|
|
|
Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 28 наурыздағы № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестiң 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн. 2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша): 1) Бағдарламада көзделген iс-шаралардың тиiсiнше және уақытылы орындалуын қамтамасыз етсiн; 2) жыл сайын 30 маусымға және 30 желтоқсанға Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне Бағдарламада көзделген iс-шаралардың орындалуы жөнiнде ақпарат ұсынсын. 3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шiлдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын. ҚР Үкіметінің 15.06.04 ж. № 651 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне жүктелсiн. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1430 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2003-2004 жылдарға арналған Бағдарламасы Астана, 2002 жыл ҚР Үкіметінің 15.06.04 ж. № 651 қаулысымен 1-бөлім өзгертілді 1. Бағдарламаның паспорты бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестiң 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы Әзiрлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасы Әзiрлеушiлер Iшкi iстер министрлігі, мен орындаушылар Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсiздiк комитетi, Әдiлет министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Сыртқы iстер министрлігі, Ақпарат министрлігі, Мәдениет министрлігі, Білім және ғылым министрлiгі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгi (қаржы полициясы), Кедендiк бақылау агенттiгi, Төтенше жағдайлар жөніндегi агенттік, Ұлттық Банк, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Негізгi мақсаты құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесiн қалыптастыру, қоғамдық тәртіптi және қоғамдық қауіпсiздiктi нығайту, бұл жұмысқа барлық мемлекеттік органдарды, қоғамдық құрылымдар мен халықты тарту, құқық бұзушылықтың алдын алуды және қылмысқа қарсы күрестi қамтамасыз етуде жергiлiктi атқару органдардың рөлi мен жауапкершілігін арттыру Негiзгi мiндеттерi құқық бұзушылықтың мақсатты әлеуметтiк-құқықтық алдын алуды жүзеге асыру; қылмысқа қарсы күресте азаматтардың мүдделілігін арттыру, халықтың құқықтық мәдениетiнің деңгейiн көтеру; ұйымдасқан қылмысқа, есiрткi бизнесiне, терроризмге және экстремизмнiң өзге де көрiнiстерiне, заңсыз көшiп келуге, экономикалық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасаудың сенiмдi жүйесiн құру Негiзгi күтiлетiн құқық бұзушылықтардың әлеуметтiк нәтижелер алдын алудың тиiстi жүйесiн құру үшiн негiз қаланады; қылмысқа қарсы күрес күшейе түседі; халықтың құқықтық сана-сезiмiнiң деңгейi, олардың мемлекет пен құқық қорғау органдарына сенiмi жоғарылайды Қаржыландыру көздерi Бағдарламаның iс-шараларын iске асыруға арналған болжамды шығыстар 2288,966 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен - 1036,295 млн. теңге (2003 жылы - 564,0 млн. теңге, 2004 жылы - 472,295 млн. теңге), жергiлiктi бюджеттердің қаражаты есебiнен - 1252,671 млн. теңге (2003 жылы - 597,66 млн. теңге, 2004 жылы - 655,011 млн. теңге) Iске асырудың 1-кезең - 2003 жыл мерзiмдерi мен кезеңдерi 2-кезең - 2004 жыл Құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қоғамның тұрақты өмiр сүруiнiң және үдемелi дамуының, қазақстандық азаматтардың өмiр сүру деңгейiне лайықты жағдайлар жасаудың конституциялық шарты болып табылады. Осы мiндеттер кешенiнiң барлығын шешу мемлекеттiң ұдайы қолдауынсыз, республикалық және жергiлiктi билiк және басқару органдарының күш-жiгерiн бірiктiру мен үйлестiрусiз, мемлекеттік емес құрылымдардың, қоғамдық бірлестiктердiң және халықтың белсендi араласуынсыз мүмкiн емес. Құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестiң 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасын әзiрлеу қажеттiгi осыдан туындайды. Бағдарлама қылмысқа қарсы күрес саласында бұрын қолданыста болған бағдарламаларға қатысты сабақтастық қағидатын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi дамуының стратегиялық жоспарын, Қазақстан Республикасының 1999-2005 жылдарға арналған ұлттық қауiпсiздiк стратегиясын, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын және басқа да бағдарламалық құжаттарды iске асыру шеңберiнде дайындалды. Бағдарлама негiзiнен ведомствоаралық және үкiмет деңгейiнде шешудi талап ететiн қағидатты сипаттағы ережелерден тұрады. Бір ғана ведомстволық және аймақтық сипаттағы iс-шараларды тиiстi ведомстволық жоспарларға және аймақтық бағдарламаларға енгізу көзделедi. 3. Құқықтық тәртіп пен заңдылық ахуалын талдау Құқық қорғау және жергiлiктi атқарушы органдар қабылдайтын шараларға қарамастан, соңғы жылдары қылмысқа қарсы күресте түбегейлi өзгерiс болмай отыр. Егер елiмiзде 1999 жылы 139 мыңнан астам жалпы қылмыстар тiркелген болса, 2001 жылы 152 мыңға (+ 9,1 %) жеттi. Криминогендiк ахуал осы кезеңде ауыр және аса ауыр қылмыс түрлерінің өсуiмен күрделене түстi, олардың саны 2001 жылы 19 %-ға өсiп, яғни қылмыс 81 мыңға жуықтады. Денсаулыққа ауыр зиян келтiру, зорлау, бөтен біреудiң мүлкiн ұрлау, тонау мен қарақшылық шабуылдар саны азаймай отыр. Құқық қорғау органдары жазасыз қалдырмауды тиiстi деңгейде қамтамасыз етпейдi. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар бірдей емес. Қылмыстық топтар билiк және басқару органдарындағы сыбайлас жемқорлық байланыстарын жиi пайдаланады. Құқық қорғау органдарының қызметi әлi күнге дейiн бытыраңқы және жүйесiз сипатта болып отыр. Көбiне сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiмен байланысатын экономикалық қылмыстар кеңiнен таралған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылатын iс-шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтi біршама жандандыруға мүмкiндiк бердi. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негiзiнен ұсақ пара алушылар мен талан-таражға салушыларды анықтаумен шектелген, ал бұл жұмыстың нәтижелерi елiмiздегi сыбайлас жемқорлықтың таралуына сәйкес келмейдi. Есiрткiлердiң заңсыз айналымы мен нашақорлықтың таралу проблемасы елiмiзде шиеленiсе түсуде. Есiрткiлерге сұраныс едәуiр артып, "ауыр" есiрткiлердiң үлесi ұлғайып отыр. Есiрткiлердi пайдалануға көбiне кәмелетке толмағандар мен жастар үйiр болуда. Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң аймақтық бағдарламалары көптеген аймақтарда iске асырылмай қалып отыр. Қазақстанның шекарасына таяу жерлерде дiни экстремизм мен терроризм қаупiнiң өсуi жағдайында құқық қорғау органдары, iшкi әскерлер жеке құрамының жауынгерлiк дайындығын арттыру және тыныс-тiршілік жүйелерінің және басқа да маңызды инфрақұрылым объектiлерiнiң жұмыс iстеу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қабылданып жатқан шаралар одан әрi күшейтудi талап етедi. Заңсыз көшiп келу елiмiз қауіпсiздiгінің мүдделерiн қозғайтын үлкен проблеманың бірi болып отыр. Ауғанстан, Шри-Ланка және әскери-саяси ахуалы тұрақсыз басқа да елдердің азаматтарын Қазақстан арқылы заңсыз өткізу әрекеттері орын алуда. Заңсыз көшіп келу жолдарын жабу және олардың жолын кесу жөніндегі Iшкi iстер министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдардың күш-жiгерi әлі мардымсыз болып отыр. Бұған, ең алдымен, ведомстволардың осы саладағы iс-қимылдарының бытыраңқылығы, үйлестiру мен тиiстi заңнамалық база жеткiлiксiздiгi себеп болуда. Құқық бұзушылықтардың әлеуметтiк алдын алуды қамтамасыз етуде мемлекеттік билiк органдарының, қоғамдық ұйымдардың рөлi әлі күнге дейін төмен. Жастарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мәселелерi шешiлмеген, қадағалаусыз қалған балалар көбеюде. Қылмыстық жауапкершілiкке тартылатын кәмелетке толмағандардың жартысынан астамы оқымайды не қандай да бір жұмыспен қамтылмаған. Қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттерді жауапкершілік туындайтын жасқа жеткенге дейiн жасайтын балалар мен жасөспiрiмдер саны кемiмей отыр. Iшкi iстер органдарының алдын алу есептерiнде алкоголизмнен емдеудi қажет ететiн 160 мыңнан астам адамдар, 47 мың нашақорлар тұр. Әрбір екiншi кiсi өлтiру, әрбір қарақшылық шабуыл алкогольдiк немесе есiрткілік мас күйде жасалады. Тiркелген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың саны жалпылай төмендеп отырғанымен, (1999 жылы 5 миллион 423 мыңнан 2001 жылы 4 миллион 387 мыңға дейiн) соңғы жылдары отбасы - тұрмыстық қарым-қатынастар саласында жасалған құқық бұзушылықтардың өсу үрдiсi байқалуда. Егер 1999 жылы көрсетiлген саладағы олардың саны 195 мыңды құраса, онда 2000 жылы ол 203 мыңға, ал 2001 жылы - 234 мыңға жеттi. Сонымен қатар, алдын алу жұмыстарының деңгейi өте төмен, алкоголизммен және нашақорлықпен ауыратындарды емдеуге арналған емдеу-алдын алу мекемелерiнің саны аз, салауатты өмiр салтын насихаттау жөніндегі мақсатты жұмыстар жүргiзiлмейдi. Елiмiзде рецидивтiк қылмыс деңгейi төмендемей отыр. Алайда, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және белгiлi бір тұрғылықты жерi жоқ адамдарды әлеуметтік бейiмдеу мәселелерi қанағаттанғысыз шешілуде. 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері Бағдарламаның мақсаты: құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесiн қалыптастыру, қоғамдық тәртiптi және қоғамдық қауiпсiздiктi нығайту, бұл қызметке барлық мемлекеттік органдарды, қоғамдық құрылымдар мен халықты тарту, құқық бұзушылықтардың алдын алуды және қылмысқа қарсы күрестi қамтамасыз етуде жергiлiктi атқарушы органдардың рөлi мен жауапкершілігін арттыру; қылмысқа қарсы iс-қимыл жасау бойынша қабылданатын шаралардың тиiмділiгiн арттыру, оның ұйымдасқан нысандарына, есiрткi бизнесiне, терроризмге, экстремизмге, заңсыз көшiп келуге, экономикалық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту; заңдылық пен құқықтық тәртiптi одан әрi нығайту, азаматтардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету. Бағдарламаның мiндеттерi: құқық бұзушылықтардың, оның iшінде кәмелетке толмағандар мен жастар арасында мақсатты әлеуметтiк-құқықтық алдын алуды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және тұрғылықты жерi жоқ адамдарды әлеуметтік оңалтуды, бөтен біреудің мүлкіне қылмыстық қол сұғудың алдын алуды жүзеге асыру; қоғамдық қауiпсiздiктi, құқықтық тәртіптi қамтамасыз етуде, құқық бұзушылықтардың алдын алуда және қылмысқа қарсы күресте жергiлiктi атқарушы органдардың рөлi мен жауапкершілігiн арттыру; қылмысқа қарсы күресте азаматтардың мүдделілігiн арттыру, қоғамдық сана-сезiмнің криминализациялануын болдырмау, халықтың құқықтық мәдениетiн қалыптастыру; ұйымдасқан қылмысқа, есiрткi бизнесiне, терроризмге және экстремизмнiң өзге де көрiнiстерiне, заңсыз көшiп келуге, экономикалық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасаудың сенiмдi жүйесiн құру; құқық қорғау және арнайы органдардың қызметiн техникалық қайта жарақтандыру мен ақпараттық қамтамасыз етудi жүзеге асыру; құқық қорғау және арнайы органдардың кадр саясатын жетілдiру, олардың қызметкерлерiнiң біліктілігi мен шеберлiгін арттыру; қылмысқа қарсы күрестiң құқықтық базасын одан әрi дамыту; ұйымдасқан қылмысқа, есiрткiлердiң заңсыз айналымына, сыбайлас жемқорлық пен терроризмге қарсы күрес саласындағы қызметтi жүзеге асыратын шетел мемлекеттерiнiң құқық қорғау органдарымен және арнайы қызметтерiмен, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкiлдерiмен ынтымақтастықты кеңейту. 5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі Құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық тәртiптi нығайту 5.1. Құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету Қазiргi жағдайда қылмыстың алдын алу Қазақстандағы қылмысқа қарсы күрестiң мемлекеттік саясатының маңызды құрамдас бөлiгi болуы керек. Соңғы онжылдықта қалыптасқан қылмысқа қарсы күрестiң тек күш қолдану шараларын бағдарға алу оң нәтиже бермей отыр. Елiмiздегi криминалдық ахуалды тұрақтандыру және кейiннен әлсiрету жергiлiктi деңгейде де, республикалық деңгейде де құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиiмдi жүйесiн құрусыз, құқық қорғау органдары мен басқа да мемлекеттік органдардың халықпен байланыстарын белсендi дамытусыз мүмкiн емес. Ескерту жұмыстары мұндай байланыстардың өзiн ақтап шыққан бұрынғы, дәстүрлi нысандарын қалпына келтiрудi, сондай-ақ елiмiздiң өзгерiп отырған әлеуметтiк-экономикалық ахуалына сәйкес келетiн өзара iс-қимыл жасаудың жаңа нысандарын iздестiру мен практикаға енгізудi талап етедi. Көшелер мен қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар деңгейiн қысқарту мiндетi қызмет атқарудың нысандарын және әдiстерiн жетiлдiрудi, техникалық қадағалау мен байланыс жүйелерiн дамытуды, патрульдеу кезiнде едәуiр икемдi көлiк құралдарын және қызметтiк жануарларды белсендi пайдалануды, елдi мекендердегi қоғамдық тәртiптi сақтауды, оның iшiнде қоғамдық құрылымдар мен халықты белсендi түрде тарту есебiнен күнделiктi жүзеге асыратын күштер санын көбейтудi, моральдық және материалдық ынталандырудың пәрменді жүйесiн әзірлеуді, құқықтық тәртіпті қалыптастыруға қатысушы адамдарды құқықтық және әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етудi көздейдi. 5.2. Кәмелетке толмағандардың арасындағы қадағалаусыз қалу мен құқық бұзушылықтардың алдын алу Елiмiздегi криминогендiк ахуалдың барлық параметрлерiне болашақта ықпал етуi ескерiле отырып, кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстардың алдын алу ерекше көңiл бөлудi талап етедi. Соңғы жылдары жасөспiрiмдер ортасының криминализациялануының тұрақты өсу үрдiсi қалыптасқан, олар жасаған қылмыстардың 75 %-ы ауыр және аса ауыр қылмыстар (оның iшiнде кiсi өлтiру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, қарақшылық шабуыл) болып табылады. Кәмелетке толмағандар топтасып жасайтын қылмыстардың алдын алу өзектi проблема болып отыр. Қылмыстық қол сұғушылықтарға қатысатын кәмелетке толмағандардың жартысына жуығы оқушылар мен студенттер болып табылады. Көптеген жасөспiрiмдер құқыққа қарсы iс-қимылды алкогольдiк мас күйiнде жасаған немесе бұған дейiн қылмысты болған. Әртүрлi себептер салдарынан әлеуметтiк жетiмдiк және балалардың кезбелiкке салыну проблемасы шиеленiсе түседi. Мұндайда елiмiзде ауыр өмiрлiк жағдайға душар болған және әлеуметтiк оңалтуды қажет ететiн кәмелетке толмағандарға арналған мамандандырылған мекемелер желісін кеңейту өзектi міндет болып табылады. Алайда елiмiздің көптеген аймақтарында мұндай мекемелер жоқ. Мұндай мекемелердiң тиiстi санының болмауы мемлекет тарапынан уақытылы көмек көрсетiлмегендiктен, қадағалаусыз қалған балалардың құқық бұзушылар қатарын толықтыруда. Елiмiзде қылмыстық жауапкершiлiк туындайтын жасқа жеткенге дейін қоғамға қауiптi iс-әрекеттер жасаған жасөспiрiмдерге арналған жабық үлгідегi мамандандырылған оқу-тәрбие мекемелерi де жоқ. Жыл сайын осындай жастағы 3 мыңға жуық кәмелетке толмағандар қылмыс жасайды, олар жазалау және қайта тәрбиелеу шараларына тартылмастан жасөспiрiмдер ортасына терiс ықпал етедi. Қазiргi кезде республикада Тараз қаласындағы 150 адамға арналған жабық үлгідегi мамандандырылған жалпы білім беретiн бір ғана мектеп жұмыс iстейдi. Мұндай мекемелердің жетiспеушiлiгіне қарамастан, олардың саны көбеймей отыр. Әрбір аймақта кәмелетке толмағандарға арналған жабық үлгідегi арнайы жалпы білім беретiн мекемелердi құру кәмелетке толмағандармен жүргiзiлетiн алдын алу жұмыстарының тиiмдiлiгiн арттыруға және жасөспiрiмдер ортасындағы криминогендiк ахуалды тұрақтандыруға ықпал етер едi. Кәмелетке толмағандардың есiрткi құралдарын пайдалануға әуестену деңгейi төмендемей отыр. 3,5 мың кәмелетке толмағандар, олардың 400-ден астамы "нашақор" диагнозымен Денсаулық сақтау министрлігі мекемелерінде есепте тұр. Сарапшылардың пiкiрi бойынша нашақорлықпен ауыратындардың нақты саны ресми деректерден бірнеше есе артық. Кәмелетке толмағандарға қатысты сот әдiлдiгiн атқару мамандығын жүзеге асыруға бағытталған және бірiншi кезекте жасөспiрiмдердің қылмыс жасауына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға, сондай-ақ оларға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалау шараларын қолдануға бағдарланған ювеналды әдiлет жүйесiн енгізу бойынша Алматы қаласында және Алматы облысында өткiзілген эксперименттiң нәтижелерiн қорыту қажет.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |