|
|
|
«Қазақстанның Даму Банкi» жабық акционерлік қоғамының кейбір (2006.20.09. берілген өзгерістерімен)
«Қазақстанның Даму Банкi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 24-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы» 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. ҚР Үкіметінің 2006.20.09. № 885 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2. Қазақстан Республикасының кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына: иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне" деген бөлiмде: реттiк нөмiрi 217-1-жол алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне" деген бөлiммен және мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 268-жолмен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне: 268. "Қазақстанның Даму Банкi" ЖАҚ"; ҚР Үкіметінің 2006.20.09. № 885 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 2) "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 18 мамырдағы № 659 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 18, 232-құжат): 5 және 6-тармақтар алынып тасталсын; 3) ҚР Үкіметінің 2006.20.09. № 885 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |