|
|
|
Қазақстан Республикасы экономикасының су секторын дамытудың және су Су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану, экономиканың су секторының теңдестiрiле дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы экономикасының су секторын дамытудың және су шаруашылығы саясатының 2010 жылға дейiнгi тұжырымдамасы мақұлдансын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2002 жылғы 21 қаңтардағы № 71 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасы экономикасының су секторын дамытудың және су шаруашылығы саясатының 2010 жылға дейінгі Тұжырымдамасы Жалпы бөлiм Тұжырымдамада қолданылатын негiзгi терминдер мен айқындамалар: Су қоры - Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық сулар, ол мыналарды қамтиды: өзендер, көлдер, батпақтар, тоғандар, су қоймаларының сулары, басқа да жер бетіндегі су ресурстары, сондай-ақ арналар мен магистральдық су жолдарының сулары; жер асты сулары; мұздықтар; Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы шегіндегі Каспий және Арал теңiзiнiң сулары. Су айдындары - ағын су мен iркiндi судың табиғи немесе жасанды жолмен жиналуы (көлдер, өзендер мен бөгендер, су қоймалары және т.с.с.). Су жолдары (арналар) - суды белгiленген бағытқа жеткiзуге және әкетуге арналған гидротехникалық құрылыстар. Қашыртқы - жер асты суларын төмендетуге және тоспаға әкетуге, сондай-ақ жердi құрғатуға арнап қолдан жасалған ашық немесе жабық арна. Тоспа - қашыртқы әкететiн жер асты суларын қабылдап, одан әрi су айдындары мен сарқынды суды төгу үшiн арнайы ұйымдастырылған жерлерге әкетуге арнап қолдан жасалған ашық немесе жабық арна. Суды пайдаланушылар - суды өз қажеттерi (мұқтаждары) үшiн белгiленген тәртiппен пайдаланатын субъектiлер. Гидромелиорация - суару, суландыру және құрғату арқылы топырақтың су режимiн реттеуге бағытталған iс-шаралар кешенi. Гидромелиорациялық жүйе - суарылатын, суландырылатын, құрғатылатын жерлердегi технологиялық өзара байланысты гидротехникалық құрылыстар, құрылғылар мен жабдықтар кешенi. Сорғыту (құрғату) жүйесi - топырақ суының деңгейiн реттеуге, артық суды төгу үшiн арнайы ұйымдастырылған жерлерге жинау мен әкетуге арналған технологиялық өзара байланысты гидротехникалық құрылыстар (қашыртқылар, тоспалар және т.с.с.) кешенi. Сорғытпа сулар - сорғыту жүйелерi жинайтын сулар. Суды пайдалану көзi - суы тiкелей су пайдаланушылар мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн пайдаланылатын теңiз, өзен, көл, су қоймасы немесе бөген, оларға келiп құйылатын салалары, магистральдық арналар мен су жолдары, сондай-ақ жер асты сулы қабаттары. Коммуналдық су жолдары (арналар) - коммуналдық меншiктегi және суды су пайдаланушылар арасында жеткiзу мен таратуға арналған су жолдары (арналар). Көлдете суару - бөгет, тосқауыл және басқа да гидротехникалық құрылыстар жүйесi көмегiмен суға бастыру арқылы жүзеге асырылатын топырақты бiр мәрте көктемгi ылғалдандыру. Су тұтыну лимитi - белгiлi бiр уақыт кезеңiнде су пайдалану көзiнен алынатын және арнайы су пайдалануға рұқсаты бар