|
|
|
Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерi туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 448 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2005.08.04. № 315 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерiн белгiлеу, келiсу және бекіту ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекітілсiн. 2. Мемлекеттік органдарға шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерiн анықтау кезiнде республикалық бюджетке аударымдардың нормативтерiн осы қаулыға қосымшада көрсетiлгендерден төмен емес етiп белгiлеу ұсынылсын. 3. Мемлекеттік басқару органдары шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты: 1) шаруашылық жүргiзу құқығындағы ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысының тиiстi бөлiгiн мемлекеттік бюджетке толық және уақытылы аударуына тұрақты бақылау орнатсын; 2) еншiлес кәсiпорындар үшiн таза табысты бөлу нормативтерiн белгiлеу кезiнде ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындардың Ереженi сақтауын қамтамасыз етсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысымен бекітілген
Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерiн белгiлеу, келiсу және бекіту ережесi
ҚР Үкіметінің 2005.08.04. № 315 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.31.12. № 1502 Қаулысымен (бұр.ред.қара) кіріспе өзгертілді Осы Ереже «Қазақстан Республикасының Yкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне, «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрлендi және ұлттық компанияларға жатқызылғандарын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ведомстволық бағыныстыларын қоспағанда, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың (бұдан әрi - Кәсiпорындар) таза табысын бөлу нормативтерiн белгiлеу, келiсу және бекіту әрi таза табысының тиiстi бөлiгiн мемлекеттік бюджетке аудару тәртібін айқындайды.
1. Таза табысты бөлу нормативтерiн белгiлеу тәртібі
1. Кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерiнде (бұдан әрi Бөлу нормативтерi) таза табыс сомасын тиiстi бюджеттiң кiрiсiне аударымға, резервтiк капиталды қалыптастыруға, өндiрiстi дамытуға және өзге де бағыттарға бөлудiң пайыздық ара қатынасы анықталады. Бұл ретте: 1) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысының республикалық бюджетке аударымдарының нормативтерi (бұдан әрi - Бюджетке аударымдардың нормативтерi) Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған аударымдардың ең төменгi мөлшерiн есепке ала отырып белгіленедi; 2) өндiрiстi дамытуға және материалдық-техникалық базаны нығайтуға Кәсiпорындар жiберетiн таза табыстың үлесi Кәсiпорындардың иелiгiнде қалатын таза табыс сомасының кемiнде 60 пайызын құрауы тиiс. 2. Кәсiпорындардың мемлекеттік басқару органдары Бөлу нормативтерiн жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейiн бекiтедi. Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар үшiн Республикалық бюджетке аударымдардың нормативтерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен (бұдан әрi - Министрлiк) келісім бойынша белгiленедi. Коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындар үшiн Жергiлiктi бюджеттерге аударымдардың нормативтерi жергiлiктi қаржы органдарымен келісім бойынша белгiленедi. ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 636 қаулысымен ; 2010.31.12. № 1502 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді 3. Министрлiкте (жергiлiктi қаржы органдарында) Мемлекеттік бюджетке аударымдардың нормативтерiн келiсу мерзiмi 10 жұмыс күнiнен аспауы тиiс. Мемлекеттік басқару органдары Бюджетке аударымдар нормативтерiнiң жобаларымен сонымен бiр мезгiлде Министрлiкке (жергiлiктi қаржы органдарына): 1) жоспарлы жылдың таза табысының нақты бөлiгiн өндiрiстi дамытуға пайдалану қажеттiлiгiнiң экономикалық негiздемесiн; 2) қоса берiлiп отырған нысан бойынша есептi жылғы тиiстi бюджетке Кәсiпорындар аударған таза табыстың мөлшерi мен сомасы туралы деректердi және алдағы үш жылдық кезеңге арналған таза табыстың мөлшерi туралы деректерді (есепті жыл үшін таза табыстың бір бөлігін аудару және аванстық аударымдар туралы төлем тапсырмаларының көшірмелерін қоса бере отырып) табыс етедi. 4. Еншiлес мемлекеттік кәсiпорындар үшiн Бөлу нормативтерiн негiзгi Кәсiпорын бекiтедi. Еншiлес кәсiпорындардың бюджетке аударымдарының нормативтерi негiзгi Кәсiпорындар үшiн белгiленгеннен төмен болмайды, ал еншiлес кәсiпорындар өндiрiстi дамытуға және материалдық-техникалық базаны нығайтуға жұмсайтын таза табыстың үлесi олардың иелiгiнде қалатын таза табыс сомасының кемiнде 60 пайызын құрауы тиiс. 5. Жаңадан құрылған Кәсiпорындар үшiн мемлекеттік басқару органдары олар мемлекеттік тiркелген күннен бастап бiр айлық мерзiмде осы Ережеде анықталған тәртiппен ағымдағы және алдағы жылдарға арналған Бөлу нормативтерiн бекітуге мiндеттi. ҚР Үкіметінің 2005.08.04. № 315 Қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды 5-1. Кәсiпорындардың мемлекеттік бюджетке аударуға жататын таза табысының бiр бөлiгiн есептеу меншiк капиталының терiс мөлшерi кезiнде немесе егер Кәсiпорын меншiк капиталының мөлшері мемлекеттік бюджетке аударуға жататын таза табыстың бiр бөлiгiне жүргiзiлген есептеу нәтижесiнде терiс болса жүргiзiлмейдi.
2. Таза табыстың бiр бөлiгiн тиiстi бюджетке аудару тәртібі
ҚР Үкіметінің 2005.08.04. № 315 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 6. Кәсiпорындар Аударымдар нормативтерiне сәйкес корпоративтiк табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiнгі он жұмыс күнiнен кешiктiрмей таза табыстың бiр бөлiгiн мемлекеттік бюджетке аударуды жүргiзедi. Есептеме есептi кезең үшiн кiрiстер мен шығыстар туралы есеп деректерiнiң негiзiнде жүзеге асырылады. Кәсiпорындар мемлекеттік бюджетке таза табыстың бiр бөлiгiн аванстық аударуды жүргiзе алады. Бюджетке таза табыстың бiр бөлiгiн аванстық аударудың артық төленген сомалары есептi жылдың қорытындыларын ескере отырып, келесi қаржы жылының аударымдар шотына есептеледi. ҚР Үкіметінің 2005.08.04. № 315 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 7. Кәсiпорындар бiрыңғай бюджеттік жiктемеге сәйкес тиiстi кодқа тiркеу есебiнiң орны бойынша мемлекеттік бюджетке таза табыстың бiр бөлiгiн аударуды жүзеге асырады. 8. Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру кезiнде Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру күнiне есептелетiн мемлекеттік бюджетке таза табыстың тиiстi бөлiгiн аудару жөніндегі мiндеттемелер өткізу актiсi (бөлу теңгерiмi) бойынша құқықтық мирасқорларына берiледi және құқықтық мирасқорларын мемлекеттік тiркеген күнiнен бастап бiр айлық мерзiмде орындалуға тиiс. ҚР Үкіметінің 2005.08.04. № 315 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 9. Мемлекеттік бюджетке таза табыстың тиiстi бөлiгiн толық және/немесе уақытылы аудармау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершiлiкке әкеп соқтырады. ҚР Үкіметінің 2005.08.04. № 315 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.31.12. № 1502 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 10-тармақ өзгертілді 10. Кәсiпорындардың таза табысы бiр бөлiгiнiң тиiстi бюджет кiрiсiне уақытылы және толық аударылуын бақылауды Министрлік орталық атқарушы органдар және өзге де уәкiлеттi мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысын бөлу нормативтерін белгілеу, келісу және бекіту ережесіне қосымша ______________________________________ ведомстволық бағынысты, (мемлекеттік басқару органының атауы) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың алынған таза табысы, мемлекеттік бюджетке аударылған сомалары туралы мәліметтер және таза табысының болжамы
таблицаның жалғасы:
ҚР Үкіметінің 2005.08.04. № 315 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.30.12. № 2297 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.19.10. № 1077 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына қосымша Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысынан республикалық бюджетке аударымдардың ең төменгi мөлшерлерi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |