|
|
|
Аса маңызды азық-түлiк тауарларына бағаларды тұрақтандыру ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды
Аса маңызды азық-түлiк тауарларына бағаларды тұрақтандыру және сауда рыноктарында бәсекелестiктiң дамуына септесу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігін қоспағанда, орталық және жергiлiктi атқарушы әрi өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлiк құралдарын тоқтату, оларды тексерiп қарау не жүргiзушiлердiң көлiктiк, санитарлық, экологиялық және заңнамамен көзделген өзге де нормативтер мен талаптарды сақтауын тексеру жөнiнде өкiлеттiктер берiлген жылжымалы бекеттердiң жойылуын қамтамасыз етсiн. 2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі: 1) бақылаушы мемлекеттік органдар қызметкерлерiнiң қызмет өкiлеттiктерiн жүк тасымалдаушыларға қатысты асыра пайдалану фактiлерiнiң жолын кесу жөнiнде рейдтер жүргiзсiн; 2) мемлекеттік органдардың рыноктарда заңнамалық кесiмдерде көзделмеген алымдар мен төлемдер алу фактiлерiнiң жолын кесудi қамтамасыз етсiн; 3) бақылаушы мемлекеттік органдар қызметкерлерiнiң рыноктардағы заңсыз iс-әрекеттерiн анықтау мақсатында жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп азаматтар үшiн "сенiм" телефондарын ұйымдастырсын; 4) Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлiгімен бiрлесiп бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік органдар қызметкерлерiнiң анықталған заңсыз iс-әрекеттерi фактiлерiн жариялауды қамтамасыз етсiн. ҚР Үкіметінің 03.06.03 ж. № 523 қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер, Көлiк және коммуникациялар, Денсаулық сақтау Ауыл шаруашылығы министрлiктерi белгiленген үлгідегi, оның iшiнде автокөлiк құралдарының параметрлерiн, өнiмнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн растайтын, тауардың шығу тегi туралы куәландыратын және тиiсті уәкілеттi органдар берген несие құжаттары болған кезде, азық-түлiк тауарларын, оның iшiнде жемiс-көкөнiс өнiмiн тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдарына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль жолдарында жеке және заңды тұлғалар кiдiрiс туғызатын заңсыз iс-әрекеттердi жоюды қамтамасыз етсiн. ҚР Үкіметінің 03.06.03 ж. № 523 қаулысымен 3-тармақ алынып тасталды 4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда, Әділет және Денсаулық сақтау министрлiктерi, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөніндегі агенттiгi Қазақстан Республикасының аумағында сауда рыноктарының қызметiн тәртiпке келтiрудi көздейтiн нормативтiк құқықтық кесiм әзiрлесiн. ҚР Үкіметінің 03.06.03 ж. № 523 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді 5. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттігi заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) үстем (монополиялық) жағдайға ие болып отырған сауда рыноктарын анықтау және реттеу жөнiнде шаралар қабылдасын; 2) үстем (монополиялық) жағдайға ие болып отырған сауда рыноктары көрсететiн қызметтер бағаларына мемлекеттік реттеу енгiзудi қамтамасыз етсiн; 3) Iшкi iстер, Әдiлет, Мемлекеттік кiрiс министрлiктерiмен, Қаржы полициясы агенттiгiмен бiрлесiп рынок субъектiлерi арасында кез келген нысанда қол жеткiзiлген өзiнiң нәтижесi тауарларды сату кезiнде бәсекелестiктi шектеу болатын тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзатын келісімдердi анықтау жөнiнде көрсетiлген органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі туралы нормативтiк құқықтық кесiм әзiрлесiн және бекiтсiн. 6. Ауыл шаруашылығы және Денсаулық сақтау министрлiктерi сауда рыноктарында санитарлық және ветеринарлық нормалардың орындалуын бақылауды күшейтсiн. ҚР Үкіметінің 03.06.03 ж. № 523 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді 7. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес: 1) азық-түлiк тауарларын сақтау мен сатуға арналған қоймаларды және мамандандырылған сауда рыноктарын салуға және қайта жаңартуға инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдайлар жасасын; 2) облыстар орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында азық-түлiк және ауыл шаруашылығы тауарларын сатып алу әрi сату жөніндегі коммуналдық сауда рыноктары мен коммуналдық сауда-сатып алу ұйымдарын құру және олардың қызметi үшiн қажеттi шараларды қабылдасын; 3) мал шаруашылығы және егiс өнiмдерiн сату жөніндегі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерiн өткізудi тұрақты негiзде ұйымдастырсын; 4) ай сайын жүргiзiлетiн мониторингтiң нәтижелерi негiзiнде негiзсiз өсуi анықталған жағдайда аса маңызды азық-түлiк тауарларына (қосымшаға сәйкес) бағаларды төмендетуге бағытталған шараларды қабылдасын; 5) сауда рыноктарында тауарлар сатумен айналысатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль жолдарындағы бақылау-өткізу бекеттерi арқылы тауар өткiзетiн кәсіпкерлердің өз қызметін жүзеге асыру кезінде құқықтары сақталуын қамтамасыз етсін. 6) сауда-сатып алу ұйымдарымен бiрлесiп, облыстық, аудандық орталықтар мен қалалардың сауда рыноктарына жеткізу үшiн ауылдық жерлерден азық-түлiк тауарларын сатып алуды жүзеге асыру мүмкiндiгiн қарастырсын; 7) өңiрлер кәсiпкерлерiнiң пiкiрiн ескере отырып, олардың тез бұзылатын азық-түлiк тауарларды, оның iшiнде жемiс-көкөнiс өнiмiн тасымалдауға арналған тоңазытқыш қондырғыларымен жабдықталған арнайы автомобильдердi лизингтiк негiзде сатып алу сызбасын әзiрлесiн және енгiзсiн; 8) мынадай: сауда қызметi, жеке кәсіпкерлердің қызметi саласындағы проблемалық мәселелердi, оның iшiнде базарлар мен басқа сауда нүктелерiнде тұтынушылар мен сатушылар арасында туындайтын әртүрлi жағдайларды жергіліктi теледидар арналары мен басқа да бұқаралық ақпарат құралдары бойынша баяндау; бұқаралық ақпарат құралдарында азық-түлiк тауарларының түсуi, болуы, бағалары және сатылу орындары туралы жарнамалық және ақпараттық материалдарды жариялау; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сауда рыноктары иемденген жер телiмдерiн жалға беру мерзiмдерiн ұзақ кезеңге ұзарту, жұмыс iстеп тұрған сауда рыноктары иемденген және жаңа базарлардың құрылысына арналған жер телiмдерiн тараптардың (кәсiпкерлер мен әкiмдiктiң) келісімi бойынша сатуды жүзеге асыру; шаруашылық субъектiлерi - ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге Қазақстан Республикасы мемлекеттік санитарлық бас дәрiгерiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi № 38 бұйрығымен бекiтілген "Азық-түлiк базарларының құрылымына, оларды ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар" санитарлық ережелерi мен нормаларының талаптарына сәйкес тұтынушылар үшiн қол жетiмдi жерде орналасқан, азық-түлік тауарларын, оның iшiнде жүк автомобильдерiнен сатуға арналған, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мамандандырылған алаңдарды беру; азық-түлiк тауарлары мен ауыл шаруашылығы өнiмiн жеткізудi жүзеге асыратын жүк автомобильдерiнiң жүргiзушiлерiне тиiстi әкімшілiк-аумақтық бiрлiктің аумағына кiру кезiнде сызбалар-жол көрсеткiштер немесе азық-түлiк тауарлары мен ауыл шаруашылығы өнiмi қамбаларының, қоймаларының және өзге сақтау пункттерiнiң, оларды көтерме сату-сатып алудың болуы туралы ақпараттық буклеттер беру мүмкiндiктерiн қарастырсын. ҚР Үкіметінің 03.06.03 ж. № 523 қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды 7-1. Бiр ай мерзiмде Қарағанды, Солтүстiк Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының және Астана қаласының әкiмдерi басқа облыстардың және Алматы қаласының әкімдерiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң сауда саласындағы аумақтық бөлiмшелерiн тарта отырып, азық-түлiк тауарларын, оның iшiнде жемiс-көкөнiс өнiмiн тiкелей жеткізу жөнiнде шарттар жасасу үшiн кәсiпкерлер арасында кездесулер ұйымдастырсын. 8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін. 9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 желтоқсандағы № 1623 қаулысына қосымша Міндетті мониторингке жататын аса маңызды азық-түлік тауарларының тізбесі 1. Бидай наны (1 сорт) 2. Ұн (1 сорт) 3. Шәй (1 сорт) 4. Сүт 5. Ет 6. Құс еті 7. Қант 8. Тұз 9. Сары май 10. Өсімдік майы 11. Маргарин 12. Картоп 13. Пияз 14. Алма
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |