|
|
|
Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшiн ҚР Үкіметінің 2005.05.02 ж. № 110 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм), Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі және "Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептілік нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсiмдердiң ережесi бекітілсiн. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Yкіметiнiң 2002 жылғы 25 шілдедегi № 832 қаулысымен бекiтілді Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттiң атқарылуы және есептілік (мерзiмдiк және жылдық) нысандарын жүргiзу жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесi 1-бөлiм. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексiне (Жалпы бөлiм), "Бюджет жүйесi туралы" (бұдан әрi - бюджет жүйесi туралы заң) 1999 жылғы 1 сәуірдегі және "Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңдарына сәйкес әзiрлендi. 2. Осы Ереже бюджет жүйесi туралы заңда белгiленген кезеңдерге сәйкес бюджеттiң атқарылу рәсiмдерiн анықтайды. 3. Бюджеттiң атқарылуы жөніндегі қаржылық рәсімдер - мемлекеттік мекемелер өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын және қолданылып жүрген заң актілеріне сәйкес бекітілген республикалық және жергiлiктi бюджеттерге атқаруға бағытталған iс-әрекеттер. 4. Бюджеттi атқару жөніндегі қаржылық рәсімдер сол сияқты бюджет жүйесi туралы заңға сәйкес алдағы қаржы жылының 1-тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспарының және тиiстi қаржы жылының 1-тоқсанына арналған жергілікті бюджеттi қаржыландыру жиынтық жоспарының атқарылуына қолданылады. 5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң бюджеттің атқарылу процесіндегі iс-әрекеттерi, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердiң бухгалтерлiк есеп жүргiзу және республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы жөнінде есептіліктi жасау тәртібі Қаржы министрлігі белгiлеген тәртiппен анықталады. 2-бөлiм. Қазақстан Республикасының Yкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың актiлерді дайындау рәсiмдерi 1-тарау. Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актілерін дайындау және бекіту рәсiмдерi 6. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы бекітілгеннен кейiн бес жұмыс күнiнiң iшiнде оның iске асырылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актiсi қабылданады. ҚР Үкіметінің 15.03.04 ж. № 320 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 7. Республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң актiсi (бұдан әрi - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актiсi): кiрiстердiң, алынған ресми трансферттердiң көлемдерiн, республикалық бюджеттен берiлген несиелердiң қайтарылуын, бюджеттің шығындарын, несиелерi мен тапшылығын (профицитiн), республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыруды (профициттi пайдалануды); функционалдық топтар, iшкi функциялар, республикалық бюджеттік бағдарламалар, бағдарламалар және кiші бағдарламалар әкiмшiлерi бойынша республикалық бюджеттiң шектi шығыстарының тiзбесiн; республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесiн; мемлекеттік мекемелерге республикалық бюджет туралы заңды iске асыру жөніндегi тапсырмаларды қамтиды. ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 8. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актiсiн әзiрлеудi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қаржы министрлігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (бұдан әрi - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі) жүзеге асырады. 2-тарау. Мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы жергiлiктi атқарушы органдардың актiсiн дайындау және бекіту рәсiмдерi 9. Тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi бекіту туралы мәслихаттың шешiмi қабылданғаннан кейiн жетi жұмыс күнiнiң iшiнде жергiлiктi атқарушы орган оның iске асырылуы туралы актiнi қабылдайды. ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 10. Тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi бекіту туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы жергiлiктi атқарушы органның актiсi (бұдан әрi - жергiлiктi атқарушы органның актiсi): кiрiстердің, алынған ресми трансферттердің көлемдерiн, жергiлiктi бюджеттен берiлген несиелердің қайтарылуын, бюджеттiң шығындарын, несиелерi мен тапшылығын (профицитiн), жергiлiктi бюджеттің тапшылығын қаржыландыруды (профициттi пайдалануды); функционалдық топтар, ішкі функциялар, жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар, бағдарламалар және кiші бағдарламалар әкімшілерi бойынша жергіліктi бюджеттiң шектi шығыстарының тiзбесiн; жергілікті ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және кiші бағдарламалар, дамытудың бюджеттік бағдарламалары мен кiшi бағдарламаларының тiзбесін; жергiлiктi инвестициялық жобалардың тiзбесiн; мемлекеттік мекемелерге тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi бекіту туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру жөніндегі тапсырмаларды қамтиды. 11. Жергiлiктi бюджеттi атқару барысында жергiлiктi атқарушы органның актiсiне өзгерістер ағымдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi бекіту туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы жергіліктi атқарушы органның бекітілген актiсiнің көрсеткіштерi өзгерген жағдайда енгiзіледi. 3-тарау. Бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту және нақтылау рәсiмдерi ҚР Үкіметінің 15.03.04 ж. № 320 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 12. Бюджеттік бағдарламалардың паспорты (бұдан әрi - паспорт) бюджеттік бағдарламалардың мониторингiн қамтамасыз ету, iске асыруды бағалау және тиімділiгі бақылау, сондай-ақ бюджеттің атқарылу сатысында бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылау мақсатында әзiрленедi және бекітіледi. Егер Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен шартқа (келісімге) сәйкес үкіметтік сыртқы заемның қаражаты бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзі болып табылса, онда оның паспортында міндетті түрде жылдар бойынша бөле отырып үкіметтік заемның жалпы құны қосымша көрсетіледі. 13. Паспорт күтілетiн нәтижелер көрсетiле отырып, мақсатын және мерзiмдерi, ресурстары және iс-шаралардың атқарушылары бойынша келісілген кешенiн анықтайды. Бұл ретте бағдарламаның мақсаты елдiң экономикалық дамуының стратегиялық басымдықтары ескерiле отырып, қойылуы тиiс. 14. Бюджеттік бағдарламаның объективтiк мониторингiн, оның тиiмдi iске асырылуын бағалауды және тиiмдiлiгiн бақылауды қамтамасыз ету үшiн паспорт бюджеттік бағдарлама туралы толық ақпаратты қамтуы тиiс. 15. Паспортты тиiстi қаржы жылына арналған республикалық немесе жергiлiктi бюджетте көзделген әрбiр бюджеттік бағдарлама бойынша жыл сайын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзiрлейдi. 16. Паспорттарды Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергiлiктi атқарушы орган Республикалық және жергiлiктi бюджеттердің жобаларын әзiрлеу ережесiмен анықталған нысан бойынша республикалық және жергiлiктi бюджеттердің жобаларын және республикалық және жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар әкімшілерiнiң бюджеттік өтiнімдерiн әзiрлеу сатысында әзiрленген жобалардың негiзiнде Yкімет немесе жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi. Бұл ретте, бюджеттердiң жобаларын тиiстi бюджет комиссиясында Қазақстан Республикасының Үкіметінде, жергiлiктi атқарушы органда, Қазақстан Республикасының Парламентiнде және мәслихаттарда қарау нәтижелерi ескеріледi. ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 17. Паспорттар Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кесiмi және жергiлiктi атқарушы органдардың кесiмдерi қабылданғаннан кейiн, бiрақ қаржы жылының басталуынан кешiктiрмей он жұмыс күнi iшiнде бекітілуi тиiс. Мәслихаттар тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттер бекітілгенге дейiн жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу сатысында әзiрленген паспорттардың жобалары жергілiктi бюджеттерді атқару үшiн пайдаланылады. ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 18-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара) 18. алынып тасталды ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 18-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 15.03.04 ж. № 320 қаулысымен 18-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 18-1. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын нақтылауды бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі негізінде Бюджет комиссиясы қарайды. Бюджет комиссиясы: негізінде бағдарлама іске асырылатын нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты бюджеттік бағдарлама паспортының өзгерістерін; Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің негізінде мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыруға байланысты бюджеттік бағдарлама паспортының өзгерістерін қарамайды. Мұндай жағдайда бюджеттік бағдарламаның паспортына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының немесе жергiлiктi атқарушы орган шешiмiнiң жобасын заңнамада белгіленген тәртiппен бюджеттік бағдарламаның әкімшісі әзiрлейдi. 3-бөлiм. Қаржыландыру жоспарларын жасау және бекіту 19. Бюджеттi атқару үшiн қаржыландырудың мынадай түрлерi жасалады: мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерi және төлемдерi бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландырудың жоспарлары; бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң мiндеттемелерi және төлемдерi бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары; қаржыландырудың жиынтық жоспары. 20. Мәслихат тиiстi қаржы жылына арналған жергіліктi бюджеттi бекiткенге дейiн бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерi мен мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша бюджеттік бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) қаржыландыру жоспарлары тиiстi қаржы жылына арналған жылдық жергiлiктi бюджет жоспарының 1/4 бөлiгi шегiнде қалыптасады. 21. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiнің міндеттемелерi мен төлемдерi бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландырудың жоспарлары, мемлекеттік мекеменің мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары және қаржыландырудың жиынтық жоспарлары республикалық бюджет туралы заңға және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердi бекіту туралы мәслихаттардың шешiмдерiне, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың актілеріне, паспорттарға, Бiрыңғай бюджетi сыныптамаға, Шоттардың бiрыңғай стандарттық жоспарына сәйкес және осы Ережеде белгiленген тәртiппен әзiрленедi. 22. Мемлекеттік мекеменің мiндеттемелерi бойынша Бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары (бұдан әрi - мемлекеттік мекеменiң мiндеттемелерi бойынша қаржыландырудың жоспары) және мемлекеттік мекеменің төлемдерi бойынша (бұдан әрi - төлемдерi бойынша қаржыландырудың жоспары) бюджеттi атқару жөніндегі мемлекеттік мекеменiң негiзгi құжаттары болып табылады. 23. Мемлекеттік мекеменiң мiндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспары қаражаттың көлемдерiн анықтайды, оның шегінде мемлекеттік мекеме бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген іс-шараларды iске асыру үшiн мiндеттемелер қабылдауға құқығы бар. Мемлекеттік мекеменің мiндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспарының сомасын ай сайын бөлу тиiстi ағымдағы жыл iшiнде оның паспортында көзделген әрбiр бюджеттік бағдарлама және кiшi бағдарлама бойынша iс-шараларды iске асыру мерзiмдерiне сәйкес мiндеттемелердi қабылдау мерзімдеріне сәйкес келуi тиiс. 24. Мемлекеттік мекеменiң мiндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспары мемлекеттік мекемелердiң бюджеттік бағдарламаның паспортында көзделген iс-шараларды жүргiзумен байланысты мiндеттемелердi қабылдауына рұқсаттар беру үшiн, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң мiндеттемелерi бойынша бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарын қалыптастыру үшiн пайдаланылады. 25. Мемлекеттік мекеменің төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспары қаражаттың көлемдерiн анықтайды, олардың шегiнде мемлекеттік мекеменің бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген iс-шараларды iске асыру үшiн қабылданатын мiндеттемелер бойынша төлемдер жүргiзуге құқығы бар. Мемлекеттік мекеменің төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарының жылдық сомасын ай сайын бөлу паспортта көзделген әрбiр бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша iс-шараларды iске асыру мерзiмдерiне сәйкес тиiстi қаржы жылы iшiнде алынатын тауарлар, (жұмыстар және қызметтер) бойынша төлемдердi жүзеге асыру мерзiмдерiне сәйкес келуi тиiс. 26. 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеме мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын: республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердi бекіту немесе нақтылау кезiнде болған өзгерістердi ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік өтiнiмiнде ұсынылған бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстар есептемесiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы Заңын iске асыру туралы ?кіметтiң және жергiлiктi атқарушы органдар актілерінiң және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердi бекіту туралы шешiмнiң (бұдан әрi - есептеме); бюджеттік бағдарламалардың кiшi бағдарламалары бойынша iс-шараларды iске асыру мерзiмдерi, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына (бұдан әрi мемлекеттік сатып алу туралы заң) сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды жүргiзу, тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушiлермен шарттар жасасу сияқты бюджеттік бағдарламалар паспорттарының көрсеткiштерiн, сандық көрсеткiштердi ескере отырып; бюджеттік бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) нормативтiк құқықтық негiздерiне сәйкес; мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы Заңын iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілiктi атқарушы органдардың актiлеріне және тиiстi қаржы жылына арналған жергілiктi бюджеттердi бекіту туралы мәслихаттың шешiмдерiнде берiлген тапсырмаларды iске асыруына байланысты нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес; Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасы шығыстарының экономикалық сыныптамасына (бұдан әрi - шығыстардың экономикалық сыныптамасы) сәйкес; шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымына сәйкес әзiрлейдi. 27. Мемлекеттік мекеменің мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларына, сондай-ақ оларға есептемелерге мемлекеттік мекеменiң бiрiншi басшысы немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға, және ол бас бухгалтер қол қояды және оның мөрімен расталады, одан кейін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерiне беріледi. 28. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын жасаудың дұрыстығы үшiн және оларды бюджеттік бағдарламалардың тиiстi әкімшілерiне уақтылы тапсырмағаны үшiн жауап бередi. 29. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi мiндеттемелерi және төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларын 3 және 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандар бойынша қаржыландыру жоспарларын тиiсiнше мiндеттемелер және төлемдер бойынша мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарын жинақтау жолымен бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi қалыптастырады. 30. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерiнің мiндеттемелерi және төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларының жылдық жоспары Қазақстан Республикасы Yкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың актілерімен бекітілген бюджеттік бағдарламалар және кiшi бағдарламалар бойынша сомаға сәйкес келуi тиiс. ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 31-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара) 31. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң мiндеттемелерi және төлемдерi бойынша ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердiң қаржыландыру жоспарлары қаржыландырудың тиiстi жиынтық жоспарларын қалыптастыру үшiн пайдаланылады. ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 31-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 15.03.04 ж. № 320 қаулысымен 31-1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 31-1. Мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру үшiн Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тиiстi жылға арналған бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы кесiмi қабылданғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде бюджеттік бағдарламалардың, кiшi бағдарламалардың әкiмшілерi және бiрыңғай бюджеттік сыныптама шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бөлiнiсiнде республикалық бюджеттiң шығыстарына арналған жылдық бюджеттік тағайындаулардың жиынтығын бекiтедi және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне бередi. 32. Мемлекеттік мекеменiң мiндеттемелерi және төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларын бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бiріншi басшысы немесе оларға уәкiлеттiк берген тұлға бекiтедi. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң бiрiншi басшысы болмаған жағдайда, Мемлекеттік мекеменiң мiндеттемелерi және төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларын оларға осындай мiндеттемелердi жүктеу туралы бұйрыққа сәйкес оның жауапты тұлғалары бекiтедi. ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 33-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 33. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кесiмi қабылданғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша бекітiлген жоспарларды, олар бойынша Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісілген жылдық соманы, оларға есептеулердi, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердiң бекiтілген қаржыландыру жоспарларын Қаржы министрлігіне бередi. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарлары Қаржы министрлігі белгiлеген форматта қағаз және электрондық түрде, ал мемлекеттік мекемелердiң қаржыландыру жоспарлары - магниттік түрде ғана беріледi. Жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi жергiлiкті атқарушы органның кесiмi қабылданғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша бекiтілген жоспарларды, оларға есептеулердi тиiстi жергiлiктi уәкiлеттi органға бередi. Барлық деңгейдегi қаржыландыру жоспарларының шынайылығына, ресiмделу дұрыстығына және уақытылы берiлуiне бюджеттік бағдарламалардың әкімшiлерi жауап бередi. 34. Қаржыландыру жиынтық жоспарының мынадай құрылымы бар: бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспары: кiрiстер; алынған ресми трансферттер; несиелердi қайтару; бастапқы қаржы жылына арналған бюджет қаражатының бос қалдықтарын ескере отырып, бюджеттің тапшылығын қаржыландыру көздерi; міндеттемелерi және төлемдерi бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары: шығындар; несиелер; үкіметтік борышты өтеу немесе жергiліктi атқарушы органның борышын өтеу. 35. Қаржы министрлігі және жергiлiктi уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасы Yкіметінің және жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi қаржы жылына арналған актiсi бекітілгеннен кейiн екi аптаның iшiнде қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекiтедi. ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 36-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 36. Бюджетке түсетiн түсiмдердiң жиынтық жоспары заң актілерiне сәйкес бюджетке төленетін төлемдердiң мерзiмдерi, алдағы жылы бюджетке түсетiн түсiмдердiң серпiнi, мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық серпiнiнің талдауы және бағалы қағаздар рыногында сұраным және ұсыныс деңгейi, 5-қосымшаға сәйкес белгiленген нысанда жасалған заемдар туралы несие келісімдерi мен шарттарының (келісім-шарттарының) жағдайлары негiзге алына отырып республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер жоспарларының негiзiнде жасалады. ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 36-1-тармақпен толықтырылды 36-1. Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер жоспарлары республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер жоспарларының жобаларына негiздей отырып, 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстардың, Астана, Алматы қалаларының бөлiнiсiнде қалыптастырылады. ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 37-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 37. Міндеттемелерi және төлемдерi бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарлары 6 және 7-қосымшаларға сәйкес белгiленген нысандар бойынша мынадай тәртiппен қалыптасады: мiндеттемелерi және төлемдерi бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарлары Қаржы министрлігіне және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi ұсынған мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша бекiтілген тиiстi қаржыландыру жоспарының сомасы болып табылады; бюджеттік бағдарламалардың, бағдарламалар және кiшi бағдарламалар әкiмшiлерi бойынша мiндеттемелерi және төлемдерi бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарларының жылдық сомасы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың актiсiмен бекiтілген сомаға бюджеттік бағдарламалардың, кішi бағдарламалардың әкiмшілерi және Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманың бағдарламалары мен шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бөлiнiсiнде республикалық бюджеттiң шығыстарына арналған жылдық бюджеттік тағайындаулар жиынтығының сомасына сәйкес келедi; жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрғандарға берiлетiн ресми трансферттердің және несиелердiң жылдық сомасын ай сайынғы бөлу мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейлерiнiң ұсыныстары бойынша көзделедi; жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрғандарға берілетiн ресми трансферттердің сомасы және несиелердi қайтару жоғары тұрған бюджеттердiң түсiмдерi жөніндегі жиынтық жоспарындағы сияқты сондай көлемдерде және сол айларда төмен тұрған бюджеттердің міндеттемелері және төлемдерi бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында ескеріледi; бюджетке түсетiн түсімдердiң жиынтық жоспары және төлемдерi бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бюджетке түсетiн ақша түсiмдерінің күтілетін көлемiн ескере отырып, жыл басынан үдемелi өсу қорытындысымен жыл бойынша және айлар бойынша теңдестiрілуi тиiс, бұл ретте өсу қорытындысымен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу көлемi өсу қорытындысымен бюджетке түсетiн жиынтық түсiмдердiң жиынтық жоспарының сомасын айлар бойынша бөлу көлемiнен аспауы тиiс. 38. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары республикалық бюджеттен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн ресми трансферттердiң бекітілген сомасын, республикалық бюджеттен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджетіне берілетiн бюджеттік несиелер сомасын, республикалық бюджеттен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджетiне бұрын берiлген несиенi қайтару сомасын ай сайын бөлудi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi бекіткеннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде Қаржы министрлігіне бередi. 39. Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi уәкiлеттi органдары облыстық бюджеттен аудандардың (қалалардың) бюджетiне берiлетiн ресми трансферттердiң сомасын бөлудi облыстық бюджеттер бекітілгеннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде облыстардың жергiлiктi уәкілеттi органына бередi. ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 39-1-тармақпен толықтырылды 39-1. Мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттік орган және кеден iсiне басшылық етудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кесiмi қабылданғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде Қаржы министрлігіне 5-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер жоспарларының жобаларын және оларға есептеулердi ұсынады. ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 39-2-тармақпен толықтырылды 39-2. Қаржы министрлігі осы Ереженiң 35-тармағында көрсетiлген мерзiмге дейiн екі жұмыс күнiнде мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттік органға және кеден iсiне басшылық етудi жүзеге асыратын орталық атқарушы органға олар жiберген тиiстi түсiмдер жоспарларының жобалары қабылданбаған жағдайда себептерiнiң негiздемесiмен республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң жиынтық жоспарын қалыптастыру үшiн берiлген республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер жоспарларының жобаларын жiбередi. 40. Қаржы министрлігі және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары республикалық бюджет туралы заңмен және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердi бекіту туралы мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген көлем шегіндегi бюджеттік алымдардың сомасын бөлудi тиiстi бюджеттер бекітілгеннен кейiн жетi жұмыс күнi iшiнде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (қалалардың) жергiлiктi уәкiлеттi органдарына ұсынады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |