|
|
|
Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды (2009.08.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 1412 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 заң күшi бар Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды жүргiзуге арналған модельдiк келісім-шарт (бұдан әрi - Модельдiк келісім-шарт) бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы ?кіметінің жер қойнауын пайдаланушылармен келісім-шарттарды жасасу және орындау жөнiндегі құзыреттi органы келісім-шарттарды дайындау және жасасу кезiнде Модельдiк келісім-шарттың ережелерiн басшылыққа алсын. Бұрын берiлген лицензиялар негiзiнде келісім-шарттар жасасарда тиiстi лицензиялардың шарттары сақталсын. 3. «Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөнiнде операциялар жүргiзуге арналған модельдiк контрактiнi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 108 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 3, 27-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2001 жылғы 31 шілдедегі № 1015 қаулысымен бекітілген Модельдік келісім-шарт _________________________________________________________________________ мемлекеттік органның атауы, (Құзыреттi орган) және _________________________________________________________________________ азаматтың аты-жөнi, заңды тұлғаның, мемлекеттік және/немесе халықаралық ұйымның атауы (Мердiгер) арасында _________________________________________________________________________ Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операциялардың түрi көрсетілсін жүргiзуге арналған ______________________________________________________ әкімшілік-аумақтық бірлiктің атауы, кен орны, учаскесi (блогы) көрсетілсiн Қазақстан Республикасының _______________________________________________ Кен орнында, учаскесінде (блогында), _________________________________________________________________________ Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрі көрсетілсін арналған осы Келісім-шарт 200__ жылғы»__"_______________________________ мемлекеттік органның атауы (бұдан әрi - Құзыреттi орган) мен _______________________________________ азаматтың аты-жөні, заңды тұлғаның атауы (бұдан әрi - «Мердiгер») арасында _______________________________________ жер қойнауын пайдалану құқығын растайтын құжат сәйкес жасалды. Мазмұндама Кіріспе 1-бөлiм. Анықтамалар 2-бөлiм. Келісім-шарттың мақсаты 3-бөлiм. Келісім-шарттың қолданылу мерзімі 4-бөлім. Келісім-шарттық аумақ 5-бөлiм. Мүлік пен ақпаратқа арналған жеке меншік құқығы 6-бөлiм. Мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алу және иеліктен айыруға арналған құқығы 7-бөлiм. Тараптардың жалпы құқықтары мен міндеттері 8-бөлiм. Жұмыс бағдарламасы 9-бөлiм. Барлау кезеңі 10-бөлiм. Коммерциялық табу 11-бөлiм. Өндіру кезеңі 12-бөлiм. Есепке алу және есеп беру 13-бөлiм. ________________________ Өлшеу Пайдалы қазбаның түрі 14-бөлім. Қосалқы мердігерлік жұмыстарды орындау 15-бөлiм. Қаржыландыру 16-бөлiм. Салық салу 17-бөлiм. Бухгалтерлік есеп 18-бөлiм. Сақтандыру 19-бөлiм. Тарату және тарату қоры 20-бөлiм. Жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны қорғау 21-бөлім. Тұрғындар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі 22-бөлiм. Мердігердің келісім-шарттың Шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілігі 23-бөлiм. Кездейсоқ оқиға 24-бөлiм. Құпиялылық 25-бөлiм. Құқықтар мен міндеттерді тапсыру 26-бөлім. Қолданылатын құқық 27-бөлiм. Дауларды шешу тәртібі 28-бөлiм. Келісім-шарт тұрақтылығының кепiлдiктерi 29-бөлiм. Келісім-шарттың қолданылуын тоқтату және тоқтата тұру шарттары 30-бөлiм. Келісім-шарт тілі 31-бөлiм. Қосымша ережелер 1) Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Жер қойнауы мен ондағы пайдалы қазбалар мемлекет меншiгi болып табылатындығын; 2) Қазақстан Республикасы пайдалы қазбаларды, ұтымды әрi тиiмдi пайдалануға, оның ішiнде _____________________________________________ Жер қойнауын пайдалану жөніндегі __________________________________ жүзеге асыруға ниет бiлдiретiндiгiн; операцияның түрі көрсетілсін 3) Мердiгердiң Келісім-шартқа сәйкес ______________________________ Жер қойнауын пайдалану жөніндегі __________________________________ ұтымды әрi тиiмдi жүргiзуге ниетi және операцияның түрі көрсетілсін қаржылық мүмкiндiгi бар екендiгiн; 4) Қазақстан Республикасының ?кіметi Құзыреттi органға Келісім-шарт жасасуға және орындауға арналған құқық үлесiн бергендiгiн; 5. Құзыреттi орган мен Мердiгер ___________________________________ Жер қойнауын пайдалану жөніндегі ___________________________________ жүргiзу кезiнде осы Келісім-шарт операцияның түрі көрсетілсін олардың өзара құқықтары мен мiндеттерiн реттейдi деп уағдаласқандықтарын назарға ала отырып, Құзыреттi орган мен Мердiгер төмендегiлер туралы келiстi: Осы бөлiмде түсiнiк берiлмеген анықтамалар мен терминдердің Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Заң күшi бар Жарлығындағы (бұдан әрi - «Жер қойнауы туралы» Жарлық) және Пайдалы қазбалардың жекелеген түрлерi мен техногендiк минералдық құрылымдар туралы заңнамалық кесiмдердегi анықтамалар мен терминдер сәйкес келетiн мағынасы бар. 1. Жағалаулық сызық - су қоймасының ең көп құйылысы (толтырылған су) нәтижесiнде пайда болған жағалаулық сызықты бiлдiредi. Жағалаулық сызықтың нақты орналасу жерiн белгiлеу тәртібін Қазақстан Республикасының ?кіметi белгiлейдi. 2. Өтелетiн шығындар - Келісім-шарттың ережелерiне және Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес белгіленген _________________________________________ Жер қойнауын пайдалану жөніндегі ___________________________________________ жүргізуге арналған Қазақстан операцияның түрі көрсетілсін Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұстап қалуға жататын шығындарды білдіреді. 3. Мемлекет (Республика) - Қазақстан Республикасын білдіреді. 4. Келісім-шарттың қолданылу жылы - григориан күнтiзбесi бойынша тiзбектеле келетiн 12 айға тең кезеңдi бiлдiредi, Келісім-шарт мәтiнiнiң контекстiнде ол Келісім-шарттың күшiне енген күнiнен немесе осы енудiң кез келген жылынан басталады. 5. Тау-кендiк бөлiсiм - Өндiруге арналған Келісім-шартқа, қосарланған Барлау мен Өндiруге арналған, Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес Құрылысқа және (немесе) жерасты құрылыстарын пайдалануға арналған Келісім-шартқа, Жер қойнауын пайдаланушының Барлау және (немесе) Өндiрумен не Сервитутты жүзеге асырумен байланысты емес Өндiрудi, Жерасты құрылыстарын жүргiзуге құқылы Жер қойнауының участогын сызбалық және сипаттамалық белгiлейтiн Сервитут ресiмделген жағдайда Келісім-шарттың ажыратылмас бөлiгi не дербес құжат болып табылатын коммерциялық мақсатта жалпы тараған пайдалы қазбаларды Өндiруге арналған Келісім-шартқа қосымшаны бiлдiредi. 6. Мемлекеттік орган - Мемлекет атынан белгiлi бір функцияны жүзеге асыруға құзырет берiлген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органын бiлдiредi. 7. Геологиялық бөлiсiм - Жер қойнауын пайдаланушы Барлау жүргiзуге құқылы Жер қойнауының учаскесiн сызбалық және сипаттамалық белгiлейтiн Келісім-шарттың ажыратылмас бөлiгi болып табылатын Барлауға, қосарланған Барлау мен Өндiруге арналған Келісім-шартқа қосымшаны бiлдiредi. 8. Келісім-шарттың күшiне ену күнi - Келісім-шарттың 3.1-тармағында көрсетiлген күндi бiлдiреді. 9. Өндiру - барлық технологиялық операцияларды және Минералдық шикiзаттарды уақытша сақтауды қоса алғанда, мемлекет меншiгіндегі Жер қойнауынан пайдалы қазбаларды, сондай-ақ Техногендiк минералдық түзiлiстердi жер бетiне шығарумен байланысты жұмыстардың барлық кешенiн (операцияларды) бiлдiредi. 10. Кең тараған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өз қажеттерi үшiн өндiру - жалпы кең тараған пайдалы қазбаларға не жер асты суларына қатысты кейін мәмiлелер жасау ниетiнсiз меншiкке не тұрақты немесе уақытша жер қойнауын пайдалану құқығына жататын жер учаскесiнде жүзеге асырылатын Өндiрудi бiлдiредi. 11. Кеңiнен тараған пайдалы қазбаларды коммерциялық мақсатта Өндiру өз қажеттерi үшiн кең тараған пайдалы қазбаларды Өндiруге жатпайтын кең тараған пайдалы қазбаларды кез келген өндiрудi бiлдiредi. 12. Теңiздiң ластануы - теңiздiк ортаға материалдардың, заттардың, энергияның, шуылдың, дiрiлдердiң қосылуын, сондай-ақ адамдардың денсаулығына, теңiздiң тiрi ресурстары мен экологиялық жүйесiне зиян келтiретiн не келтiруге қабiлеттi не теңiзде не оның жағалауында заңды қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға кедергi туғызатын немесе зиян келтiруге қабiлеттi түрлi тұрпаттағы сәулеленулер мен өрiстердiң пайда болуын бiлдiредi. 13. Жер қойнауын пайдалану туралы заңнама - Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 заң күшi бар Жарлығын, оған өзгерістер мен толықтыруларды және Пайдалы қазбалардың жекелеген түрлерi мен Техногендiк минералдық түзiлiстер туралы басқа да заңнамалық кесiмдердi бiлдiредi. 14. Коммерциялық табылым - Келісім-шарттық аумақта Өндiру үшiн экономикалық жағынан жарамды бір немесе бірнеше Кен орнының табылуын бiлдiредi. 15. Құзыреттi орган - Келісім-шарт жасасумен және оны орындаумен тiкелей байланысты құқықтар табысталған _________________________________ атқарушы мемлекеттік __________________________________________ бiлдiредi. органның атауы көрсетілсін 16. Келісім-шарт - Құзыреттi орган мен Мердiгер арасында _________________________________________________________________________ Кен орнында, Учаскесiнде (блоктарда) _________________________________________________________________________ Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін жүргiзуге арналған осы Келісім-шартты, сондай-ақ осы Келісім-шартқа барлық қосымшаларын бiлдiредi. 17. Келісім-шарттық аумақ - Жер қойнауын пайдаланушы Келісім-шартқа сәйкес келетiн жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзуге құқылы Геологиялық не Тау-кендiк бөлiсiммен белгiленген аумақ. 18. Кен орны - _________________________________ табиғи шоғырланудан Пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін тұратын ______________________________ кен орнын бiлдiредi. (егер ол ашылған болса) 19. Минералдық шикiзат - құрамында Пайдалы қазбасы (Пайдалы қазбалары) бар Жер қойнауының жер үстiне шығарылған (тау жынысы, кендік шикізат және басқалар) бөлігі. ҚР Үкіметінің 09.08.02 ж. № 889 қаулысымен 20-тармақ өзгертілді 20. Салық заңнамасы - Салық кодексi және қабылдануы Салық кодексiнде көзделген басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдер. ҚР Үкіметінің 09.08.02 ж. № 889 қаулысымен 20-1-тармақпен толықтырылды 20-1. Салық кодексi - Келісім-шартқа қол қою (жасасу) күнiне қолданыстағы Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексi (Салық кодексi). 21. Жер қойнауы - топырақ қабатынан, ол жоқ болған кезде жер бетiнен және теңiздердiң, көлдердiң, өзендердiң басқа да су айдындарының түбiнен төмен орналасқан, ғылыми-техникалық дамуды ескере отырып, Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзуге болатын тереңдiкке дейiн созылған жер қыртысының бөлiгiн бiлдiредi. 22. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар - _________________ Жер қойнауын ______________________________________________________ жүргiзуге арналған пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін Келісім-шартқа сәйкес Келісім-шарттық аумақта ___________________________ Жер қойнауын пайдалану _______________________________________ жатқызылған барлық жұмыстарды жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін бiлдiредi. 23. Мердiгер - Құзыреттi органмен Келісім-шарт жасасқан _________________________________________________________________________ жеке тұлғаның аты-жөні, заңды тұлғаның, оның ішінде _________________________________________________________________________ шетелдiк заңды тұлғаның, сондай-ақ шет мемлекеттік халықаралық ұйымның атауы. Жер қойнауын пайдаланушыны бiлдiредi. 24. Үкiмет - Қазақстан Республикасының Үкіметін бiлдiредi. 25. Пайдалы қазбалар - материалдық өндiрiсте пайдалануға жарамды жер қойнауындағы қатты, сұйық немесе газ күйіндегі (оның ішiнде жерасты сулары мен емдiк балшықтар) минералдық заттарды бiлдiредi. 26. Ілеспе пайдалы қазбалар - негiзгi Пайдалы қазбалармен бірге өндiрiлетiн Пайдалы қазбаның құрамдас бөлiктерiн бiлдiредi. 27. Кен орындарын әзiрлеудiң оң тәжiрибесi - Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде әдетте Мердiгердiң әлем елдерiнде Барлау және Өндiру кезiнде қолданатын ең оңтайлы, қауiпсiз, тиiмдi және қажеттi тәжiрибесiн бiлдiредi. 28. Техногендiк минералдық түзiлiстер - тау-кен байыту, металлургиялық және өндiрiстiң басқа да түрлерiнiң құрамында Пайдалы қазбасы (Пайдалы қазбалары) бар өнеркәсiп қалдықтары (қоқыстар, үйiндiлер, қалдықтар және басқалар). 29. Жұмыс бағдарламасы - Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, Барлау және Өндiру жөніндегi жоспарларды қоса алғанда, Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу үшiн дайындалған жоспарлардың барлық түрiн бiлдiредi. 30. Барлау - Пайдалы қазбалардың Кен орындарын iздестiрумен және оларды бағалаумен байланысты жұмыстарды (операцияны) бiлдiредi. 31. Тараптар - олар жиынтықта айқындалған Құзыреттi орган мен Мердiгердi бiлдiредi. 32. Қосалқы мердiгер - Мердiгердiң Келісім-шарт бойынша мiндеттемелерiнiң қандай да бір бөлiгiн орындау туралы Мердiгермен шарт жасасқан заңды немесе жеке тұлғаны бiлдiредi. 33. Yшiншi жақ - Келісім-шарт бойынша Тараптарды қоспағанда кез-келген заңды немесе жеке тұлғаны бiлдiредi. 34. Бекiтiлген қорлар - Пайдалы қазбалардың мемлекеттік сараптамамен бағаланған геологиялық және алынатын қорларын бiлдiредi. 35. Жер қойнауының учаскесi (блок) - жер қойнауын пайдалануға беру үшiн тұйықталған шекарада бөлiнетiн Жер қойнауының геометрияланған бөлiгiн бiлдiредi. ҚР Үкіметінің 28.06.02 ж. № 702 қаулысымен модельдік келісім-шарттың 2-бөлiмі толықтырылды 2-бөлiм. Келісім-шарттың мақсаты 2.1. Келісім-шарттың мақсаты Келісім-шарт күшiне енген күнi мемлекеттiң қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес Құзыреттi орган мен Мердiгер арасындағы шарттық өзара қарым-қатынастарды белгiлеу және заңдық ресiмдеу болып табылады. 2.2. Қазақстан Республикасының ?кіметi Өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша мемлекеттiң мүддесiн бiлдiретiн өкiлеттi органды белгiлей алады. 3-бөлiм. Келісім-шарттың қолданылу мерзімі 3.1. Келісім-шарт Құзыреттi органда (уәкiлеттендiрiлген мемлекеттік орган) Келісім-шарттың тiркелгенi туралы сертификатты мiндеттi берумен оны мемлекеттік тiркеуден өткiзген сәттен бастап, егер күшiне енудiң өзге де неғұрлым кеш мерзiмдерi Келісім-шартта ескерiлмесе, күшiне енедi. 3.2. Келісім-шарттың қолданылу мерзiмi _____________________________ егер Тараптар Келісім-шартта __________________________________________________ Келісім-шарт күшінің неғұрлым ерте мерзімді ескермесе соңғы күні аяқталады. 3.3. Келісім-шарттың қолданылу мерзімі тараптардың келісуі бойынша Мемлекет заңнамасына сәйкес ұзартылуы мүмкін. 3.4. Келісім-шарттың қолданылу мерзімі ұзартылған кезде Келісім-шарттың ережелері Тараптардың жазбаша келісімімен өзгертілуі қажет. 4-бөлім. Келісім-шарттық аумақ 4.1. Мердігер ____________________________________________________ Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін Келісім-шарттың ережелерiне сәйкес Келісім-шарттық аумақ шегiнде орындайды. 4.2. Егер ________________________________________________________ Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін жүргiзу кезiнде Кен орны шоғырының географиялық шекаралары Геологиялық немесе Тау-кен бөлiсiмiнде көрсетiлген Келісім-шарт аумағынан тысқары шығып жатса, онда оны кеңейту туралы мәселе Келісім-шарттың ережелерiн конкурс өткiзбей өзгерту жолымен шешiледi. 4.3. ____________________________________________________________ (Барлауға немесе Барлау мен Өндiруге арналған _____________________________________ Келісім-шарттық аумақты қайтару, Келісім-шарттар үшiн) Коммерциялық ашу жасалған аумақты қоспағанда, мынадай график бойынша жүзеге асырылады: Келісім-шарттың қолданылуының екiншi жылының соңына % Келісім-шарттың қолданылуының үшiншi жылының соңына % Келісім-шарттың қолданылуының төртiншi жылының соңына % Келісім-шарттың қолданылуының бесiншi жылының соңына % Келісім-шарттың қолданылуының алтыншы жылының соңына % 5-бөлiм. Мүлік пен ақпаратқа арналған жеке меншік құқығы 5.1. ____________________________________________________________ Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін _________________________________________________________________________ Пайдалы қазбаның түрi көрсетілсін жүргiзу үшiн Мердiгердiң сатып алған барлық материалдық және материалдық емес активтер Мердiгердiң меншiгi болып табылады. 5.2. Келісім-шарттың 5.1-тармағында көрсетiлген мүлiкке меншiк құқығы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес __________________________________ Жер қойнауын пайдалану жөніндегі _______________________________________ қаржыландыруды қамтамасыз ету операцияның түрі көрсетілсін үшiн Үшiншi тұлғаның пайдасына берiлуi немесе басқа тәсiлмен ауыртпалануы мүмкін. 5.3. Жер қойнауының геологиялық құрылымы, ондағы пайдалы қазбалар, Кен орындарының геологиялық өлшемдерi, қорлардың шамасы, әзiрлеу шарттары, сондай-ақ Жер қойнауының өзге де ерекшелiктерi туралы геологиялық есептерде, карталарда және өзге де материалдарда бар ақпарат, егер ол бюджеттік қаражат бөлу есебiнен алынса және егер ол Мердiгердiң өз қаражатының есебiнен алынса, Мердiгердiң меншiгiнде болады. 5.4. Мемлекет меншiгіндегі Келісім-шарттық аймақ бойынша Жер қойнауы туралы ақпаратты Мердiгер Мемлекеттің заңнамасында белгiленген тәртiппен _________________________________________________________________________ Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнінде уәкiлеттiлiк ___________________________ алады. берілген органның атауы 5.5. Мердiгер ______________________________________________________ Жер қойнауын пайдалану жөніндегі _________________________________________ жүргiзу процесiнде алынған операцияның түрi көрсетiлсiн Жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпаратты мiндеттi түрде белгіленген стандарт бойынша ____________________________________________ Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнінде __________________________________________ сақтау, жүйелеу және уәкілеттік берілген органның атауы қорытындылау үшiн тегін табыс етедi. 5.6. Мердiгердiң қаражаты есебiнен алынған және оларға Келісім-шарттың 5.5-тармағына сәйкес табыс етiлген Жер қойнауы туралы геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық және өзге де мақсаттарға пайдалану Мердiгер мен __________________________________________________ Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнінде ______________________________________________ арасында жасалатын бөлек уәкілеттік берілген органның атауы келісімнiң негiзiнде айқындалады. 5.7. Келісім-шарт күшiн тоқтатқан кезде барлық геологиялық ақпарат Мемлекет меншiгiне көшедi. Мердiгер барлық құжаттар мен бастапқысын қоса алғанда өзге де геологиялық, материалдық ақпарат көздерін ________________ Жер қойнауын __________________________________________________________________________ пайдалану және қорғау жөнінде уәкілеттік білдірген органның атауы тегін беруге міндетті. 6-бөлiм. Мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алу және иеліктен айыруға арналған құқығы 6.1. Соғыс, табиғи зiлзала жағдайында немесе төтенше жағдайлар туралы заңнамада көзделген өзге де жағдайларда Үкiметтiң Мердiгерге тиесілi Пайдалы қазбалардың бір бөлiгiн немесе барлығын иелiктен айыруға құқығы бар. Иелiктен айыру төтенше жағдайдың бүкiл мерзiмi ішiнде Мемлекеттiң мұқтажы үшiн қажет көлемде жүзеге асырыла алады. 6.2. Мемлекет иелiктен айырған Пайдалы қазбалар үшiн заттай немесе ақшалай түрде олардың құнын сол күнгі әлемдiк нарықтың бағалары бойынша орнын толтыруға кепiлдiк бередi (шетелдiк Мердiгерге ақшалай өтем еркiн айналымдағы валютамен ұлттық Мердiгерге Мемлекеттiң ұлттық валютасымен төленедi).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |