|
|
|
Құрлық әскерлерi әскери институтының мәселелері (2014.27.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 755 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 31.10.03 ж. № 1080 қаулысымен тақырыбы және 1-тармақ өзгертілді
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери академиясы» мемлекеттік мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы» 2002 жылғы 27 ақпандағы № 815 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған «Құрлық әскерлерiнiң әскери институты» мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) туралы ереже бекітілсiн. 2. ҚР Үкіметінің 2011.26.05. № 580 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. Мекеме қызметiн қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету республикалық бюджетте 009 «Жоғары оқу орындарында кадрлар даярлау» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң мұқтажына көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 4. ҚР Үкіметінің 2014.27.06. № 707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы № 659 қаулысымен бекітілген
«Құрлық әскерлерiнiң әскери институты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ереже
ҚР Үкіметінің 31.10.03 ж. № 1080 қаулысымен атауы және 1-тармақ өзгертілді 1. Құрлық әскерлерiнiң әскери институты (бұдан әрi - Әскери Институт) жоғары және орта кәсiптiк әскери білім беру бағдарламаларын iске асыратын, сондай-ақ қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулердi жүзеге асыратын әскери оқу орны болып табылады. 2. Институт өз қызметiн Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентінің, Yкіметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Институт мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында Жауынгерлiк Туы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген, мемлекеттік тiлде өз атауы жазылған мөрi, мөртаңбасы мен белгiленген үлгідегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде шоты болады. Институт өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі. 4. Институт заңнамада белгiленген тәртiппен өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Институт бастығының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдердi қабылдайды. 5. Институттың заңды мекен-жайы: 480094, Алматы қаласы, Красногорская көшесi, 35. ҚР Үкіметінің 31.10.03 ж. № 1080 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Институттың толық атауы: «Құрлық әскерлерiнiң әскери институты» Мемлекеттік мекемесi. 2. Институттың мақсаты, мiндеттерi және функциялары
7. Институттың мақсаты жоғары және орта кәсiптiк әскери білім беру бағдарламаларын iске асыру, сондай-ақ қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулердi жүзеге асыру болып табылады. 8. Институттың мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн офицерлер - жоғары және орта әскери кәсiптiк білімi бар біліктi мамандар даярлау, сондай-ақ оларды қайта даярлау және біліктiлiгiн арттыру; 2) әскери құрылыс, мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн нығайту және әскери білім берудi жетiлдiру проблемаларын шешуге бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргiзу; 3) тәрбие процесiн ұйымдастыру. 9. Институт үкiметаралық келісімдерге (шарттарға) сәйкес басқа мемлекеттердiң қарулы күштерi үшiн офицерлер даярлауды жүзеге асыра алады. 10. Институт курсанттарды тiзбесi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігімен келісілетiн азаматтық мамандықтарға оқытуды білім берудiң мемлекеттік стандарттарына сәйкес жүзеге асыра алады. 11. Институт Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріне бағынады. 12. Көрсетiлген мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Институт мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) жоғары және орта әскери кәсiптiк білiм беру бағдарламаларын игеру үшiн жағдайлар жасайды; 2) терең әскери-арнайы білімдi, қатаң дағдылар мен ептiлiктi қалыптастыруды қамтамасыз етедi, жоғары кәсiптiк сапаны жасайды; 3) патриотизм, әскери антқа адалдық сезiмiне тәрбиелейдi, тұлғаның шығармашылық, рухани және дене даярлығы мүмкiндiктерiн дамытады, мықты адамгершiлiк негiздерiн, әскери этика, тәртiптiлiк пен ұйымдастырушылық нормаларын қалыптастырады. 3. Институттың қызметiн ұйымдастыру 13. Институт: 1) әскери оқу орындарына қабылдаудың үлгiлiк ережелеріне сәйкес Институтқа азаматтар қабылдау тәртібін белгiлейдi; 2) мемлекеттік жалпыға мiндеттi білім стандарттарының негiзiнде әзiрленген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес оқу және тәрбие жұмысын жүзеге асырады; 3) оқушыларды аралық аттестаттау нысандарын, тәртібі мен кезеңдiлiгiн дербес таңдап алады. 14. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі уәкiлеттi мемлекеттік орган болып табылады және заңнамада белгiленген тәртiппен Институтқа қатысты мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінiң қажеттiлiктерiне сәйкес даярлау мамандықтарын және жыл сайынғы курсанттар қабылдау жоспарын белгiлейдi; 2) Институтқа берiлген мүлiктiң тиiмдi пайдаланылуын және сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 15. Институт қызметкерлерiнiң штатын жасақтау, еңбек ақы төлеу жағдайының тәртібі, олардың құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 16. Институтқа тiкелей басшылық етудi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi қызметке тағайындайтын және босататын Институт бастығы жүзеге асырады. 17. Институттың бастығы дара басшылық ету қағидаттарында әрекет етедi және лауазымдық өкілеттiлiгiне сәйкес Институт қызметiнiң мәселелерiн дербес шешедi. 18. Басшылықты жүзеге асыру кезiнде Институт бастығы мемлекет белгілеген тәртiппен: 1) Институттың мүддесiн барлық ұйымдарда бiлдiредi; 2) барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi; 3) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес шетелдiк ғалымдар мен мамандарды қоса алғанда, Институттың уәкілетті орган тағайындағаннан басқа қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады; 4) Институт қызметкерлерiне көтермелеу шаралары мен тәртiптік жазалар қолданады; 5) өз орынбасарларының және Институттың өзге де басшы қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiлiктерi аясын анықтайды; 6) өзiне заңнамамен, осы Ережемен және уәкiлеттi органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 19. Институт негiзгi қорлар мен айналымдағы қаражаттан тұратын оқшауланған мүлiктi, сондай-ақ құны Институттың теңгерімінде көрсетiлетiн өзге де мүлiктi жедел басқаруға құқылы. 20. Институт өзiне бекітілген мүлiк пен оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiгiнен оқшаулауға немесе өзге де тәсiлмен иелiк етуге құқылы емес. 5. Институтты қайта ұйымдастыру және тарату 21. Институтты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |