Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң резервi туралы ереженi бекіту туралы
ҚР Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 11-1-2/53 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының 18-бабына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң резервi туралы ереже бекітілсiн. 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіндегi мемлекеттік тiркелу күнiнен бастап күшiне енедi. Мемлекеттік хатшы -
Мемлекеттік хатшысының - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 242 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң резервi туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгінiң резервi туралы осы ереже (бұдан әрi - Ереже) дипломатиялық қызмет үшiн тұрақты кадрлық резерв құру мақсатында «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңына сәйкес әзiрлендi. 2. Кадрлық резервтi дипломатиялық қызмет қызметкерлері мен қызметшiлерi құрайды, жүйеленген тiзiмге енгізілген олар туралы деректер осы Ережеде белгiленген тәртiппен қалыптасқан. 2. Кадрлық резервтi қалыптастыру 3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң кадрлық резервi (бұдан әрi - Министрлiк): 1) Министрлiк арқылы халықаралық ұйымдарға жұмысқа жiберiлген дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнен; 2) Министрлiк арқылы кәсiби даярлық пен тағылымдаман өту, өзектi халықаралық проблемаларды ғылыми тұрғыдан игеру үшiн Қазақстан Республикасының немесе басқа да елдердiң жоғары оқу орындарына, ғылыми мекемелерiне жіберiлген дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнен; 3) дипломатиялық қызмет органдарынан өз өтiнiшi бойынша жұмыстан шығарылған дипломатиялық қызмет қызметкерлерi құрамынан қалыптасады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|