су тұтынушылар үшiн уәкiлеттi мемлекеттік орган жыл сайын белгiлейтiн су көлемi. Магистральдық су жолдары (арналар) - тоғандардан су алуды жүзеге асыратын су жолдары (арналар). Мелиорациялық желi - ауыл шаруашылығы жерлерiн мелиорациялауға (суару, суландыру, топырақ-ыза суларын реттеу) арналған арналар, тоспалар, қашыртқылар және олармен технологиялық байланысты гидротехникалық құрылыстар мен құрылғылардың жиынтығы немесе кешенi. Мемлекетаралық су жолдары (арналар) - бiрнеше мемлекеттiң аумағында орналасқан және мемлекеттер арасында су ресурстарын бөлуге арналған су жолдары (арналар). Суармалы жерлер - арнайы суару техникасын қолданып немесе қолданбай суару жүйесiнiң көмегiмен жасанды ылғалдандырылатын жерлер. Суару жүйесi - жердi суаруға арналған гидротехникалық және өзге де ирригациялық құрылыстар жүйесі. Жалпы су пайдалану - су ресурстарын жекелеген азаматтарға бекітіп берместен және су күйiне әсер ететiн құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолданбастан халықтың ауыз суға және өзге де мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн жүзеге асырылатын су пайдалану. Суару суы - суару мақсатында су пайдалану көзiнен алынған су. Республикалық су жолдары (арналар) - коммуналдық су жолдарына (арналар) суды жеткiзуге арналған республикалық меншiктегi және/немесе республика үшiн стратегиялық маңызы бар магистральдық су жолдары (арналар). 1. Кiрiспе Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан - 2030: барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы" Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi дамуының ұзақ мерзiмдi стратегиясын анықтап бердi. Соңғы жылдары жеткiлiксiз қаржыландыру салдарынан және ел экономикасын реформалаумен байланысты бiрқатар басқа да себептермен республика су шаруашылығы құлдырау жағдайына жеттi. Тек суармалы егiншiлiк өнiмiнiң жыл сайынғы ысырабы 60,0 млрд. теңгеге бағаланып отыр, ал экономиканың басқа салаларын ескергенде сумен қамтамасыз ету нашарлауының әлеуметтiк зардаптары одан да тереңдей түседi. Су шаруашылығының бүкiл инфрақұрылымы қауiптi және мейлiнше қанағаттанғысыз техникалық күйде тұр. Экономиканың су секторында қалыптасқан ахуал мемлекеттiң су шаруашылығы саясатын түбегейлi жетiлдiрудi талап етедi. Қазiргi уақытта, орталықтандырылған экономика жағдайында жасалған елдiң су шаруашылығын басқару жүйесi белгiлi бiр дәрежеде әкiмшiлiк-әмiршiлдiк қағидаттарға негiзделген ескi экономикалық қатынастарды сақтауда. Осының нәтижесiнде оның шаруашылықты жүргiзудiң жаңа нарықтық жағдайларына бейiмделу процесi қиындықпен жүруде. Сол себептi жүйенiң басқарылуы қиын күйде қалып отыр, су пайдаланушылардың суды ұтымды пайдалануға жанды мүдделiлiгi жоқ, су шаруашылығы мен гидромелиорациялық жүйелердiң техникалық күйi нашарлауда, суармалы жерлердiң орасан зор алаңдары шаруашылық айналыстан шығып қалуда. Жоғарыда айтылғандар су шаруашылығын басқарудың қалыптасқан құрылымын қайта қарауды, су шаруашылығы субъектiлерiнiң мiндеттерiн, су шаруашылығы мен гидромелиорациялық объектiлер мәртебесiн нақты анықтау мен межелеудi, саланы тиiмдi басқару мен су ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн экономикалық қатынастардың жаңа тетiгi мен қаржы ағындарының ашық жүйелерiн әзiрлеудi талап етедi. 2. Тұжырымдаманың мақсаты Осы Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы № 344 Жарлығын дамыту үшiн әзiрленген. Тұжырымдаманың негiзгi мақсаты - республика азаматтарының денсаулығы мен әл-ауқаты үшiн елдiң су ресурстарын сақтау мен ұтымды пайдалану проблемаларын шешудiң негiзгi жолдарын айқындау (Стратегия - 2030), әлеуметтiк-экономикалық даму қажеттiлiгiнiң теңгерiмi мен су ресурстарын ұдайы молайту мүмкiндiгiн судың нормативтiк сапасы - "тұрақты су пайдалану" талаптары деңгейiнде қамтамасыз ету болып табылады. Тұжырымдама экономиканың су секторын және мемлекеттiң су шаруашылығы саясатын дамыту жөніндегі заңнамалық базаны жетiлдiру нақты бағдарламалар мен iс-шараларды әзiрлеу үшiн негiз ретiнде қызмет етедi. Онда суды пайдаланудың экономикалық оңтайлы әрi қауiпсiз деңгейiне қол жеткiзу мен қолдаудың қазiргi көзқарастарының жиынтығын көрсететiн ережелер жазылып, оның дамуының үрдiстерi бағаланып, 2010 жылға дейiнгi басым бағыттары айқындалып, мақсаттары мен мiндеттерi белгiлендi. Жазылған тұжырымдамалық ережелер, соның iшiнде нормативтiк құқықтық кесiмдердi, су шаруашылығы бағдарламаларын, су объектiлерiн кешендi пайдалану мен қорғаудың схемаларын, инвестициялық жобалар мен басқа да құжаттарды әзiрлеудi қоса алғанда, су ресурстары мен олардағы объектiлердi пайдалану және қорғаумен байланысты мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау кезiнде бағдарға айналуы тиiс. 3. Ахуалды талдау 1. Су факторының рөлi Ауыл шаруашылығы өндiрiсiне арналған едәуiр жер қоры әрi республиканың оңтүстiк және батыс облыстарында одан әрi игеру су ресурстары қорының жетiспеуiнен тежелуде. Елдiң жекелеген аймақтарында табиғи байлықтарды игеру мен өндiрушi күштердiң тиiсiнше дамуы да су ресурстарының тапшылығынан тежелуде. Елдiң орталық, батыс және iшiнара оңтүстiк аймақтарында ауыл халқын сапалы сумен қамтамасыз ету мәселесi өткiр қойылуда. Одан әрi әлеуметтiк-экономикалық даму су мен экологиялық проблемаларын шешу су шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясаттың деңгейiмен және елдiң су ресурстары мен су пайдалануды басқаруда таңдап алынған жолдың дұрыстығына қарай айқындалады. Халық санының өсуi мен экономиканың дамуы салдарынан су тапшылығының артуы, су ресурстарының құруы қаупi төнген Орталық Азияда, соның iшiнде Қазақстанда да су айқындаушы факторға айналды. Ертіс, Жайық, Іле, Сырдария, Шу, Талас өзендерiнiң трансшекаралық бассейндерiнде суды мемлекетаралық бөлiске салудың проблемалары табиғи қуаңшылық кезеңдерiнде шиеленiсiп, ал оларды шешу перспективасы аяқталар емес. 2. Су ресурстары Қазақстанның жер бетіндегi су ресурстары 100.5 км3, олардың iшiнде тек 56.5 км3 ғана республика аумағында құралады, қалған көлемi Орталық Азия мемлекеттерiнен, Ресей Федерациясы мен Қытайдан келiп түседi. Өзен ағынының көлемi бойынша Қазақстан ғаламшардағы сумен неғұрлым аз қамтамасыз етiлген елдердiң қатарына жатады. Су ресурстарының аумағы бойынша бөлiнiсi мейлiнше әркелкi әрi аймақтар мен экономика салаларының сумен әркелкi және тұрақсыз қамтамасыз етiлуiне алғышарт жасайды. Қажеттi су тұтыну көлемi 54.5 км3, ал сулылығы орташа жылдағы шаруашылықта пайдаланылуы мүмкiн қолда бар көлемi 46.0 км3-ден аспайды. Қуаңшылық жылдары су ресурстарының жалпы көлемi 58 км3-ке дейiн, ал қолда бары тиiсiнше 26 км3-ке дейiн азаяды. Қайтымды сулар көлемi - 4.0 км3-ке жуықты құрайды, су көздерiне қайтарылатыны - 2.0 км3-ден аспайды, қалған ағыны сiңiп кетедi немесе құрдымға кетедi. Қайтымды сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаны ластаудың негiзгi көзi болып табылады, оларды кәдеге жарату мен тазарту әзiрге шешiмiн тапқан жоқ. 3. Судың сапасы Республиканың су объектiлерiнiң iс жүзiнде барлығының сапалық жай-күйi қанағаттанғысыз, неғұрлым ластанған өзендер Жайық, Ертіс, Нұра және Сырдария. Ластану өнеркәсiптiк, коммуналдық-тұрмыстық, қашыртқылық және басқа да сарқынды сулардың тасталуы есебiнен жүредi. Жер асты сулары да ластануда, олардың сапасының нашарлағаны көптеген кен орындарында атап өтiлуде. 4. Су шаруашылығының ахуалы Елдiң бiр кездегi бiртұтас су шаруашылығы жүргiзiлген реформалар мен жекешелендiрудiң нәтижесiнде ыдырады. Басқару жүйесiн барабар реформалау болған жоқ. Мұның бәрi су шаруашылығы субъектiлерiнiң функционалдық мiндеттерiнiң ғана емес, көптеген су шаруашылығы объектiлерi мәртебесiнiң ажыратылмауына әкелдi. Бұл объектiлердiң бiр бөлiгi жекешелендiрiлiп, бұрынғы колхоздар мен совхоздар мүлкiнiң құрамындағы мүлiктiк пайларға бөлiнгенi мәлiм. Iрi шаруашылықтардың неғұрлым ұсақтарға, соның iшiнде олардың кейiн жаңа қағидаттармен бiрiктiрiлмей шаруа және фермер қожалықтарына бөлiнуi нәтижесiнде бұрынғы шаруашылық iшiлiк арналар басқарусыз, ал көбiнесе иесiз қалды. Нәтижесiнде, олар жөнделмей, жарамсыз күйге келдi. Судың нормативтен тыс орасан зор ысырабы және суармалы суды ұтымды пайдалануға мүмкiндiк беретiн жүйенiң болмауы өнiмнiң өзiндiк құны құрылымындағы суландыру шығынындағы үлесiнiң артуына әкелуде, мұның өзi түптiң түбiнде оның бәсекелесу қабiлетiн төмендетедi. Суды пайдаланушылар бiрлестiгiн құрудың тиянақты заңдық базасы жоқ. Қазiргi жұмыс iстеп жатқан суды пайдаланушылар бiрлестiктерiнiң бiр бөлiгi суды пайдаланушылар ассоциациялары түрiнде, ал бiр бөлiгi - суды пайдаланушылардың тұтынушылар кооперативтерi түрiнде құрылған. Сондықтан, суды пайдаланушылардың негізгi қауымы ыдыраңқы күйде қалуда, тиiсiнше суды пайдаланудың бүкiл жүйесiн ұстау жөніндегі олардың қызметiн үйлестiру де жоқ. Жекешелендiру кезiнде су шаруашылығы объектiлерi мен құрылыстарының бiрыңғай технологиялық кешенiнiң жекелеген бөлiктерi кейде суармалы жерлерге қатысы жоқ тұлғалардың қолына өтiп, олар суды пайдаланушыларды алқаптарын суландыру жүйесiне байлаған, борышкерлiк тәуелдiлiкке түсiрген монополияшыларға айналуда. 5. Күштi жақтары 1993 жылға дейiн тиiстi инфрақұрылымы бар су шаруашылығы саласы құрылған едi, бұл ретте суландырылатын қор 2,3 млн. га-ны құрады, ауыл шаруашылығын сумен жабдықтауды 54 топтық су құбыры бердi, пайдалы сыйымдылығы 48,0 км3 200-ден астам су қоймасы, 340-қа жуық су торабы мен су көздеріндегі құрылыстар, су шаруашылығы жүйесiне қызмет көрсететiн кәсiпорындар, мамандандырылған өнеркәсiп орындары, жөндеу-техникалық қызметтерi, автоматика мен метрология жөніндегі кәсiпорындар, жобалау, ғылыми және жоғары оқу орындары жұмыс iстедi. Соңғы жылдары: табиғат қорғау заңнамасының негiздерi әзiрлендi; су ресурстарын пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша бiрқатар халықаралық келісімдер мен конвенцияларға қол қойылды; суды қорғау қызметiн басқару жүйесi құрылды; суды ластау көздерiнiң мемлекеттік кадастрлары және оларды орналастыру карталары жасалды; суды беру жөніндегі қызметтер көрсеткенi, су ресурстарын пайдалану құқығы және су ортасын ластағаны үшiн төлемдер төлеу жүйесi дамытылуда. 6. Әлсiз жақтары Су ресурстарының тапшылығы мен олардың ластануы: бұрын құрылған су шаруашылығы жүйесiнiң үдемелi ыдырауы, бөгеттердiң, су тораптарының және басқа да құрылыстардың техникалық жай-күйiнiң апатты нашарлауы; көптеген құрылыстар мен су шаруашылығы объектiлерi иесiз және оларды ұстауға қолдаусыз қалды; халықты ауыз сумен қамтамасыз ету проблемаларының шиеленiсуi, ауыз су сапасы стандарттарына сай емес; суармалы дақылдар өнiмдiлiгi 1,5-2,0 есе төмендедi, суарудың ең қарапайым тәсiлдерiне қайтып оралды; ауыз су өндiрiсiнiң құлдырауы мен оны пайдалану көлемiнiң азайғанына қарамастан, суды ысырапсыз пайдалану проблемасы өткiр сипатта қалуда. Суды бөлу көлемi 25%-ды құрады, тасымалдау кезіндегі ысырап су алудың 30%-на дейiн жетедi; белсендi шаруашылық жүргiзiлетiн жерлерде су объектiлерi тұтыну мен өндiрiс қалдықтарымен ластанған, нәтижесiнде жер бетіндегі судың сапасы санитарлық-гигиеналық талаптарға сай емес; жер асты суларын ластау ошақтары кеңеюде; нормативтiк құқықтық базаның жетiлдiрiлмеуi; су шаруашылығы iс-шараларының жеткiлiктi қаржыландырылмауы; су шаруашылығы кәсiпорындарының негiзгi қорларының тозуы; бассейндiк су шаруашылығы басқармалары мен республикалық мемлекеттік су шаруашылығы кәсiпорындарының ұйымдастыру техникасымен, көлiкпен, қазiргi көлiк құралдарымен және жабдықтармен нашар жарақталуы; Қазақстан Республикасы су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың жалпы мемлекеттік схемасының және мемлекеттiң су саясатын айқындайтын басқа да негiз қалаушы құжаттардың (тұжырымдамалар, индикативтiк жоспарлар, бағдарламалар) болмауы; қазiргi уақытта суды пайдаланушылардың су ресурстарын пайдалануы мен суды беру жөніндегі кәсiпорындардың көрсеткен қызметтерi үшiн толық ақы төлеудi жүзеге асыруға қабiлетсiздiгi; тұтынушылардың суды рәсуашылықпен пайдалануы; институционалдық (ұйымдастырушылық-басқару) проблемалары; экономиканың су секторын дамытуды жүйелi жоспарлауға жеткiлiктi назар аударылмауы; экономиканың су секторындағы көп қырлы, күрделi, жауапты мiндеттер мен проблемалардың су ресурстарын басқару саласындағы уәкiлеттi органның функцияларына сай келмеуi, оның қазiргi уақытта бiрыңғай су шаруашылығы саясатын жүзеге асыру үшiн өкiлеттiгi жетiспеуде әрi штат саны шектеулi. 7. Мүмкiндiктер Өзен ағынын гидротехникалық құрылыстармен (арналармен, су қоймаларымен) және жер асты суларын пайдалануды реттеу есебiнен қолда бар су ресурстарын ұлғайту; тұщы су өте тапшы аймақтарда шағын және орташа қуатты тұщыту қондырғыларын қолданып, сортаң және тұзды жер асты суларының тереңдегi орасан зор қорларын пайдаланылу ықтималы; суды үнемдеу технологияларын енгізу; ақылы суды пайдаланудың экономикалық тетiгiн жетiлдiру; су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау мәселелерiн шешу үшiн iшкi көздермен қатар шетелдiк қаржы ұйымдарының заемдарын, гранттарын тарту; ластанған суларды тазарту сулардың таусылуын, қоқысталуы мен ластануын болдырмау жөніндегі озық шетелдiк және отандық технологиялар мен тәжiрибенi пайдалану; қолда бар шаруашылық әлеуеттi, кадрларды жобалау және ғылыми әзiрлемелердi пайдалану. 8. Қауiп-қатерлер Соңғы жылдары қажеттi пайдалану iс-шараларының жеткiлiкті қаржыландырылмауы нәтижесінде жай-күйi нашарлаған бөгеттердiң қирауы мен су қоймаларының шайылуы салдарынан, соның iшiнде көптеген адам құрбанына да жеткiзген авариялар мен апаттардың туындауы; бұл ретте халыққа орасан зор әлеуметтiк-экономикалық нұқсанын тигiзетiн суармалы жерлердiң орасан зор алқаптары суармалы судан құр қалады; жер асты және жер бетi су ресурстарының таусылуы; өз бетiмен ағатын ұңғымалардан жер асты суларының өз бетiмен ағуы нәтижесiнде қоршаған ортаның ластануы; әсiресе, елдiң оңтүстiк және батыс аймақтарында сумен қамтамасыз ету проблемасының шиеленiсуi; су ресурстарын бөлiсу мәселелерi бойынша Орталық Азия аймағындағы мемлекеттердiң көзқарастарының сәйкес келмеуiнен әрi оларды шешу тетiктерiнiң жоқтығынан, сондай-ақ барынша мол экономикалық және саяси пайда табу үшiн iргелес мемлекеттердiң өзiнiң географиялық жағдайын пайдалануға ұмтылуынан мемлекетаралық алауыздық туындауының ықтималдығы. 9. Әлемдiк үрдiстер Мемлекеттердiң ұлттық қауiпсiздiгi тұрғысында әлемнiң көптеген елдерiнде, әсiресе су ресурстарының тапшылығынан суға көзқарас түбегейлi өзгерiп, су факторының рөлi күшеюде. Дүниежүзiлiк су форумында (Гаага, 2000 жылғы наурыз) жар салынған: "су ресурстарын басқару ахуалын түбегейлi түрде өзгерту қажет, әйтпесе таяу болашақта дүние қатты су дағдарысына ұшырайды" сияқты алаңдаушылық Қазақстан үшiн де көкейтестi. 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму жөніндегі халықаралық конференциясының қорытындысы 21 ғасырға арналған күн тәртібін қабылдау болды, онда қазiргi және болашақ ұрпақтардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында әлеуметтiк-экономикалық мiндеттер мен қолайлы қоршаған ортаны әрi табиғи ресурстар әлеуетiн сақтау проблемаларын теңдестiре отырып шешудi қамтамасыз ететiн тұрақты даму қағидаты мен тұрақты дамуға дәйектi түрде көшудi жүзеге асыру қажеттiгi мен мүмкiндiгi бекітілдi. Қазақстан да 21 ғасырға арналған ұлттық күн тәртібін әзiрлеуге кiрiстi. Су секторын басқару саласында мынадай ортақ сипаттамалары бар: үкiметтiң су қатынастарын реттеуiнiң жiтi құрылымы; кәсiби басқару; саяси араласудың болмауы; тиянақты жоспарлау мен қаржыландыру; тұтынушыға бағдарлану; су шаруашылығын қаржыландыруға арналған несиелердiң қол жетiмдiлiгi; бәсекелесуге қабiлеттi жеке сектор; мемлекеттiң орталықтандырылған көмегi (АҚШ -та, Германияда, Францияда және Қытайда ұлттық және аймақаралық деңгейдегi су шаруашылығы объектiлерiнiң құрылысын салуға капиталды негiзiнен салушы мемлекет болып табылады) сияқты үздiк халықаралық практиканы бағдарға алу қажет. 4. Мемлекеттік су шаруашылығы саясаты мен стратегиясы 10. Ұзақ мерзiмдi мақсат, басымдықтары мен қағидаттары Су шаруашылығы саясаты мемлекет "2030 - Стратегияда" жариялаған республика азаматтарының денсаулығы мен әл-ауқаты үшiн су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану ұзақ мерзiмдi мақсатына қол жеткiзiлуiн қамтамасыз етуi тиiс. Мақсатқа қол жеткiзуге арналған негiзгi басымдықтар: экономиканың әртүрлi салаларын, жекелеген аймақтар мен кешендердi одан әрi дамыту жөніндегі талаптарды қанағаттандыру; су ресурстарын ұтымды әрi ұқыпты пайдалану мен қорғау; мемлекетаралық, облысаралық, және ауданаралық объектiлердi мемлекеттiң меншiгiнде сақтау; суару үшiн су көзiнен ауыл шаруашылығы су пайдаланушысына дейiн суды жеткiзу жөніндегі қызметтер көрсетуге мемлекеттік монополияны сақтау; халықты қажеттi санымен және кепiлдi сапасымен ауыз сумен қамтамасыз ету; саны да жеткiлiктi әрi тиiстi сападағы су ресурстарымен қамтамасыз ету. Қойылған мiндеттердi шешу үшiн су шаруашылығы саясаты мыналарға негiзделуi тиiс: су бассейнiн бiртұтас объект ретiнде қарап, су ресурстарын басқару мен жер бетіндегі суларды қорғауды бассейндiк қағидатпен құру қажет; сумен жабдықтау жүйелерi суды дайындаудың қазiргi технологияларын пайдалануға, су ресурстарын кешендi пайдалануға негiзделiп, тұтынушыға көлiкпен жеткiзу кезiнде су ысырабының азайтылуын қамтамасыз етуi тиiс; сумен қамтамасыз етудiң экономикалық негiзi - cу ресурстарына мемлекеттік меншiк болуы тиiс; су секторын тұрақты дамытудың негізі - су шаруашылығы объектiлерiн пайдалану мен ұстау шығындарын өтеуге суды тұтынушылардың (халықтың) қатысуы болуы тиiс; арнайы су пайдалануға мiндеттi түрде ақы төленуi; өндiрiстiк және ауыл шаруашылығы су тұтынуы алдында ауыз сумен жабдықтаудың әрi экологиялық су жiберудiң басымдылығы; су шаруашылығы жүйелерiн қайта жаңарту мен қалпына келтiруге арналған сыртқы заемдарды жiберудiң басымдылығы; ағын судың экологиялық құрамдас бөлiгi қағидаттарын ескере отырып, су тұтыну лимиттерiн белгiлеу; су шаруашылығы объектiлерi мен оған байланған суармалы жерлердiң ажырамауын қамтамасыз ету; су шаруашылығы және гидромелиоративтiк объектiлер мемлекеттік ұйымдардың не суды пайдаланушылар бiрлестiктерiнiң (СПБ) меншiгiнде немесе басқаруында (басқару мерзiмiн шектеген борыштық мiндеттемелердi орындау кезіндегі уақытша басқару жағдайларын қоспағанда) болады. 11. Таяудағы мақсат пен басымдықтар Ұсынылатын перспективада iске асырылуы ықтимал су шаруашылығының басым бағыттары: су ресурстары мен суды пайдалануды басқарудың жүйесiн жетiлдiру; қолданыстағы заңнамада экологиялық мәнiстердi күшейту. Негiзгi мiндеттер: су ресурстарын ұтымды әрi кешендi пайдалану; су ресурстарын басқару функцияларын шаруашылық пайдалану функцияларынан ажырату мұның өзi мемлекет атынан тиiсiнше басқару мен бақылауды қамтамасыз етедi әрi су секторында жалпы мемлекеттік мүдденiң сақталуына қол жеткiзiледi; соның ішiнде жер асты сулары кен орындарын үдемелi пайдалану есебiнен ауыз сумен жабдықтау сапасын жетiлдiру; әсiресе iрi су тораптарындағы су шаруашылығы құрылыстарының қауiпсiздiгiн мемлекеттік техникалық қадағалау жүйесiн қалыптастыру; суды пайдаланудың тиiстi нарық жағдайларына сәйкес құқықтық базасы мен экономикалық тетiгiн әзiрлеу әрi жасау; су объектiлерiнiң мониторинг жүйелерiн дамыту және су объектiлерiн пайдалануды мемлекеттік бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру; су объектiлерiнiң жай-күйi мен оларды пайдаланушылар пайдалануының ерекшелiктерiн ескеруге негiзделген аймақтық су шаруашылығы саясатын жүргiзу. 5. Ұлттық су саясаты мен стратегиясын iске асыру жөніндегі негізгі мiндеттер 12. Су ресурстарын ұтымды пайдалану және сумен қамтамасыз ету саласында 1. Мыналарды: iрi өзендер бассейндерi бөлiнiсiнде Су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғаудың республикалық бағдарламасын; бассейнiшiлiк және аймақаралық қайта бөлу, сондай-ақ қолда бар жер бетіндегі әрi жер асты суларын ұтымды пайдалану есебiнен, су ресурстарының қолда бар үлесiн ұлғайту есебiнен экономиканың салаларын, халықты және табиғи кешендердi сумен қамтамасыз етудi шешуге бағытталған жергiлiктi атқарушы органдардың аймақтық бағдарламаларын; мыналарды: су тапшылығы өткiр аймақтарда су сыйымдылығы мол өндiрiстердi дамытудың қарқыны мен көлемiн шектеудi; барлық жерде суды үнемдейтiн технологияларды, суды пайдаланудың айналмалы және тұйық жүйелерiн енгізудi; өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығында суды тұтынудың бiр өнiм бiрлiгiне үлесiн азайту жөніндегі шараларды жүзеге асыруды; суды пайдалану саласындағы суды пайдаланудың ысырабын азайтуды; су шаруашылығы жүйелерiн суды өлшейтiн және суды реттейтiн қазiргi құралдармен жарақтандыруды қамтитын Суды үнемдеу жөніндегі республикалық және аймақтық мақсатты бағдарламаларды; су ресурстарын пайдаланғаны үшiн қолданыстағы төлем ставкаларын оңтайландыру және саралау жолымен жер бетіндегі де, жер астындағы да суларды ұтымды пайдалану мен қорғаудың экономикалық тетiгiн әзiрлеу және iске асыру. 2. Суды пайдаланушылар қаражаты есебiнен су шаруашылығы объектiлерiн ұстау және жөндеу жөніндегі шығындарды өзiн өзi ақтауына кезең-кезеңiмен көшiрiп, суды пайдаланушыларға суды беру жөніндегі көрсетiлген қызметтер үшiн баға құрауды жетiлдiру жөнiнде жағдай жасау.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |