|
|
|
2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. 24, 25, 26-қосымшаларға сәйкес Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 24-қосымша Адам құқығы жөніндегі Ұлттық орталық Бюджеттік бағдарлама әкімгері 2003 жылға арналған 001 "Әкiмшiлiк шығындары" республикалық бюджет бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 15 750 мың теңге (он бес миллион жетi жүз елу мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын органдар қызметкерлерiнiң еңбекақыларын төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегi № 947 "Адам құқығы жөніндегі Уәкiл лауазымын бекіту туралы" Жарлығы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 992 "Адам құқығы жөніндегі Ұлттық орталықты құру туралы" Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Адам құқығы жөніндегі Уәкiлдi және Адам құқығы жөніндегі Ұлттық орталық аппараты қызметіне жүктелген бернелер мен мiндеттердi толық орындалуын қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Адам құқығы жөніндегі Уәкiл және Адам құқығы жөніндегі Ұлттық орталық аппаратын ұстау. 6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалу барысында күтiлген нәтижелер: органның үздiксiз қызметi, Ұлттық орталыққа жүктелген бернелер мен мiндеттердiң сапалы орындалуы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 25-қосымша ҚР Үкіметінің 22.12.03 ж. № 150ак қаулысымен 25-қосымша өзгертілді Адам құқығы жөніндегі Ұлттық орталық Бюджеттік бағдарлама әкімгері 2003 жылға арналған 200 "Адам құқығы жөніндегі Ұлттық орталықты материалдық-техникалық қамсыздандыру" республикалық бюджет бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 3 442 мың теңге (үш миллион төрт жүз қырық екi мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 992 "Адам құқығы жөніндегі Ұлттық орталықты құру туралы" Жарлығы. 3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Ұлттық орталықтың жүйелi жұмысы үшiн қажеттi жағдайлар жасау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: негiзгi қаражаттармен (активтермен) және басқа тауарлармен қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалу барысында күтiлген нәтижелер: Ұлттық орталыққа жүктелген бернелер мен мiндеттердi толық жүйелi және сапалы орындау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 26-қосымша Адам құқығы жөніндегі Ұлттық орталық Бюджеттік бағдарлама әкімгері 2003 жылға арналған 600 "Адам құқығы жөніндегі Ұлттық орталықты есептеу және коммуникациялық техникамен қамтамасыз ету" республикалық бюджет бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 3 540 мың теңге (үш миллион бес жүз қырық мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 992 "Адам құқығы жөніндегі Ұлттық орталықты құру туралы" Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 "Мемлекеттік аппараты қызметiн жақсарту, төрешілдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегi iс-шаралар туралы" Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жұмыс орындарын автоматтандыру, ақпараттық-анықтамалық жүйенi құру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: компьютерлiк және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету, ақпарат жүйесiн құру. 6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалу барысында күтiлген нәтижелер: Техникалық жарақтандыру, Ұлттық орталықты ақпарат жүйесiнің базасымен қамтамасыз ету, жұмысты сапалы, нәтижелi және уақытылы орындау.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |