|
|
|
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне білім беру мәселелері 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. "Қазақ ССР-iнде ауылды, селоны және аграрлық-өнеркәсiптiк кешендi басым дамыту туралы" 1991 жылғы 13 ақпандағы Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының Заңына (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., № 8, 93-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 327-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 927-құжат): 1) Заңның тақырыбындағы және бүкiл мәтiнi бойынша: "Қазақ ССР-iнде", "Қазақ ССР-i", "Қазақ ССР", "Қазақ ССР-iне" "Қазақ ССР-iнен", "Министрлер Кабинетi", "Министрлер Кабинетінің" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасында", "Қазақстан Республикасы", "Қазақстан Республикасына", "Қазақстан Республикасынан", "Yкіметі", "Yкіметінiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) Заңның тақырыбындағы және бүкiл мәтiнi бойынша "ауыл, село", "ауылдардан, селолардан", "ауылды, селоны", "ауылдың, селоның", "селодағы", "село халқы", "село халқын", "село халқына", "село халқының", "селолық қоныс", "селолық қоныстар", "селолық мектептер", "селолық мектептердiң", "селолық мектеп", "село жастары", "село жастарының", "селолық жерде", "селолық жердегi", "ауылдық жерлерде", "селолық жерлерде", "селолық жерлердегi", "селолық жерлерден" деген сөздер тиiсiнше "ауыл (село)", "ауылдардан (селолардан)", "ауылды (селоны)", "ауылдың (селоның)", "ауылдағы (селодағы), "ауыл (село) халқы", "ауыл (село) халқын", "ауыл (село) халқына", "ауыл (село) халқының", "ауылдық (селолық) қоныс", "ауылдық (селолық) қоныстар", "ауылдық (селолық) білім беру ұйымдары", "ауылдық (селолық) білім беру ұйымдарының", "ауылдық (селолық) білім беру ұйымы", "ауыл (село) жастары", "ауыл (село) жастарының", "ауылдық (селолық) жерде", "ауылдық (селолық) жердегi", "ауылдық (селолық) жерлерде", "ауылдық (селолық) жерлердегi", "ауылдық (селолық) жерлерден" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) "Денсаулық сақтау, халыққа білім беру және мәдениет" деген VIII бөлiмiнде: бөлiмнiң тақырыбындағы "халыққа" деген сөз алып тасталсын; 4) 42-бапта: тақырыптағы және 1-тармақтағы "мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерi", "мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiнiң" деген сөздер "мектепке дейiнгi ұйымдар", "мектепке дейiнгi ұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтағы "халық депутаттары жергiлiктi Советтерiнiң" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Ауылдық (селолық) жерлердегi жалпы білім беретiн мектептердiң оқушыларын мектептерге үнемi тегiн апару мен алып қайтуды жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастырады және ол жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады."; 5) 47-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: Аграрлық-өнеркәсiптiк кешен үшiн кадрларды кәсiптiк даярлау, олардың біліктiлiгiн арттыру мен оларды қайта даярлау iсi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады."; 6) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын: "48-бап. Ауыл (село) халқын кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру саласында мемлекеттік қолдау Ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша оқуға түскен кезде, Қазақстан Республикасының Үкіметi белгілейтiн мөлшерде олар үшін қабылдау квотасы көзделеді.". 2. "Қазақ ССР-iнде мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының Заңына (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., № 26, 345-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1994 ж., № 9-10, 158-құжат; № 15, 208-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 17-18, 219-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат): 1) 3аңның тақырыбындағы және бүкіл мәтінi бойынша "Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы", "Қазақ Советтік Социалистік Республикасының", "Министрлер Кабинетi", "Министрлер Кабинетiнің" деген сөздер тиiсінше "Қазақстан Республикасы", "Қазақстан Республикасының", "Үкіметі", "Үкіметінiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 20-бапта: бiрiнші бөліктегі "мемлекеттік емес мекемелерде және" деген сөздер алып тасталсын; екінші бөлiктегі "орта, арнаулы орта және жоғары" деген сөздер "және кәсiптiк" деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: "Кәсіптiк білiм беретiн білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдарда оқитын мылқаулар мен зағиптарға мемлекеттік стипендияның мөлшері стипендиялардың жалпыға бірдей белгіленген мөлшерден жетпіс бес процент жоғары болып белгіленеді. Кәсіптік білім беретін ұйымдарда оқитын өзге мүгедектердi стипендиямен қамтамасыз ету жөніндегі жеңiлдiктердi Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi."; 3) 21-бапта: бiрiншi бөлiктегi "балалар" деген сөз алып тасталсын; бiрiншi және екiншi бөлiктердегi "мектеп жасына дейiнгi жалпы үлгiдегi балалар мекемелерiнде", "мектеп жасына дейiнгi жалпы үлгiдегi мекемелерде", "мекемелер" деген сөздер "жалпы үлгiдегi мектепке дейiнгi ұйымдарда", "жалпы үлгiдегi мектепке дейiнгi ұйымдарда", "ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын: "22-бап. Мүгедектерге жалпы және кәсiптiк орта білім беру Мүгедектерге жалпы және кәсiптiк орта білім беру жалпы немесе арнаулы үлгiдегi білім беру ұйымдарында, ал қажет болған жағдайда үйде жүзеге асырылады. Стационарлық емдеу-профилактикалық, оңалту және басқа да денсаулық сақтау ұйымдарында емделу курсынан өтіп жатқан мүгедек балалар үшiн жалпы білім беру бағдарламасы көлемiнде оқу сабақтары ұйымдастырылады. Оқу сабақтарын ұйымдастыру тәртібін білім беру және денсаулық сақтау саласындағы орталық атқарушы органдар белгiлейдi. Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедек балалар үшiн арнаулы білім беру ұйымдары, оңалту орталықтары, мүгедектерге арналған үйлер мен орталықтар жанынан арнаулы сыныптар құрылады. Білім беру гранттары мен кредиттерiн бюджеттен қаржыландыру арқылы тегiн мемлекеттік білім алуға конкурс өткізу кезiнде көрсеткiштер бiрдей болған жағдайда, медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссияларының қорытындысы бойынша кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білім беретiн білім беру ұйымдарында оқуына болатын бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектердiң, сондай-ақ бала кезiнен мүгедектердiң артықшылықты құқығы бар. Кәсiптiк жоғары, орта және бастауыш білім беру ұйымдарын бiтiрген бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектердi жұмысқа орналастыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың тұрғылықты жерiнде, алған мамандығы бойынша жүзеге асырылады."; 5) 23-бапта: бiрiншi бөлiктегi "мекемелер" деген сөз "ұйымдар" деген сөзбен ауыстырылсын; үшiншi бөлiкте: "мекемелерi" деген сөз "ұйымдары" деген сөзбен ауыстырылсын; "оқытуда" деген сөзден кейiн "білім беру саласындағы орталық атқарушы орган белгiлеген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын; 6) 24-бапта: бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: "Мүгедек балалардың жан-жақты әрi үйлесiмдi дамуы, оларды қоғамдық белсендiлiкке, еңбекке, ынталылыққа тәрбиелеу, ғылымға, техникаға, өнерге және спортқа баулу мақсатында білім беру органдары мен басқа да мемлекеттік органдар мүгедек балалардың мектептен тыс тәрбиеленуге қол жеткізуiн қамтамасыз етуге, осыған қажет жағдайлар жасауға мiндеттi."; мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Бес-алты жасар мүгедек балаларды мектепке барар алдында даярлау мiндеттi болып табылады және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымда немесе мектепте жалпы білiм беру бағдарламасы көлемiнде жүзеге асырылады. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында ол тегiн жүзеге асырылады."; 7) 25-баптың тақырыбы мен мәтiніндегі "мекемелерде", "мекемелер" деген сөздер "ұйымдарда", "ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 26-баптың бiрiншi бөлiгіндегі "мекемелерде", "жұмыспен қамту қызметiнiң" деген сөздер "ұйымдарда", "жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын; 9) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын: "27-бап. Мүгедектердiң білім алу, кәсiптiк даярлықтан өту және біліктiлiгiн арттыру нысандары Мүгедектердiң білім алуы, кәсiптiк даярлықтан өтуi және біліктiлiгiн арттыруы Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңдарында белгiленген тәртiппен және нысандарда жүзеге асырылады.". 3. "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 2, 28-құжат; 1995 ж., № 8, 56-құжат; № 22, 135-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат): 1) 8-1-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "Әскерге шақырылуға дейiнгi және әскерге шақырылу жасындағы жiгiттермен және қыздармен бастапқы әскери дайындықты жалпы білім беретiн мектептерде, бағыныстылығына және меншiк нысанына қарамастан, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта білім беретiн білім беру ұйымдарында штаттағы оқытушылар жүргiзедi."; 2) 9-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгіндегі "министрлiктер мен ведомстволардың оқу ұйымдарында және Республиканың мемлекеттік білім беру жүйесіндегі оқу орындарында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 15-бапта: 3-тармақта: а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "а) білім беру қызметiн жүргiзу құқығына лицензиясы бар, жалпы білім беретiн мектептер мен кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта білім беру ұйымдарында күндiзгi оқыту нысаны бойынша оқитын әскерге шақырылушыларға, оларды бiтiргенге дейiн;"; б) тармақшасының бiрiншi бөлiгіндегі "Қазақстан Республикасы Білім министрлігінiң" деген сөздер "білім беру саласындағы орталық атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтың а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "а) ауылдық (селолық) жерлерде орналасқан жалпы білім беретiн мектептердiң, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта білім беру ұйымдарының кәсiптiк орта немесе кәсiптiк жоғары педагогтiк білімi бар және мамандығы бойынша жұмыс iстеп жүрген мұғалiмдерiне (оқытушыларына), барлық жұмыс iстеген кезеңiне;"; 4) 26-баптың е) және ж) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: "е) білім беру ұйымдарының педагогтары - оқу жылы кезеңiнде; ж) күндiзгi оқыту нысаны бойынша оқытатын барлық білім беру ұйымдарында білім алушылар;". 4. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 14, 201-құжат; № 16, 219-құжат; № 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; № 23, 416-құжат; № 24, 452-құжат; 1999 ж., № 20, 721, 727-құжаттар; № 21, 787-құжат; № 22, 791-құжат; № 23, 931-құжат; № 24, 1066-құжат; 2000 ж., № 10, 248-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; 2001 жылғы 13 наурызда "Егемен Қазақстан" газетiнде және 2001 жылғы 12 наурызда "Казахстанская правда" газетiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне банк қызметi мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 2 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы): 10-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "1) жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе жалпы орта білім; кәсiптiк бастауыш білім, оның iшiнде кәсiптер бойынша; кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім, оның iшiнде мамандықтар бойынша білім беретiн заңды тұлғалардың білім беру қызметі, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың қызметi;"; 10-бап мынадай мазмұндағы 10-2) тармақшамен толықтырылсын: "10-2) білім беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер, электронды оқулықтар мен қосымша оқу әдебиетiн басып шығару жөніндегі қызмет;"; 5. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 6, 43-құжат; № 12, 88-құжат; № 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180, 181-құжаттар; № 11-12, 257-құжат; № 15, 281-құжат; № 23-24, 416-құжат; 1997 ж., № 4, 51-құжат; № 7, 82-құжат; № 10, 112-құжат; № 11, 144-құжат; № 12, 184, 188-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 20, 263-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 4, 45-құжат; № 14, 197, 201, 202-құжаттар; № 23, 425-құжат; № 24, 436, 442, 445-құжаттар; 1999 ж., № 6, 192, 193-құжаттар; № 20, 731-құжат; № 21, 786-құжат; № 23, 928-құжат; № 24, 1067-құжат; 2000 ж., № 3-4, 65, 66-құжаттар; № 10, 234-құжат; 2001 ж., № 3, 16-құжат; 2001 жылғы 5 мамырда "Егемен Қазақстан" газетiнде және 2001 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газетiнде жарияланған "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2001 жылғы 3 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 57-бапта: 1-тармақта: 15) тармақшадағы "арнаулы орта және жоғары" деген сөздер "кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары" деген сөздермен ауыстырылсын; 20) тармақшадағы "мектеп жасына дейiнгi балалар, орта, арнаулы орта және жоғары білім" деген сөздер "мектепке дейiнгi тәрбиелеу және оқыту, жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білім" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 123-баптың 3-тармағының 10) тармақшасындағы "мектепке дейiнгi балалар мекемелерi, орта, арнаулы орта және жоғары білім" деген сөздер "мектепке дейiнгi тәрбиелеу және оқыту, жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары білім беру" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 134-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "мектепке дейiнгi балалар мекемелерi, орта, арнаулы орта және жоғары білім" деген сөздер "мектепке дейiнгi тәрбиелеу және оқыту, жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары білім беру" деген сөздермен ауыстырылсын. 6. "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" 1998 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 14, 200-құжат; № 22, 308-құжат; № 24, 443-құжат): 4-баптың 5) тармақшасының он екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Алматы қаласының аумағындағы жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе жалпы орта және кәсiптiк бастауыш білім беретiн білім беру ұйымдарының, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың қызметiне;". 7. "Білім туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 13, 429-құжат; № 23, 927-құжат): 1) 28-баптың 3-тармағын, 46-баптың 3-тармағын қоспағанда, Заңның бүкiл мәтiнi бойынша "орталық атқарушы органдары", "орталық атқарушы органдар", "орталық атқарушы органдардың" деген сөздер тиiсiнше "орталық атқарушы органы", "орталық атқарушы орган", "орталық атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) Заңның бүкiл мәтiнi бойынша "селолық жерлер", "село жастары" деген сөздер тиiсiнше "ауылдық (селолық) жерлер", "ауыл (село) жастары" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 1-бап: мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: "2-1) білім беру ұйымдарын аккредитациялау - кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк жоғары білім берудiң білiм бағдарламаларын iске асыратын ұйымдардың мәртебесiн білім бағдарламаларының тiзбесiн белгiлей отырып, олардың үлгiсi (жоғары оқу орны) мен түрiне қарай (институт, академия, университет) мемлекеттiң тануы (кезектi мерзiмге растауы). Бұл ұйымдардың бiтiрушiлерге аталған бағдарламалар бойынша білім туралы мемлекеттік үлгiдегi құжаттар беруге құқығы бар;"; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: "3-1) ассистентура-тағылымдама - өнер оқу орындарында жоғары біліктi ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны;"; мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын: "20-1) қабылдау квотасы - ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар мен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білім беретiн білім беру ұйымдарына қабылдау үшiн бөлiнетiн білім беру гранттары мен кредиттерiнің шектi саны;"; 32) тармақшадағы "резидентура" деген сөз "клиникалық ординатура" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 40-1) және 41-1) тармақшалармен толықтырылсын: "40-1) мектеп-гимназия (мектеп-лицей) - гимназияның жалпы білім беру бағдарламаларын - гимназия сыныптарында; лицейдiң жалпы білім беру бағдарламаларын лицей сыныптарында iске асыратын жалпы білім беретiн орта оқу орны; 41-1) эксперименттiк алаң - жаңа педагогикалық технологиялар мен білім беру бағдарламаларын мақұлдаудан өткізуге арналған эксперимент режимiнде жұмыс iстейтiн орта оқу орны."; 4) 9-бапта: 6-тармақтың үшiншi бөлiгi алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын: "6-1. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аккредитациялау Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн тәртiппен мемлекеттік аттестаттау негiзiнде жүзеге асырылады."; 5) 12-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Ведомстволық бағыныстылығына және меншiк нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың (бұдан әрi - лицензиат) білім беру қызметi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес мамандықтар бойынша лицензиялануға тиiс."; 3-тармақта: "білім беру ұйымдарына" деген сөздер "заңды тұлғаларға" деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақша "жалпы бастауыш" деген сөздердiң алдынан "осы тармақтың 3) тармақшасында аталғандардан басқа," деген сөздермен толықтырылсын; қазақша мәтiнде 2) тармақшадағы "бередi." деген сөз алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: "3) жалпы орта білім беретiн халықаралық, шетелдiк, мемлекеттік емес, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарына Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы бередi."; 6) 13-баптың 3-тармағы: мынадай мазмұндағы төртiншi, бесiншi, алтыншы бөлiктермен толықтырылсын: "Жалпы орта, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта білім беру ұйымдарының жалпы білім беретiн пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың ағымдағы жылғы жеңiмпаздары болып табылатын (I, II, III дәрежелi дипломдармен марапатталған) түлектерi, сондай-ақ республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстарының (I, II, III дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздары таңдаған мамандықтар олимпиаданың, ғылыми жарыстың, конкурстың олар жеңiмпаз болып табылатын пәнiне сәйкес келген жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен мемлекеттік білім беру гранттарын алуға құқығы бар және олар Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарын тапсырмай қабылданады. Ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білім беретiн білім беру ұйымдарына ауылдың (селоның) әлеуметтiк-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша оқуға түскен кезде, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн мөлшерде оларды қабылдау квотасы көзделедi. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түскен кезде, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн мөлшерде оларды қабылдау квотасы көзделедi."; 7) 16-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Білім туралы құжаттарды нострификациялау тәртібін білім беру саласындағы орталық атқарушы орган белгiлейдi."; 8) 17-бапта: бiрiншi бөлiк "әдiстемелiк" деген сөзден кейiн "және оқу-әдiстемелiк" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Оқу-әдiстемелiк бiрлестiктер қызметiнiң ережесін білім беру саласындағы орталық атқарушы орган бекiтедi."; 9) 24-баптың 5-тармағы "лицей" деген сөзден кейiн ", мектеп-гимназия, мектеп-лицей" деген сөздермен толықтырылсын; 24-баптың 7-тармағы мынадай редакциядағы төртiншi және бесiншi бөлiктермен толықтырылсын: "Кәсiптiк орта білімi бар азаматтар қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша қысқартылған мерзiмде ақылы негiзде екiншi кәсiптiк орта білім ала алады. Колледждер мен училищелерде ұқсас мамандықтар бойынша республикалық оқу-әдiстемелiк бiрлестiктер құрылады."; 10) 25-бапта: 4-тармақтың екiншi бөлiгi "ұйымдары" деген сөзден кейiн "қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылатын" деген сөздермен толықтырылсын; 11) 26-бапта: 2-тармақта: "резидентурасында" деген сөз "клиникалық ординатурасында" деген сөздермен ауыстырылсын; "аспирантурасында," деген сөзден кейiн "ассистентура-тағылымдамасында" деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Ассистентура-тағылымдамада тағылымдамадан өту мерзiмi күндiзгi оқу нысаны бойынша - екi жылдан, сырттай оқу нысаны бойынша үш жылдан аспауға тиiс."; 12) 29-баптың 3) тармақшасындағы "жергiлiктi бюджеттен қаражат алатын колледждерде кәсiптiк орта білімi бар" деген сөздер "республикалық бюджеттен қаражат алатын ұйымдарда кәсiптiк орта білімi бар" деген сөздермен ауыстырылсын; 13) 30-бапта: 2) тармақша алып тасталсын; 4) тармақша "лицензиялау" деген сөзден кейiн ", мемлекеттік аккредитациялау" деген сөзбен толықтырылсын; 9) тармақша "лицензиялау" деген сөзден кейiн ", мемлекеттік аккредитациялау" деген сөзбен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын: "9-1) оқу-әдiстемелiк бiрлестiктер мен кәсiптiк-білім беру бағдарламаларын оқу- және ғылыми-әдiстемелiк, ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі кеңестердiң жұмысын үйлестiредi; мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын: "9-2) кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аккредитациялауды ұйымдастырады және жүргiзедi;"; мынадай редакциядағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын: "24-1) білім туралы құжаттарды нострификациялау тәртібін белгiлейдi;"; 14) 32-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "5) білім беру саласындағы орталық атқарушы органның нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес педагог қызметкерлердi аттестаттауды өткiзедi және оларға біліктiлiк разрядтарын бередi;"; 15) 33-баптың 3-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын; 16) 35-бапта: 2-тармақтың екiншi бөлігіндегі "аттестаттау" деген сөзден кейiн "мен аккредитациялау" деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақ "аттестаттау" деген сөзден кейiн "мен аккредитациялау" деген сөздермен толықтырылсын; 17) 40-баптың 5-тармағының 5) тармақшасы "күндiзгi оқу нысаны үшiн - 8:1," деген сөздерден кейiн "ал медициналық жоғары оқу орындары үшiн - 6:1," деген сөздермен толықтырылсын; 18) 41-баптың 2-тармағының екiншi сөйлемi "оларға теңестiрiлген адамдар қызметiнiң тiзбесiн" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ білім беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгi штаттарын" деген сөздермен толықтырылсын; 19) 42-баптың 1-тармағындағы "еңбек шартымен не еңбек келісім-шартымен", "Еңбек шартының не еңбек келісім-шартының" деген сөздер "жеке еңбек шартымен", "Жеке еңбек шартының" деген сөздермен ауыстырылсын; 20) 43-бапта: 4-тармақта: бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: "Мемлекеттік білім беру ұйымдарын қаржыландыру білім беру деңгейлерi бойынша жалпыға бiрдей мiндеттi мемлекеттік стандарттармен белгiленген талаптарды сақтау арқылы және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн ақшалай және заттай нормаларды, сондай-ақ еңбекке ақы төлеу нормаларын ескере отырып, республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.";
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |