<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 21 қаңтардағы № 64 Қаулысы (2023.10.11. берілген өзгерістермен)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 21 қаңтардағы № 64 Қаулысы
(2023.10.11. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2013.03.09. № 910 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Үкіметінің 2017.01.06. № 332 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.19.10. № 928 Қаулысымен (2023 ж. 10 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

  • Показать изменения

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2013.03.09. № 910 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Қоса беріліп отырған Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2013.03.09. № 910 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 21 қаңтардағы

№ 64 қаулысымен

бекітілген

  • Показать изменения


Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды
әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру
ҚАҒИДАЛАРЫ


1. Жалпы ережелер

 

  • Показать изменения

ҚР Үкіметінің 2023.19.10. № 928 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 10 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Осы Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Әлеуметтік оңалту Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен терроризм актісінен зардап шеккендер деп танылған (бұдан әрі - зардап шеккендер) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ұсынылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Зардап шеккендерді әлеуметтік оңалту қажетті тегін құқықтық көмек көрсетуді, медициналық және психологиялық оңалтуды (бұдан әрі - әлеуметтік оңалту) қамтиды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Әлеуметтік оңалтуды терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) терроризм актісі жасалған орын немесе зардап шеккендердің тұратын жерлері бойынша республикалық және жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және осы қаражат шегінде жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Шет мемлекеттің аумағында жасалған терроризм актісінен зардап шеккендер деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтік оңалту, егер халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, осы қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

  • Показать изменения

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру тәртібі

  • Показать изменения

 

  • Показать изменения

6. Әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру үшін адамдарды зардап шеккендер деп тану туралы қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысы негіз болып табылады.

  • Показать изменения

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2023.19.10. № 928 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 10 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

7. Әлеуметтік оңалу үшін зардап шегуші немесе оның атынан әрекет ететін жақын туысы (заңды өкілі) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіретін уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органына (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы) зардап шегушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмiрi (ЖСН), тұрғылықты мекенжайы және өзі қалайтын әлеуметтік оңалтудың түрі көрсетілген өтінішпен жүгінеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы екі жұмыс күні ішінде зардап шеккен адамға немесе оның атынан жүгінген жақын туысқанына (заңды өкіліне) талап етілетін әлеуметтік оңалтудың түрін алу қажет мемлекеттік органның (ұйымның) атауы, орналасқан жері, зардап шеккен адам көрінетін нақты қызметкер, қызметтік телефоны, факсының нөмірі, электронды поштасының мекенжайы (қажет болған жағдайда) көрсетілген өтінішті қарау нәтижесі туралы жазбаша жауап жолдайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9. Зардап шеккендерге құқықтық көмекті өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары кешіктірмей жазбаша, ауызша және электронды түрде жүзеге асырады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары зардап шеккендерге қажетті құжаттарды алуға көмек көрсетеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы зардап шеккен адамның құқықтық көмек алу жөніндегі өтінішінің көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органына жолдайды.

Құқықтық көмек алу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органына мынадай құжаттар ұсынылады:

1) терроризм актісінен зардап шеккен адамның жеке куәлігінің көшірмесі;

  • Показать изменения

2) терроризм актісінен зардап шеккен деп тану туралы қаулының көшірмесі.

  • Показать изменения

Жазбаша немесе электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электронды құжатпен жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары зардап шеккендерге бес жұмыс күні ішінде өтінішті қарау нәтижесі туралы жауап жолдайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органының басшысы терроризм актісінен зардап шеккендерге құқықтық көмек көрсету бойынша өткізілген іс-шаралардың қорытындысы туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органының бастығына хабарлайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12. Зардап шеккендерді психологиялық оңалту терроризм актісі(актілері) жасалған орын бойынша кешіктірілмей жүзеге асырылады және оларға тиісті бейіндегі мамандардың (психологтардың) көмек ұсынуынан тұрады.

Психологиялық оңалтуды іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы ведомствоаралық жұмыс тобын құрады.

  • Показать изменения

Ведомствоаралық жұмыс тобына терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың психологиялық қызмет бөлімшесінің мамандары мен штаттық психологтары, денсаулық сақтау ұйымдарының, халықты әлеуметтік қорғау жүйесі ұйымдарының, арнайы білім беру ұйымдарының (психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері) мамандары енгізіледі.

  • Показать изменения

Психологиялық оңалту жөніндегі ведомствоаралық топтың басшысы болып терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы бастығының орынбасары тағайындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

13. Психологиялық оңалтуды алу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органына осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген өтінішпен қоса мынадай құжаттар ұсынылады:

  • Показать изменения

1) терроризм актісінен зардап шеккен адамның жеке куәлігінің көшірмесі;

2) адамды терроризм актісінен зардап шеккен деп тану туралы қаулының көшірмесі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14. Психолог-маман зардап шеккенге психологиялық кеңес беруді жүзеге асырады және қажет болған жағдайда қалпына келтіру емі мен медициналық оңалтуды, оның ішінде балаларды медициналық оңалтуды көрсететін медициналық ұйымдарда одан әрі емделу үшін денсаулық сақтау ұйымына жүгінуді ұсынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

15. Ведомствоаралық жұмыс тобының басшысы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органының басшысына психологиялық оңалту бойынша жүргізілген іс-шаралардың қорытындысы туралы хабарлайды.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2017.01.06. № 332 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16. Денсаулық сақтау ұйымдары терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды медициналық оңалтуды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.