|
|
|
2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 67-қосымша ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 67-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Бюджеттік бағдарлама әкімшісі 2003 жылға арналған "Әкімшілік шығыстар" 001 республикалық бюджеттік бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 4199778 мың теңге (төрт миллиард бiр жүз тоқсан тоғыз миллион жетi жүз жетпiс сегіз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурызындағы "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік бюджет есебiнен қамтамасыз етiлетін Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiнiң еңбегіне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 21 қазандағы "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінiң мәселелерi" атты № 1578 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 1 сәуірдегі № 314 "Штаттық сан лимиттерін бекіту туралы" қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратына және шетелдегі мекемелерiне жүктелген функциялардың барынша тиiмдi орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына (Женева қаласындағы Штаб-пәтерi) кіруінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі өкілінің аппаратын ұстау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: шетел мемлекеттерiмен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарда Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының, Қазақстан Республикасы өкiлдiгiнiң тұжырымдамалары мен негiзгi бағыттарын әзiрлеу. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң орталық аппараты және басқа елдердегi аппаратын (елшiлiктер, өкiлдiктер, дипломатиялық миссиялар) қаржыландыру, сондай-ақ Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына кiру мәселелерi жөніндегі Женева қаласындағы Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң өкiлiн қаржыландыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: орталық аппаратына және бacқa елдердегі Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі органдарының аппаратына (елшiлiктер, өкiлдiктер, дипломатиялық миссиялар), сондай-ақ Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына кiру мәселелерi жөніндегі Женева қаласындағы Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінiң өкiлiне жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындалуы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 68-қосымша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Бюджеттік бағдарлама әкімшісі 2003 жылға арналған "Өткен жылдардың мiндеттемелерiн орындау" 006 республикалық бюджеттік бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 201894 мың теңге (екi жүз бiр миллион сегiз жүз тоқсан төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 мамырдағы "Бельгия Корольдiгіндегі Қазақстан Республикасының Елшiлiгiн орналастыру үшiн Брюссельде Қазақстан Республикасының меншiгiне ғимарат сатып алу туралы" № 893 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 9 қазандағы "Вашингтонда (Колумбия округi) АҚШ Қазақстан Республикасының меншiгiне жылжымайтын мүлiк объектiлерiн сатып алу туралы" № 1431а қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 9 тамыздағы № 1222-73 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Республикалық бюджеттiң мақсаты: Қазақстан Республикасының меншiгiне шет елде бұрын сатып алынған жылжымайтын мүлiктер үшiн қарыздарды өтеу. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының өз меншiгiне Америка Құрама Штаттарында, Ұлыбритания Бiрiккен Корольдiгi мен Солтүстiк Ирландияда, Бельгия Корольдiгiнде жылжымайтын мүліктер сатып алу жөніндегі өткен жылдардағы мiндеттемелерiн орындау. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: Ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер бойынша төлемдердi уақытылы өтеу. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 69-қосымша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Бюджеттік бағдарлама әкімшісі 2003 жылға арналған "Кадрлардың біліктілігiн арттыру және қайта даярлау" 010 республикалық бюджеттік бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 21672 мың теңге (жиырма бiр миллион алты жүз жетпiс екi мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы "Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" № 550 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 10 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң Дипломатиялық академиясын құру туралы" № 1102 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 24 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігінiң "Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық университетi" мен "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң Дипломатиялық академиясы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы" № 1589 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 21 қазандағы "Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінiң мәселелерi" атты № 1578 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Халықаралық қатынастар саласындағы жоғары біліктi мамандармен қамтамасыз ету және орталық аппарат қызметкерлерiнiң біліктілігiн арттыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Төтенше және Өкiлеттi Елшiлердiң және халықаралық қатынастар саласындағы қызметкерлердiң біліктілігi мен даярлығын арттыру және орталық аппарат қызметкерлерiнiң біліктілігiн арттыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтілетiн нәтижелер: сыртқы саяси қатынастар саласындағы біліктi мамандар деңгейiн көтеру, кәсiби даярланған және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында өздеріне жүктелген функцияларды тиімді орындап жүрген қызметкерлер қатарының өсе түсуi. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 70-қосымша ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 70-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Бюджеттік бағдарлама әкімшісі 2003 жылға арналған "ТМД-ның жарғылық және басқа да органдарына қатысу" 030 республикалық бюджеттік бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 244259 мың теңге (екі жүз қырық төрт миллион екi жүз елу тоғыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: 1991 жылғы 21 желтоқсандағы "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығын құру туралы" Алматы Декларациясы, 1992 жылғы 6 шілдедегі "Экономикалық Сот жөніндегі Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы" ережесi ТМД мемлекет басшылары Кеңесінiң келісімі, 1996 жылғы 12 көкектегі "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығын ?кіметаралық статистикалық комитеті жөніндегі Ереже туралы" үкiмет басшылары Кеңесiнiң шешімі, 2001 жылғы 29 қарашадағы "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден бюджеттік қаражаты есебiнен қаржыландырылатын ТМД органдарының бiрыңғай бюджетi туралы" шешімі, 2001 жылғы 14 қыркүйектегі Үкiметаралық Кеңестiң "Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың 2002 жылға арналған бюджетi туралы" шешімі, 2002 жылғы 25 наурыздағы Парламентаралық Ассамблея Кеңесiнiң "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының қызметін қаржыландыру туралы" қаулысы, 1993 жылғы 2 наурыздағы ТМД мемлекет басшыларының "Мұнай және газ жөніндегі Мемлекетаралық Кеңесiн құру туралы" келісiмі, 1994 жылғы 9 қыркүйектегі ТМД мемлекет басшыларының "Химия және мұнайхимия жайындағы ынтымақтастық туралы" келісімі, 1997 жылғы 28 ақпандағы Орталық Азия мемлекет басшыларының "Аралды қорғау Халықаралық қаражат қорын құру туралы" шешiмi, ТМД мемлекет басшылары Кеңесiнiң "2001-2005 жылдарға Мемлекетаралық соғыс ардагерлерiне, локальдық қақтығыстарға және терроризм құрбандығына қатысқандарға жинақтық бағдарлама туралы" шешiмi, 2001 жылғы 15 маусымдағы "Шанхай ынтымақтастық ұйымын" құру туралы Декларация, 2001 жылғы 8 қарашадағы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң № 1418 "Еуразиялық экономикалық қауымдастықтағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкiлiн және оның аппаратын материалды-техникалық жабдықтау және қаржыландыру сұрақтары" қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 желтоқсандағы "Б.С. Сарсеков туралы" № 1302 қаулысы, "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы органдары жанындағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң тұрақты өкiлеттi өкiлдерiнiң болуы мен қызметiне арналған шығыстарды қаржыландыру тәртібі туралы" ТМД үкiметтерi басшылары Кеңесiнiң 2002 жылғы 30 мамырдағы шешiмi. 3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтiк, экологиялық және ғылыми-техникалық мәселелердi шешудiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында ТМД мемлекеттерiмен ынтымақтастығын нығайту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ТМД-ның жарғылық және өзге де органдарын ұстауға және Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкiлi мен оның аппаратын ұстауға арналған Қазақстан Республикасының кiру және үлестiк жарналарын төлеу. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтың мүшесi ретiнде аймақтық және ғаламдық проблемаларды шешуге қатысуы, ТМД мемлекеттерiмен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстарды дамыту. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 71-қосымша ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 71-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Бюджеттік бағдарлама әкімшісі 2003 жылға арналған "Халықаралық ұйымдарға қатысу" 031 республикалық бюджеттік бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 857944 мың теңге (сегiз жүз елу жетi миллион тоғыз жүз қырық төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 31 қазандағы "Қазақстан Республикасының Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы Жарғысына қосылуы туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы "Қосымша хаттаманың Дүниежүзiлiк почта одағы Жарғысына бекітілуi туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 13 маусымдағы "Дүниежүзiлiк еңбек ұйымы Конвенциясының бекітілуi туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының жабайы флора және фауна сипаттағы халықаралық сауда Конвенциясына қосылуы туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы № 197 "Бiлiм, ғылым және мәдениетке байланысты мәлiметтердi және оларға хаттамаларды тасып әкелу Келісімiн бекіту туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 24 маусымдағы "Химиялық қаруды iстеуге, өндiруге, жинақтауға және пайдалануға тыйым салу және оны құрту жөніндегі Конвенцияны бекіту туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы № 240 "Экономикалық ынтымақтастық Ұйымының, ел-мүшелерiнiң өкiлдiктерi мен халықаралық қызметкерлердiң заңды мәртебесi жөніндегі Келісімдi бекіту туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 қазандағы "Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының транзиттiк сауда жөніндегі 1995 жылдың 15 наурызында Исламабадта қол қойылған Келісімін бекіту туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 10 сәуірдегі № 176 "Қазақстан Республикасы Үкіметі мен БҰҰ Балалар қоры арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Негiзгi келісімдi бекіту туралы" Заңы, "Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шiлдедегi "БҰҰ босқалғанмен күресу Конвенциясын бекіту туралы Заңы, 1997 жылғы 30 қазандағы "Қазақстан Республикасының озон қабаттарын қорғау жөніндегі Вена Конвенциясына қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, 1995 жылғы 18 қазандағы № 2537 "Энергетикалық Хартия және Энергетикалық Хартияның энергетикалық тиiмдiлiкпен пен экологиялық аспектілермен бiрге жүру Шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2344 "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық атомдық энергия және ядролық қаруды таратпау шарты жөніндегі байланыс гарантын пайдалану агенттiгi туралы Келісімдi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, 1995 жылғы 4 мамырдағы № 2260 "БҰҰ климат өзгерiстерi жайындағы рамалық конвенциясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, 1993 жылғы 20 шiлдедегi № 629 "Қазақстан Республикасының Дүниежүзiлiк қылмыстық полициясына кiруiне байланысты iс-шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы, 1994 жылғы 4 наурыздағы № 244 "Қазақстан Республикасының Халықаралық теңiз ұйымы қамқорлығымен қабылданған теңiз ұйымы конвенциясына қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы, 1994 жылғы 13 мамырдағы № 506 "Қазақстан Республикасының халықаралық азаматтық авиациясы қамқорлығымен қабылданған халықаралық конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы, 1994 жылғы 25 наурыздағы № 26-15/2164 "Халықаралық эпизоотикалық бюроға кiру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы, 1993 жылғы 13 сәуірдегі № 296 "Дүниежүзiлiк Метеорологиялық Ұйымы Конвенциясына қосылу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы, 2001 жылғы 25 тамыздағы № 1103 "Қазақстан Республикасы Үкіметі мен БҰҰ білім, ғылым және мәдениет, ежелгi Отрар қаласын сақтап қалу, консервациялау жобасы жайындағы сұрақтарын қорытындылау Келісімi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қаулысы, 1997 жылғы 7 шiлдедегi № 1067 "Қазақстан Республикасы Президентінің Түркiтiлдес мемлекеттер басшыларының Ташкенттiк Декларациясын iске асыру ЮНЕСКО жобасын және Дүниежүзiлiк Саяхат құрылымының Қазақстан Республикасында, Ұлы Жiбек жолында саяхат инфрақұрылымын ұйымдастыру шарттарын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қаулысы, 1995 жылғы 24 мамырдағы № 737 "ТЮРКСОЙ-дың құрылымы және жұмыс iстеу қағидалары жөніндегі Шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы, 1993 жылғы 25 маусымдағы № 538 "Тәуелсiз Мемлекеттер Достығының Парламентаралық Одағына кiру туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Советiнiң қаулысы, 1994 жылғы 19 тамыздағы № 918 "Қазақстан Республикасының биологиялық әртүрлi және оның алған мiндеттемелерiнiң орындалуын ұйымдастыру Конвенциясын мақұлдауы жөніндегі" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы, 1991 жылғы 21 желтоқсандағы "Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мүшелiгi туралы" Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының шешiмi, 1992 жылғы 2 наурыздағы "Қазақстан Республикасының БҰҰ мүшелiгiн растау туралы" БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының 46 қарары, 1992 жылғы 15 маусымдағы № 10921 "Дүниежүзiлiк Таможнялық Ұйымға кiру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің хаты, "Дүниежүзiлiк Почта Одағына кiру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің арызы, "Халықаралық электрбайланыс одағына кiру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің арызы, 1992 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының мүшелiгiн растайтын ЮНЕСКО нотасы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |