, егер жергілікті және басқа соттардың төрағалары, сот алқаларының төрағалары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды; Жоғарғы Сот судьяларының саны азайтылған жағдайларда, егер Жоғарғы Соттың судьялары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды; өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайларда, егер Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісімін бермесе, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды; тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін, кәсіби жарамсыздығына орай немесе «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарын орындамағаны үшін Сот жюриінің шешіміне негізделген Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша, сондай-ақ судьялар өкілеттіктерін өз еркімен тоқтатқан, судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және оны басқа жұмысқа ауыстырған, зейнеткерлік немесе судья лауазымында болудың шекті жасына толған жағдайларда Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын атқаратын лауазымдарынан босату мәселесін қарайды; медициналық қорытындыға сәйкес кәсіби міндеттерін одан әрі орындауға кедергі келтіретін денсаулық жағдайына байланысты, әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімінің, қылмыс немесе қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне, Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуына, судьяның қайтыс болуына немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің заңды күшіне енуіне байланысты судьяның өкілеттіктері тоқтатылған жағдайларда, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын атқаратын лауазымдарынан босату мәселесін қарайды; Қазақстан Республикасының Президентіне жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын лауазымдарынан босатуды ұсынады; Парламент Сенатына Жоғарғы Сот Төрағасы мен судьяларын лауазымдарынан босату туралы ұсыныс енгізу үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынымдар енгізеді; судьяның зейнеткерлік жасқа толуына байланысты оның судья лауазымында болуы мерзімін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұзартуына келісім беру туралы мәселені қарайды; 7) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның басшысы лауазымына кандидатты тағайындауға және оны лауазымынан босатуға келісім беру туралы мәселені заңнамада белгіленген тәртіппен қарайды; 8) судья болып жұмыс істеуге ниет білдірген азаматтардан біліктілік емтихандарын қабылдауды ұйымдастырады; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара() 9) Қазақстан Республикасының Президентіне судьяны ұстап алуға, күзетпен ұстауға не үйқамаққа алуға, оны күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жаза қолдануға, судьяны қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы мәселені шешу үшін қорытынды ұсынады; 10) сот жүйесі мен заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдайды және оны Қазақстан Республикасының Президентіне енгізеді; 11) судья корпусының сапалық құрамын жақсарту, кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, судьялардың біліктілігін арттыру жөнінде шаралар қолданады; 12) Кеңес регламентін бекітеді; 13) судья лауазымына орналасу үшін біліктілік емтихандарын тапсырған, соттарда тағылымдамадан өткен және облыстық және оларға теңестірілген соттардың жалпы отырыстарының қорытындыларын алған адамдардың, сондай-ақ мамандандырылған магистратураны бітірген адамдардың есебін жүргізеді; 14) судьялардың жалпы штат санын, әрбір жергілікті және басқа соттың судьялар санын белгілеуге келісім беру туралы мәселені қарайды; 15) осы Заңнан, заңнамалық актілерден және Кеңестің регламентінен туындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Кеңес өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін: мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан, азаматтардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұратуға және алуға; тиісті лауазымды тұлғалардың ауызша түсініктемелерін тыңдауға және жазбаша түсініктемелерін талап етуге; Кеңес мүшелерінің, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар мен мекемелер өкілдерінің арасынан комиссияларды, жұмыс топтарын құруға, өз жұмысына мамандар тартуға құқылы.
2-тарау. КЕҢЕС ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
3-бап. Кеңес құрамы Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төрағадан, хатшыдан және басқа мүшелерден тұрады. Кеңес Төрағасының, хатшысының және мүшесінің лауазымы коммерциялық ұйымның басшы органының және байқаушы кеңесінің құрамына кірумен, саяси партиялардың басшылық қызметінде болуымен сыйыспайды.
1) Кеңесті басқарады және оған жалпы басшылықты қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынас жасауда Кеңес атынан өкілдік етеді; 2) Кеңестің жұмыс жоспарларын бекітеді; 3) Кеңес отырысын шақырады және Кеңес отырыстарына төрағалық етеді; 4) Кеңестің ұсынымдарына, қорытындыларына, шешімдері мен басқа да құжаттарына қол қояды; 5) Кеңес отырыстарының қарауына енгізілетін мәселелерді айқындайды; 6) Жоғарғы Соттың жалпы отырысына, судьялардың кеңестеріне қатысуға құқылы; 7) Кеңес жұмысын ұйымдастыруды жақсартуға бағытталған шаралар қабылдайды, Кеңес шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады; 8) Кеңес қызметінде регламенттің сақталуын қамтамасыз етеді; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де ұйымдастырушылық-өкімдік функцияларды атқарады. 2. Кеңес Төрағасы болмаған жағдайда оның міндеттерін уақытша атқару Кеңес хатшысына жүктеледі.
1) Кеңес аппаратының қызметін ұйымдастырады; 2) Кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша алдағы отырыстың қарауына енгізілетін мәселелердің тізбесін түзеді және ол туралы Төрағаға алдын ала баяндайды; 3) отырыс хаттамаларының, Кеңес қабылдаған ұсынымдар мен қорытындылардың үзінділеріне өз қолын қойып растайды; 4) қажет болған жағдайда тексерулер ұйымдастырады; 5) Кеңес отырысына шақырылған адамдардың тізімін айқындайды және олардың келуін қамтамасыз етеді; 6) Төрағаның өкімдерін және Кеңестің шешімдерін орындайды. 2. Кеңес хатшысы болмаған жағдайда оның міндеттерін атқару Төрағаның тапсыруы бойынша Кеңес мүшелерінің біріне жүктеледі.
6-бап. Кеңес мүшелерінің өкілеттіктері 1) Кеңестің қарауына ұсынылған материалдармен танысуға; 2) материалдарды зерттеуге және тексеруге қатысуға; 3) қаралатын мәселелер бойынша өтініштер мәлімдеуге, өзінің ұсыныстарына уәждер мен негіздемелер келтіруге; 4) қолында бар құжаттарды ұсынуға; 5) дауыс беру арқылы шешім қабылдауға қатысуға құқылы. 1) Кеңестің отырыстарына қатысуға; 2) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелерді қарау кезінде бейтарап әрі объективті болуға; 3) өзіне жүктелген өкілеттіктерді орындауға байланысты судьялыққа кандидаттардың және судьялардың жеке өмірі туралы оған белгілі болған мәліметтерге қатысты құпиялылықты, сондай-ақ дауыс беру құпиясын сақтауға; 4) егер оған қатысты шешім қабылданатын адамның жұбайы (зайыбы), жақын туысы немесе жекжаты болса, Кеңес отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселені қарау кезінде өздігінен бас тартуын мәлімдеуге міндетті.
7-бап. Кеңес отырыстары 1. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде төрт рет өткізіледі. Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда Кеңестің отырысы заңды болып есептеледі. 2. Кеңес отырысы ашық және жариялы түрде өткізіледі. Отырысқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін. Қажет болған жағдайларда Кеңес жабық отырыстар өткізуге құқылы. 3. Кеңес материалдарды олар келіп түскен күннен бастап үш ай мерзімнен кешіктірмей қарап, қарау нәтижелері туралы өтініш иесін міндетті түрде хабардар етеді.
8-бап. Кеңес отырысын өткізу тәртібі 1. Кеңес отырыстарын өткізу тәртібі, сондай-ақ Кеңес жұмысын ұйымдастырудың өзге де мәселелері Кеңес мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданатын регламентпен айқындалады. 2. Кеңес отырысын оның Төрағасы жүргізеді. 3. Кеңес отырысында материалдарды қарау тиісті қызметтерге орналасуға үміткер немесе атқаратын қызметтерінен босатылатын адамдардың қатысуымен жүргізіледі. Егер оның тікелей қатысуы талап етілмесе, отырыстың өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілген адамның болмауы мәселені мәні бойынша қарауға кедергі болмайды.
1. Кеңес шешімдері өзіне қатысты мәселе қаралатын адамның, сондай-ақ өзге де шақырылған адамдардың қатысуынсыз отырысқа қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. 2. Кеңес шешімдері жазбаша нысанда баяндалады және олардың шығарылған күні мен орны, мәселені қараған Кеңестің құрамы, қабылданған шешімнің уәждері қамтылуға тиіс. Шешімдерге төрағалық етуші мен Кеңес хатшысы қол қояды. 3. Кеңес қорытындылар, хаттамалық шешімдер және (немесе) ұсынымдар нысанында шешімдер қабылдайды. Кеңес мүшелерінің дауыс беруден қалыс қалуға құқығы жоқ. Кеңес мүшесі қабылданатын шешіммен келіспеген жағдайда Кеңес отырысының хаттамасына қоса тіркелетін ерекше пікірін жазбаша баяндауға құқылы. 4. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші дауыс болып табылады.
4-тарау. КЕҢЕС ЖАНЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІК КОМИССИЯСЫНЫҢ БІЛІКТІЛІК ЕМТИХАНЫН ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ
10-бап. Кеңес жанындағы Біліктілік комиссиясы 1. Судьялыққа кандидаттардың білім деңгейін айқындау үшін олардан біліктілік емтиханын қабылдауды Кеңес жанындағы Біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) жүзеге асырады. 2. Комиссияның құрамына: 1) Кеңес тағайындайтын Комиссия төрағасы және құқық оқытушыларының, заңгер-ғалымдардың арасынан бес маман; 2) Сот жюриі өз құрамынан ротациялық негізде жіберетін үш судья кіреді. 3. Комиссия төрағасы және мүшелері оның құрамына екі жыл мерзімге тағайындалады немесе жіберіледі. Бос қызмет орны болған жағдайда Комиссияның жаңа мүшесі Комиссияның бұрынғы мүшесі шығып қалған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей тағайындалуға немесе жіберілуге тиіс. 4. Комиссия құрамына ұсынылған адамдардың заңтану саласындағы кәсіби білімі, заң мамандығы бойынша кемінде он жыл жұмыс тәжірибесі және мінсіз беделі болуға тиіс. 2010.29.12. № 376-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Кеңес аппараты мен Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
11-бап. Комиссияның біліктілік емтихандарын қабылдау жөніндегі отырыстары 1. Комиссия біліктілік емтихандарын қабылдау жөніндегі өзінің отырыстарын қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде төрт рет өткізеді. 2. Комиссияның біліктілік емтихандарын қабылдау жөніндегі отырыстары ашық және жария түрде өткізіледі. Егер отырыстарға Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, отырыстар заңды деп есептеледі. 3. Комиссия отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы оның мүшелері мен шақырылған адамдар күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
12-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудың (тапсырудың) тәртібі мен шарттары 1. Комиссияда құжаттарды қабылдау, біліктілік емтихандарын тапсыру тәртібі Кеңес регламентімен айқындалады. 2. Судьялыққа кандидаттардан біліктілік емтихандарын қабылдау азаматтар арнайы тексеруден өткеннен кейін жүзеге асырылады. 2012.16.02. № 560-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген теріс себептермен судья лауазымынан босатылған адамдарды қоспағанда, бұрын кемінде үш жыл тұрақты судья болып жұмыс істеген және босатылған күннен бастап бес жыл ішінде судья лауазымына қайтадан орналасуға ниет білдірген адамдар біліктілік емтиханын тапсырудан босатылады. 2012.16.02. № 560-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды 3-1. Мамандандырылған магистратурадағы оқуды бітірген адамдар мамандандырылған магистратурада оқуын аяқтаған күннен бастап бес жыл бойы біліктілік емтиханын тапсырудан босатылады. 4. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде кір келтірген теріс қылықтары және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін судья қызметінен, құқық қорғау органдарынан немесе өзге де мемлекеттік қызметтен шығарылған адамдар біліктілік емтихандарын тапсыруға жіберілмейді. 2012.16.02. № 560-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Біліктілік емтиханын тапсыру нәтижесі емтихан тапсырылған күннен бастап бес жыл бойы жарамды. 6. Біліктілік емтихандарын тапсыра алмаған адамдар оларды қайтадан тапсыруға бір жылдан кейін жіберіледі.
13-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тарту Судьялыққа кандидаттар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қойылған талаптарға сай келмеген жағдайларда, біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тартуға жол беріледі. Біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тартқан жағдайда Комиссия өтініш берілген күннен бастап бір ай ішінде азаматқа дәлелді жауап беруге міндетті.
5-тарау. ЖЕРГІЛІКТІ ЖӘНЕ БАСҚА СОТТЫҢ СУДЬЯСЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫМДАР ШЫҒАРУ
2010.29.12. № 376-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 560-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап жаңа редакцияда 14-бап. Судья лауазымына конкурс 1. Кеңестiң жергiлiктi және басқа соттың судьясы лауазымына тағайындау туралы ұсынымы конкурстық қараудың нәтижелерi бойынша берiледi. 2. Конкурс жариялау туралы шешімді Кеңес Төрағасы қабылдайды. 3. Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның Кеңес Төрағасына енгізген судьяның бос лауазымының ашылғаны туралы ұсынысы Кеңестің конкурсты жариялауы үшін негіз болып табылады. 4. Кеңестің жергілікті және басқа соттың судьясы бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыруын Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында конкурсқа дейін кемінде бір ай бұрын қазақ және орыс тілдерінде жариялайды. 5. Жергілікті және басқа соттың судьясы лауазымына конкурсқа қатысу үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап бір айдың ішінде Кеңес аппаратына өтініш және тізбесі Кеңес регламентімен белгіленген басқа да құжаттарды беру қажет.
2010.29.12. № 376-IV ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 560-ІV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 15-бап. Жергілікті және басқа соттың судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар 1. Аудандық және оған теңестірілген соттың судьясы лауазымына Кеңестің ұсынымын алу үшін конкурсқа «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабы 1-тармағының талаптарына сай келетін азаматтар, ал жұмыс істейтін судьялар болып табылатын кандидаттар - «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының және 29-бабы 1-тармағының талаптарына сай келсе, қатыса алады. 2. Облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы лауазымына Кеңестің ұсынымын алу үшін конкурсқа «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сай келетін, заң мамандығы бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі немесе кемінде бес жыл судьялық жұмыс өтілі бар және тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын алған азаматтар қатыса алады. Жұмыс iстеп жүрген судьялар үшін тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы талап етілмейді. Тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысына Жоғарғы Соттың жалпы отырысына шағым жасалуы мүмкін. Тиісті облыстық соттың немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысын кандидат Кеңеске ұсынады. 3. Жергілікті және басқа да соттың судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар құжаттарын Кеңеске тапсырғаннан кейін Қоғамдық кеңестің және облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын алуға тиіс. Қоғамдық кеңес пен облыстық соттың жалпы отырысының қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.
16-бап. Бос қызмет орындарына кандидаттарды іріктеу тәртібі 1. Судьялардың бос қызмет орындарына кандидаттарды конкурстық іріктеуді Кеңес өз қызметіне араласуды болдырмау жағдайында, ашық және жария түрде жүзеге асырады. 2. Білім деңгейінің жоғары болуы, моральдық-адамгершілік қасиеті мен мінсіз беделінің болуы аудандық және оған теңестірілген сот судьясының бос қызмет орнына кандидаттарды іріктеудің негізгі өлшемдері болып табылады. Бұл ретте: 1) мамандандырылған магистратурада біліктілік емтиханын тапсырған; 2) сот жүйесінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарда, құқық қорғау органдары мен адвокатурада заң мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар адамдарға; 2012.16.02. № 560-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) біліктілік емтиханын тапсыру нәтижелері бойынша; 2012.16.02. № 560-ІV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы бар адамдарға; 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 5) - 7) тармақшалармен толықтырылды 5) мемлекеттік немесе ведомстволық наградалары бар адамдарға; 6) судья лауазымына конкурсқа үш реттен астам қатысқан адамдарға; 7) жоғары білім туралы дипломның орташа бағасының нәтижесі бойынша басымдық беріледі. 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. Арнайы білімнің болуы мамандандырылған соттар судьяларының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеудің қосымша критерийі болып табылады. 3. Облыстық және оған теңестірілген сот судьясының бос қызмет орнына орналасуға конкурс өткізу кезінде мынадай өлшемдер: 1) судья қызметіндегі жұмыс өтілі; 2) мінсіз беделінің болуы және сот төрелігін жүзеге асыру сапасы; 3) сот жүйесінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардағы жұмыс өтілі; 4) сот жүйесінің қызметін қамтамасыз ететін құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардағы, адвокатурадағы жұмыс өтілі; 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) ғылыми дәрежесінің немесе ғылыми атағының болуы; 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 6), 7) тармақшалармен толықтырылды 6) мемлекеттік немесе ведомстволық наградаларының болуы; 7) судья лауазымына конкурсқа үш реттен астам қатысқаны ескеріледі. 2010.29.12. № 376-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2012.16.02. № 560-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-1. Кеңес облыстық және оған теңестірілген сот судьяларының бос лауазымдарына кандидатураларды тиісті облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының қорытындысы болған кезде қарайды. Жұмыс iстеп жүрген судьялар үшін тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы талап етілмейді. 4. Бос қызмет орнына кандидаттарды іріктеудің нәтижелері бойынша Кеңес хатшысы конкурсқа қатысушыларға конкурс аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде оның нәтижелері туралы тиісті хабарлама жібереді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |