|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi № 1376 қаулысына толықтырулар енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 904 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң заң жобалау қызметiн жетілдiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi № 1376 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 40, № 455-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетілген қаулымен бекітілген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде: 2-тармақ "мақсаты" деген сөзден кейiн "Республиканың қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын талдау және оны жүйелеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу; заңнаманы кодтау жөніндегі жұмыстың басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарауына енгізу; кодталған және топтастырылған кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу". 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |