|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 қазандағы № 1237 қаулысына (ҚР Үкіметінің 2005.03.06. № 557 Қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2005.03.06. № 557 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. "Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасы бойынша Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi арасындағы Займ туралы келісімнiң күшiне енуiне арналған шарттарды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 қазандағы № 1237 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 6-тармақта: "министрлігінiң жанындағы Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасын жүзеге асыру жөніндегі Топқа" деген сөздер "министрлігіне" деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын: "9. Облыстардың әкiмдерiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен жердi суландыру және дренаж жүйелерiн қайта құруға салынған инвестициялық шығындардың үлесiн республикалық бюджетке қайтару жөніндегі iшкi несие келісімiн жасасу ұсынылсын"; көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада: 4-тармақта: бiрiншi абзацта: "министрлігінiң жанындағы Жобаны жүзеге асыру тобы" деген сөздер "министрлігі" деген сөзбен ауыстырылсын; 10-тармақта: "қаражаттың" деген сөз "Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi займы мен бiрлесiп қаржыландыру қаражатының" деген сөздермен ауыстырылсын және "мөлшерiнде" деген сөзден кейiн "қосымша құн салығы есепке алынбай" деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қаңтардағы № 112 қаулысына Қосымша
ҚР Үкіметінің 2005.03.06. № 557 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |