Диссертациялық кеңес туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан ҚР Білім және ғылым министрінің 10.01.03 ж. № 14 бұйрығымен 2003 ж. осы бұйрықтын күші жойылды БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Диссертациялық кеңес туралы ереже бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жоғары аттестациялық комитеттің төрағасы А.Қ. Құсайыновқа жүктелсін. Министрдің міндетін атқарушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі міндетін атқарушының 2001 жылғы 4 маусымдағы № 423 бұйрығымен бекітілген ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ 1. Диссертациялық кеңестердi құру және жұмысын ұйымдастыру 1. Диссертациялық кеңестер жеке құрамын Қазақстан Республикасы Жоғары аттестациялық комитетi ұсынатын жоғары біліктi ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды аттестаттау жүйесiнiң негiзгi буыны болып табылады. ЖАК-тың негiзгi мiндеттерiнiң бірi диссертациялық кеңестердiң қызметiн үйлестiру, олардың жұмысын бақылауды қамтамасыз ету және кеңестер желісін қалыптастыру болып табылады. Кеңестер өтiніштерiнiң негiзiнде қызметкерлерi тиiстi ғылым саласында жетекшi ғалымдар болып табылатын, еңбектерi арнайы ғылыми басылымдарда жиi жарияланып жүрген, сұрап отырған мамандығы бойынша доктарантурасы (аспирантурасы), кафедрасы (бөлiмi, лабораториясы) бар, ғылыми семинар жұмыс iстейтiн ұйымдарда құрылады. Өтiнiш хатта осы ұйымда диссертациялық кеңес құру қажеттiлiгi мен оның жұмыс iстеуiнiң орындылығының негiздемесi көрсетiлуi, сондай-ақ кеңес жұмысын диссертациялардың қаралуы мен қорғалуына қажеттi қаражатпен және жағдаймен қамтамасыз ету жөнiнде қабылдаған мiндеттемелерiне кепiлдiк берiлуi керек. Өтiнiш хатқа диссертациялық қеңестiң жеке құрамының мүшелерi (бұдан әрi - кеңес құрамы) туралы мәлiметтер және бұйрықтың жобасы қоса тiгiледi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|