|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 ақпандағы № 172 қаулысына Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 ақпандағы № 172 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-тармақтағы "1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7" деген сандар "1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8" деген сандармен ауыстырылсын; 2) көрсетілген қаулыға 6-қосымшада: 5-тармақтағы "(сейфтермен)" деген сөзден кейін "ризографтармен, көшірме аппараттарымен, шағын АТС-тармен" деген сөздермен толықтырылсын; 6-тармақтың кестесіндегі "Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру шаралары" деген 5-баған мынадай редакцияда жазылсын: "Сот мәжілісі залдарына 474 құрылымдық жиһаз (судьяларға арналған стол, айыптаушы жақ өкілдеріне арналған стол, қорғаушы жақ өкілдеріне арналған стол, сот мәжілісі хатшысының столы, сөйлеушілерге арналған мінбе, аудандық соттарға 8 адамға және облыстық соттарға 15 адамға арналған құрылым есебінен - келушілерге арналған орындықтар); 2686 құрылым кеңсе жиһазы (судьялар үшін - жұмыс столы, бұрыштық қосымшасы бар компьютерге арналған стол, қосымша кеңесу столы, қорапты тумба, қағаз шкафы, киім шкафы; - кеңсе үшін 4 жазу столы, қағаз шкафы, ашық шкаф, киім шкафы); 813 дана темір шкафтар (сейфтер); 15 дана ризографтар (шағын типографиялар); 256 дана көшірме аппараттарын; 2 дана шағын АТС сатып алу; 96 ғимараттар мен үй-жайларға күрделі жөндеу жасау: Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда облыстары және Астана мен Алматы қалалары жалпы көлемі 92477,2 шаршы метр."; 7-тармақта "(сейфтермен)" деген сөзден кейін "ризографтармен, көшірме аппараттарымен, шағын АТС-тармен" деген сөздермен толықтырылсын; 3) көрсетілген қаулыға 7-қосымшада: 6-тармақтың кестесіндегі "Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру шаралары" деген 5-баған мынадай редакцияда жазылсын: "1306 дана компьютер, 656 дана принтер сатып алу, соның ішінде Ақмола облысының сот әкімшісіне 74 компьютер, 34 принтер; Ақтөбе облысына 65-30; Алматы облысына 98-45; Атырау облысына 44-20; Шығыс Қазақстан облысына 151-70; Жамбыл облысына 67-31; Батыс Қазақстан облысына 56-26; Қарағанды облысына 148-91; Қызылорда облысына 41-19; Қостанай облысына 94-43; Маңғыстау облысына 40-19; Павлодар облысына 75-35; Солтүстік Қазақстан облысына 73-33; Оңтүстік Қазақстан облысына 88-41; Алматы қаласына 128-79; Астана қаласына 44-20; Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке 20-20."; 4) осы қаулының қосымшасына сәйкес 8-қосымшамен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2002 жылғы 10 қазандағы № 172б қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 ақпандағы № 172 қаулысына 8-қосымша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Бюджет бағдарламасының әкімшісі 2002 жылға арналған 500-ші Қазақстан Республикасының сот жүйесі органдарын бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесімен қамту республикалық бюджет бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 15000 мың теңге (он бес миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-қүқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңының 25-бабы; 56-бабының 4-тармағы; Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы Заңының 88-бабы; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Мемлекеттік сатып алулар туралы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы 2000 жылғы 1 қыркүйектегі № 440 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығы. 3. Қаржыландыру көзі: республикалық бюджеттің қаржысы. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сот төрелігін жүзеге асыруды және сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жаңа технологияларды пайдалана отырып Қазақстан Республикасының сот жүйесі органдары мен оның құрамдас бөлімдерінің жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ету және бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесін дамыту. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: сот құжаттарын жинау мен ресімдеудің сапасын арттыру, Қазақстан Республикасы сот шешімдерінің Бірыңғай мәліметтер базасын қолдау, судьялар мен аппарат қызметкерлерінің қолданыстағы заңнама мен құқыққолдану практикасы бойынша көкейкесті әрі дәл ақпараттың ауқымды көлеміне жедел қол жеткізу сапасын арттыру, құжат айналымын және іс жүргізуді, соттардың Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен, Сот әкімшілігі жөніндегі комитетпен және басқа да мемлекеттік билік органдарымен өзара ақпараттық іс-қимылы жөніндегі міндеттерді қамту. 6. Бюджет бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтілетін нәтижелер: Бөлінген бюджеттік қаржылар сот шешімдерін жинауды және өңдеуді, сот шешімдері мәліметтерінің Бірыңғай базасымен қамтуды, соттардың сот шешімдері мәліметтерінің Бірыңғай базасына қол жеткізуін және сот статистикасын сапалы әрі дәл жүргізуді, соттардың Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен, Сот әкімшілігі жөніндегі комитетпен және басқа да мемлекеттік билік органдарымен ақпараттық іс-қимылын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |