|
|
|
Жалпыға бiрдей әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы Қазақстан Республикасының 2005.08.07. № 74-III Заңымен күші жойылды I бөлiм. Жалпы ережелер (1-7 баптар) II бөлiм. Азаматтарды әскери қызметке даярлау (8-11 баптар) III бөлім. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу. (12-18 баптар) Әскери қызметке шақыру және қабылдау (түсу) IV бөлiм. Әскери қызметтен өту (19-22 баптар) V бөлiм. Запастағы қызмет (23-26 баптар) VI бөлiм. Әскери міндеттілер мен шақырылушылардың әскери есебі (27-28 баптар) VII бөлiм. Жұмылдыру бойынша әскери қызметке шақыру. (29-32 баптар) жұмылдыруды тоқтату VIII бөлім. Азаматтар мен лауазымды адамдардың жалпыға (33-34 баптар) бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңды бұзғаны үшін жауаптылығы IХ бөлiм. Қорытынды ережелер (35 баптар) ҚР Президентінің 14.11.95 ж. № 2635 заң күші бар Жарлығымен; ҚР 29.01.02 ж. № 287-II Заңымен 1-бап өзгертілді 1-бап. Жалпыға бiрдей әскери мiндеттілік 1. Қазақстан Республикасын қарулы агрессиядан қорғау мемлекеттiң аса маңызды мiндеттерiнiң бiрiне жатады, әрi Қазақстанның күллi халқының iсi болып табылады. Қазақстан Республикасын қорғау - ұлтына және әлеуметтiк тегiне, тұратын жерiне, мүлiктiк және лауазымдық жағдайына, нәсiлiне, тіліне, білімiне, дiни көзқарасына, жұмысының түрi мен сипатына, саяси және өзге де нанымына, қоғамдық ұйымдар мен бiрлестiктерге жататындығына қарамастан оның әрбiр азаматының қасиеттi борышы және мiндетi болып табылады. 2. Жалпыға бiрдей әскери мiндеттілік Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiн, Iшкi істер министрлігінің ішкі әскерлерiн, Республикалық ұланын, Азаматтық қорғаныстың, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің басқару органдары мен бөлiмдерiн және басқа әскери құрамаларын (бұдан былай Қазақстан республикасының Қарулы Күштерi, басқа әскерлерi мен әскери құрамалары) жасақтауды, сондай-ақ халықты Республиканы қорғауға даярлауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгiленедi. Жалпыға бiрдей әскери мiндеттілік мыналарды қамтиды: - азаматтарды әскери қызметке даярлау; - шақыру учаскелерiне тiркеу; - әскери қызметке шақыру; - әскери қызметтен өту; - запастағы қызмет; - запаста жаттығу жиындарынан өту; - соғыс кезiнде азаматтарды жалпыға бiрдей мiндеттi әскери үйрету. 3. Осы Заңның орындалуы Қазақстан Республикасының азаматтарына, мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдары мен өзге де ұйымдарға жүктеледі. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында тұратын басқа мемлекеттердiң азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының мүдделерi үшiн әскери қызмет атқара алады. 4. Жалпыға бiрдей әскери мiндеттілікке қатынасы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары мынадай категорияларға бөлiнедi: - шақыруға дейiнгiлер - шақыру учаскесiне тiркелгенге дейiн әскери қызметке даярлықтан өтетiн 15 жасқа толған жасөспiрiмдер: - шақырылушылар - шақыру учаскелерiне тiркелген адамдар; - әскери қызметшiлер - әскери қызметтен өтушi адамдар; - әскери мiндеттiлер - запастағы адамдар; - әскери мiндеттi еместер - әскери есепке алынбаған немесе одан шығарылған адамдар. 5. Денсаулық жағдайы мен жасы бойынша әскери қызметтен өтуге жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары: - осы Заңмен белгiленген жасқа жеткенде әскери есепке тұруға; - әскери-техникалық комиссариаттың шақыруы бойынша шақыру учаскелерiне тiркелу, медициналық куәландырудан өту, әскери мамандық алуға арнап даярлыққа жiберу, әскери қызметке немесе жиынға шақыру үшiн келуге; - әскери қызметке даярлықтан, әскери қызметтен өтуге және запастағы әскери мiндеттi орындауға; - әскери есеп ережелерiн орындауға мiндеттi. 6. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тiзбе бойынша тиiстi әскери мамандықпен төркiндес мамандығы бар әйелдер әскери есепке тұруға тиiс. Әйелдер бейбiт кезде әскери қызметке шарт бойынша ерiктi түрде кiре алады. Әскери есепте тұрған немесе жалпыға бiрдей әскери үйретуден өткен әйелдер соғыс кезiнде Қазақстан Республикасы Президентінің шешiмiмен әскери қызметке шақырылуы мүмкiн. ҚР Президентінің 14.11.95 ж. № 2635 заң күші бар Жарлығымен; ҚР 20.03.01 ж. № 166-I Заңымен 2-бап өзгертілдi 2-бап. Әскери қызмет 1. Әскери қызмет - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде басқа әскерлерi мен әскери құрамаларында өздерiнiң мемлекет пен халық алдындағы қасиеттi борышын және мiндеттерiн орындауымен байланысты мемлекеттік қызметтiң айрықша түрi. Әскери қызметтен өту кезi жалпы үздiксiз жұмыстың стажына сондай-ақ мамандық бойынша жұмыс стажына есептеледi. Әскери қызметтiң түрлерi: - солдаттар мен матростардың, сержанттар мен старшиналардың мерзiмдi әскери қызметi; - шарт бойынша өтетiн әскери қызметi; - офицерлер құрамының әскери қызметi. Келісім-шарт бойынша әскери қызметтің ерекшеліктері "Келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. 2. Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне халықаралық шарттарға сәйкес бiрiккен (коалициялық) қарулы күштер (әскерлер топтары) құрамында әскери қызмет атқаруға рұқсат етiледi. Егер бұл халықаралық шарттарда көзделмеген болса, Қазақстан Республикасының азаматтарына басқа мемлекеттердiң Қарулы Күштерiнде әскери қызмет атқаруға тыйым салынады. 3. Әскери қызметке бiрiншi рет шақырылған немесе еркiмен кiрген Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан халқына адалдыққа әскери ант қабылдайды. Бұрын әскери ант қабылдамаған әскери мiндеттiлер жиындары немесе жұмылдыру кезiнде ант қабылдайды. Әскери анттың сөзiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. ҚР Президентінің 14.11.95 ж. № 2635 заң күші бар Жарлығымен; 29.01.02 ж. № 287-II Заңымен 3-бап өзгертiлді 3-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларын әскери қызметшiлерiмен жасақтау Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа әскерлерi мен әскери құрамалары әскери қызметшiлерiмен шақыру бойынша жалпыға бiрдей әскери мiндеттілік негiзiнде, сондай-ақ контракт бойынша дербес аумақтық және аумақтық принциптердi ұштастыра отырып жасақталады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң басқа әскерлерi мен әскери құрамаларының адам құрамын жұмылдыру бойынша және соғыс кезiнде қосымша жасақтау үшiн әскери мiндеттiлерден әскери үйретiлген резерв құрылады. 4-бап. Әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлер құрамы Әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлер қатардағы құрамға, сержанттар мен старшиналар құрамына, прапорщиктер мен мичмандар құрамына, офицерлер құрамына бөлiнедi. Офицерлер құрамы кiшi, аға және жоғары болып бөлiнедi. ҚР Президентінің 14.11.95 ж. № 2635 заң күші бар Жарлығымен; ҚР 29.01.02 ж. № 287-II Заңымен 5-бап өзгертiлдi 5-бап. Әскери атақтар 1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде басқа әскерлерi мен құрамаларында мынадай әскери атақтар белгiленедi: Әскери Кеме Солдаттар, матростар қатардағы жауынгер матрос, ефрейтор аға матрос, Сержанттар мен старшиналар кiшi сержант 2-сатылы старшина, сержант 1-сатылы старшина, сержант аға сержант бас старшина, старшина бас кеме старшинасы, 3-сыныпты сержант 3-сыныпты старшина 2-сыныпты сержант 2-сыныпты старшина 1-сыныпты сержант 1-сыныпты старшина штаб сержанты ӘТК-нің штаб старшинасы шебер-сержант Прапорщиктер мен мичмандар прапорщик мичман аға прапорщик аға мичман Кiшi офицерлер құрамы кiшi лейтенант кiшi лейтенант лейтенант лейтенант аға лейтенант аға лейтенант, капитан Аға офицерлер құрамы майор 3-дәрежелi капитан, подполковник 2-дәрежелi капитан, полковник 1-дәрежелi капитан, Жоғары офицерлер құрамы генерал-майор контр-адмирал, генерал-лейтенант вице-адмирал, генерал-полковник адмирал, армия генералы Қазақстан Республикасының маршалы 2. Медициналық немесе заңдық әскери-есеп мамандығы бар офицерлер үшiн әскери атақтарына тиiсiнше "медицина қызметiнiң, әдiлет" деген сөздер қосылады. Авиация жоғары офицерлерi құрамының (ұшқыш, инженерлiк-авиациялық даярлығы бар инженерлiк) әскери атақтарына "авиация" сөзi қосылады. Ұлан бөлiмдерiнде, ұлар кемелерiнде қызметтен өтушi әскери қызметшiлер үшiн тиiстi әскери атақтың алдына "ұлан" деген сөз қосу жолымен ерекше ұландық әскери атақтар белгiленедi. Запастағы азаматтардың әскери атағының алдында "запастағы" деген сөз, ал отставкадағыларға - "отставкадағы" деген сөз қосылады. 3. Жоғары офицерлер құрамының әскери атақтарын Қазақстан Республикасының Президентi бередi. Басқа лауазымды адамдардың әскери қызметшiлердiң қалған санаттарына әскери атақтар беру жөніндегі құқығы әскери қызмет өткеру туралы ережелермен белгiленедi. 4. Әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жалпы әскери жарғылары мен әскери қызмет өткеру туралы ережелерде белгiленген тәртiппен әскери атақтарынан айырылуы, сондай-ақ олардың әскери атағының төмендетiлуi немесе қайта қалпына келтiрiлуi мүмкiн. ҚР Президентінің 19.05.95 ж. № 2283; 14.11.95 ж. № 2635 заң күші бар Жарлықтарымен; ҚР 29.01.02 ж. № 287-II Заңымен 6-бап өзгертiлді 6-бап. Әскери лауазымдар 1. Әскери лауазымдар (әскери қызметшiлер атқаруға жататын штаттық лауазымдар) және соларға сәйкес әскери атақтар әскери бөлiмдердiң, кемелердiң, басқару органдарының, мекемелердiң, әскери-оқу орындарының штаттарында көзделедi. Жоғары офицерлер құрамы атқаруға жататын лауазымдар тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті, ал басқа әскери қызметшілер лауазымдарының тізбесін - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің бастығы, Республикалық ұланының қолбасшысы, Бас прокуроры, басқа әскерлері мен әскери құралымдарының бірінші басшылары бекітеді. Офицерлер құрамының адамдары қызметтерiн атқаруға тиiс сот органдары әскери қызметшiлерi лауазымдарының тiзбесi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес белгiленедi. 2. Әскери лауазымдар былай бөлiнедi: - қатардағы құрам лауазымы; - сержанттар мен старшиналар құрамының лауазымы; - прапорщиктер мен мичмандар лауазымы; - офицерлер құрамының лауазымы. 3. Жоғары офицерлер құрамының адамдары атқаруға жататын лауазымдарға (құрамалар, бiрлестiктер командирлерiн және соларға теңестiрiлгендердi, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң басқа әскерлерi мен әскери құрамаларының басшы құрамын) тағайындауды Қазақстан Республикасының Президентi жүргiзедi. Басқа да әскери лауазымдарға тағайындау тәртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің бастығы, Республикалық ұланының қолбасшысы, Бас прокуроры, басқа әскерлері мен әскери құралымдарының бірінші басшылары белгілейді. 4. Әскери қызметшiлер әскери қызметте қалдырыла отырып, қорғаныс сипатындағы жұмыстарды орындау үшiн өздерiнiң келісімiмен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерi негiзiнде мемлекеттік органдарға жiберiлуi мүмкiн. Әскери қызметшiлер: Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары және мәслихаттардың босатылған негізде жұмыс істейтін депутаттары болып сайланған әскери қызметшiлер әскери қызметтен шығарылады. Олар өздерiнiң депутаттық өкiлеттiктерi аяқталған соң әскери қызметке белгiленген тәртiппен қайта қабылдануы мүмкiн. Жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттары болып сайланған әскери қызметшiлер осы органдар жұмысы (сессиясы) кезеңiнде өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатылады. Әскери қызметте қалдырыла отырып қорғаныс сипатындағы жұмыстарды орындау үшiн мемлекеттік органдарға iссапарға жiберiлген әскери қызметшiлердi әскери үлестiң барлық түрлерiмен қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың әскери қызметтен өту тәртібі Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен реттеледi. ҚР Президентінің 14.11.95 ж. № 2635 заң күші бар Жарлығымен; ҚР 29.01.02 ж. № 287-II Заңымен 7-бап өзгертiлді 7-бап. Әскери қызметшiлердiң әскери киiм үлгiсi мен айырым белгiлерi 1. Әскери қызметшiлер, сондай-ақ жиындарда әскери мiндеттiлер әскери атақтар мен әскерлер (қызмет) түрiне сәйкес айырым белгiлерi бар әскери киiм үлгiсiн киедi. Қарулы Күштердiң, басқа әскерлер мен әскери құрамалардың әскери киiм үлгiсi мен айырым белгiлерiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi, олармен жабдықтау нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. Әскери киiм үлгiсiн киiп жүру ережесін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi, ал оның жекелеген түрлерiн киiп жүру және айырым белгiлерiн тағу ерекшелiктерiн басқа әскерлерi мен әскери құрамаларына бiрiншi басшылары белгiлейдi. 2. Басқа барлық мемлекеттік органдарға және меншік нысанына қарамастан ұйымдарға әскери қызметшiлердiң киiм үлгiсi мен айырым белгiлерi сияқты киiм үлгiлерi мен айырым белгiлерiн енгiзуге тыйым салынады. 3. Әскери киiм киюге құқығы жоқ азаматтардың оны киюiне тыйым салынады және заңмен қудаланады. II бөлiм. Азаматтарды әскери қызметке даярлау ҚР Президентінің 14.11.95 ж. № 2635 заң күші бар Жарлығымен; ҚР 11.06.01 ж. № 207-II;29.01.02 ж. № 287-II Заңымен 8-бап өзгертiлдi 8-бап. Шақыруға дейiнгiлер мен шақырылушыларды әскери қызметке даярлау 1. Шақыруға дейiнгiлер мен шақырылушыларды әскери қызметке даярлау мыналарды қамтиды: - бастапқы әскери даярлық; - шақырылушыларды әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау; - жоғары оқу орындарының студенттерiн запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау; - дене даярлығы; - жалпы білім даярлығы деңгейiн арттыру; - патриоттық тәрбие. 2. Шақыруға дейінгілер мен шақырылушыларды әскери қызметке даярлауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшылығымен өздерінің құзыреті шегінде мемлекеттік органдар ұйымдастырады және меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдары мен өзге де ұйымдарда жүзеге асырылады. Республикада шақыруға дейiнгiлердi және шақырылушыларды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыруды, жүргiзудi және олардың нәтижелерiн бақылауды бастапқы әскери даярлықты бағдарламалық және әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жүзеге асырады. Мемлекеттік органдар өздерінің құзыреті шегінде және бастапқы әскери даярлықты жүргiзу үшiн материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi, оқу-материалдық базасын жасауды, жетекшiлердi, оқытушыларды, тәрбиешiлердi, нұсқаушыларды, өндiрiстiк оқыту шеберлерiн және басқа да мамандарды iрiктеу мен даярлауды жүзеге асырады әрi шақыруға дейiнгiлердi әскери қызметке даярлау жөнiнде осы Заңмен өздерiне жүктелген шаралар кешенiн орындау үшін жауапты болады. Меншiк түрiне қарамастан кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң және оқу орындарының басшылары шақыруға дейiнгi мен шақырылушылардың әскери қызметке даярлықтан өту мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. ҚР Президентінің 14.11.95 ж. № 2635 заң күші бар Заң Жарлығымен жаңа 8-1-баппен толықтырылды 8-1-бап. Бастапқы әскери даярлық Әскерге шақырылуға дейiнгi және әскерге шақырылу жасындағы жiгiттермен және қыздармен бастапқы әскери дайындықты жалпы білім беретiн мектептерде, бағыныстылығына және меншiк нысанына қарамастан, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта білім беретiн білім беру ұйымдарында штаттағы оқытушылар жүргiзедi. Оқу орындарында бастапқы әскери даярлықтан өтпеген жасөспiрiмдер оны мерзiмдi әскери қызметке шақырылу алдында жергiлiктi атқару органдарының шешiмi бойынша құрылатын оқу пункттерiнде өтедi. Шақыруға дейiнгiлер мен шақырылу жасындағы жасөспiрiмдермен бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру мен жүргiзу тәртібі жастарды бастапқы әскери даярлау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі бекiткен Ережемен белгiленедi. ҚР Президентінің 14.11.95 ж. № 2635 заң күші бар Жарлығымен 9-бап жаңа редакцияда; ҚР 11.06.01 ж. № 207-II; 29.01.02 ж. № 287-II Заңдарымен 9-бап өзгертілдi 9-бап. Шақырылушыларды әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау 1. Шақырылушыларды әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында даярлық жағдайы мен сипатына қарай өндiрiстен қол үзе отырып, сондай-ақ қол үзбей жүргiзiледi. Шақырылушыларды даярлау Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісілген бағдарламалар мен жоспарлар бойынша шарттық негiзде әскери-қолданбалы бағыттағы қоғамдық бірлестiктерде жүзеге асырылуы мүмкiн. Меңгерген әскери-техникалық мамандығы бойынша әскери қызметке денсаулығы жарамды және оқуын бiтiрген соң мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақырылуға жататын шақырылушылар даярлыққа тартылады. 2. Өндiрiстен қол үзе отырып әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлықтан өтiп жатқан шақырылушыларға оқу кезеңiнде жұмыс орны, атқаратын қызметi сақталады және негiзгi жұмыс орны бойынша орташа жалақысы төленедi. Өндiрiстен қол үзбей оқытуға тартылған шақырылушыларға, даярлық кезеңiне кешкi мектептерде оқитын адамдар үшiн заңда көзделген ережелерге сәйкес жұмыс күнiнiң қысқартылған ұзақтығы белгiленедi. Емтихандарға даярлық пен оны тапсыру кезеңiне оларға негiзгi жұмыс орны бойынша орташа жалақысы төлене отырып ұзақтығы 10-15 жұмыс күнiн құрайтын (мамандығына және оқу бағдарламаларының көлемiне қарай) демалыс берiледi. Жеке меншiкке негiзделген ұйымдардың осы шақырылушыларға орташа жалақы төлеу жөніндегі шығыстары аталған мамандар өздерiне арнап даярланатын мемлекеттік органдардың қаражаты есебiне өтеледi. 3. Әскери-техникалық мамандықтар бойынша оқытуға тартылған шақырылушылардың сабаққа қатысуы мiндеттi болып табылады. ҚР Президентінің 14.11.95 ж. № 2635 заң күші бар Жарлығымен 10-бап өзгертілді 10-бап. Жоғары оқу орындары студенттерiнiң әскери даярлығы 1. Жоғары оқу орындары студенттерiнiң әскери даярлығын әскери кафедраларда өткiзедi. Әскери даярлыққа 27 жасқа дейiнгi, денсаулығы жөнiнен әскери қызметке жарамды студенттер, ал Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгiлейтiн бiрқатар әскери мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарының студент қыздары да тартылады. 2. Студенттер әскери даярлықтан өткiзiлетiн жоғары оқу орындарының тiзбесiн, сондай-ақ Әскери кафедра туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. Әскери даярлық оқу түрлерiнiң бiрi болып табылады және дербес оқу пәнi ретiнде жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына кiргiзiледi. 3. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсынан өтiп, белгiленген емтихандарды тапсырған студенттерге запастағы офицердiң тиiстi алғашқы әскери атағы берiледi. Мерзiмдi әскери қызметтен не әскери кафедрада даярлықтан өтпеген студенттер жоғары оқу орнын бiтiрген соң мерзiмдi әскери қызметке шақырылады. Олар профилi жөнiнен әскери мамандығына жуық алынған білімiне сәйкес өздерiне офицерлiк атақ берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi бекiткен тәртiппен және мамандықтар бойынша офицерлер ретiнде әскери қызметке шақырылуы мүмкiн. ҚР Президентінің 14.11.95 ж. № 2635 заң күші бар Жарлығымен 11-бап өзгертiлді 11-бап. Дене даярлығы. Емдеу-сауықтыру жұмысы. Патриоттық тәрбие 1. Шақыруға дейiнгiлер мен шақырылушылардың дене даярлығын жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, меншiк нысанына қарамастан білім беру, дене мәдениетi және спорт органдары, спорт органдары, спорт ұйымдары мен басқа да ұйымдастырып, жүргiзедi. 2. Жасөспiрiмдермен емдеу-сауықтыру жұмысын олардың тұрғылықты жерi, оқу немесе жұмыс орны бойынша емдеу-профилактика және емдеу-сауықтыру мекемелерiнде жас жеткiншектер емханаларын, бөлiмшелерiн және кабинеттерiн құра отырып, денсаулық сақтау органдары мен мекемелерi ұйымдастырады. 15 жастан бастап жасөспiрiмдердi медициналық куәландыруды дәрiгер-мамандар жыл сайын жүргiзiп отырады. Қажет болған жағдайда сауықтыру шаралары жүргiзiле отырып, жасөспiрiмдерге қажеттi ем тағайындалады. 3. Шақыруға дейiнгi және шақырылу жасындағы жасөспiрiмдерге патриоттық тәрбие берудi тұрғылықты жерi, оқу немесе жұмыс орны бойынша барлық мемлекеттік ұйымдар мен меншiк нысанына қарамастан басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлер жүзеге асырады. ҚР Президентінің 14.11.95 ж. № 2635 заң күші бар Жарлығымен 12-бап өзгертiлді ҚР 29.01.02 ж. № 287-II Заңымен 12-бап өзгертілді III Бөлім. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу. Әскери қызметке шақыру және қабылдау (түсу) 12-бап. Азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеу 1. Азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеудi жасөспiрiмдердi әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесiн айқындау, жалпы білім деңгейiн, алған мамандығы мен дене даярлығын анықтау мақсатында жүргiзедi тұрғылықты жерi бойынша аудандық (қалалық) әскери комиссариат.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |