Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзiмдi ноттарын шығару,
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005.15.09. № 108 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзiмдi ноттарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi. 3. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзiмдi ноттарын орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесін бекіту туралы" 1997 жылғы 30 маусымдағы № 246 қаулысының күшi жойылды деп танылсын. 4. Монетарлық операциялар департаментi (Әлжанов Б.А.): 1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына жiберсiн, филиалдарға осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он төрт күндiк мерзiмде бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларына жiберудi мiндеттесiн. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З. Айманбетоваға жүктелсін. Ұлттық Банк
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|